Welcome
QYZYLORDA STEM SCHOOL
QYZYLORDA STEM SCHOOL
STEM білім берудің негізгі аспектілері:
✔️ Пәнаралық көзқарас: Физиканы (ғылымды) оқығанда физикалық процестерді модельдеу үшін бағдарламалауды (технологияны) қолдануға болады, ал математика дәл есептеулерге көмектеседі.
✔️ Жоба жұмысы және мәселені шешу: Білім алушылар жоба қорғау арғылы практикалық мәселелерді шешеді. Бұл әдіс сыни ойлауды, шығармашылықты, топтық жұмысты және шешім қабылдауды дамытуға көмектеседі.
✔️ Инновация және технология: Оқытуда заманауи технологияларды (бағдарламалау, робототехника, 3D басып шығару және т.б.) пайдалануға мүмкіндік беру.
✔️ Болашақ мамандықтарға дайындық: Ғылым, технология, инженерия және математика (STEM) мамандарына сұраныс артып келе жатқандықтан, STEM білім алушыларға инновациялық салалардағы жұмысқа дайындалуға көмектеседі.
✔️ XXI ғасыр дағдыларын дамыту: STEM бағдарламасы шығармашылық, коммуникация, ынтымақтастық және аналитикалық ойлау сияқты негізгі құзыреттердің дамуына ықпал етеді.
✔️ Ғылымға деген қызығушылықты ояту: STEM маңызды аспектілерінің бірі білім алушыларды осы салалардағы білімдердің нақты өмірде қалай қолданылатынын көрсету арқылы ғылым мен технологияны өз бетінше меңгеруге ынталандыру болып табылады.
✔️ Болашақ кәсіби мансапты жоспарлауға қолдау көрсету
✔️ Түлектерге Қазақстанның және етелдің жетекші
✔️ IT университеттеріне грантқа тусуге көмектесу.
✔️ 10-11 сынып оқушыларын физика-математика, информатика-математика, биология-химия бағыттары бойынша ҰБТ-ға дайындау.
✔️ Университетке түсер алдында талапкерлер портфолиосын қалыптастыруға көмектесу.
✔️ Облыс бойынша жаңа үлгідегі IT және физика, химия, биология лабораториялары-мен толықтай жабдықталған, заманауи негізгі білім ордасы
✔️ IT және STEM бағыттары бойынша 10-нан аса үйірмелер
Байланыс деректері:
Телефондар
8-7242-27-62-33
mektep1.1@mail.ru
Мекен-жай
Қызылорда қаласы
Әуезов көшесі, 11