ҚҰТЫРУ

Құтыру ауруынан сақтаныңыздар!

Құтыру –орталық жүйке жүйесізақымдануының күшеюімен сипатталатын, адамдар мен жануарлар үшін өлімге әкелетін жіті жұқпалы ауру.Құтыру вирусы табиғатта жабайы хайуанаттар арасында айналымда болады (түлкі, қасқыр, қарсақ, кеміргіштер), сонымен қатар үй жануарлары арасында да (ит, мысық, сиыр, қой, жылқы, түйе т.б.). Үй жануарлары ауырған жабайы аңдармен жанасу кезінде жұқтырады.Ауру жануарлардың (хайуандардың) сілекейі арқылы жарақаттанған теріге түскен жағдайда жұғады, одан әрі орталық жүйке жүйесін зақымдайды да, бас пен жұлын миында жинақталып көбейеді, сілекей бездерімен сыртқы ортаға бөлінеді.Шымкент қаласында 2021 жылы адамдар арасында құтыру ауруы тіркелмеді. Қала бойынша жануарлардан  жарақат алып, медициналық көмекке жүгінген 2746 адам тіркелді, 2020 жылмен салыстырғанда жарақаттанғандардың саны 7,4 пайызға төмендеген (2020ж.-2909 жағдай).2021 жылы жануарлар арасында 2 құтыру ауруының ошақтары Абай мен Еңбекші аудандарында тіркеліп, ал 2022 жылға жануарлар арасында 1 құтыру ауруының ошағы Абай ауданында тіркелді. Өз кезегінде құтыру аурушаңдығы жануарлар арасында да қолайсыз жағдай тудыруда.Шымкент қаласының тұрғындарына қаламен шекаралас Түркістан облысы, Төлеби(Киелітас, Зертас, 1-Мамыр елді мекендері), Сайрам (Қасымбек Датқа, Көмешбұлақ, Бірлік е/м), Қазығұрт (Өгем, Абай, Рабат е/м), Ордабасы (Қараспан, Көкарал, Дихан е/м) аудандарының таулы аймақтарына барған жағдайда, жабайы аңдар мен иесіз қаңғыбас ит, мысықтардан сақтануды, жақын қарым-қатынасқа түспеуді ескертеді.Үй жағдайында ұстайтын ит, мысықтарды ветеринар мамандарға көрсетіп, құтыруға қарсы екпелерін алдырып, ветеринарлық паспортының болуынаназар аударыңыз.Сонымен қатар, үй жағдайында иттерді байлауда ұстауды сұраймыз. Құтыру ауруын қалай жұқтырады?      Адам мен жануарлар құтырумен ауырған жануардың тістеуі, сілекейлеуі арқылы жарақатталған тері мен шырышты қабықшалармен енуі арқылы ауруды жұқтырады. Құтыру сілекей арқылы беріледі. Әсіресе бастан және қол саусақтарынан жарақат алған жағдайлар өте қауіпті.  Құтыру ауруының емі жоқ! Алайда алдын алуға болады. Құтырған немесе оған күдікті деген жануарлардан жарақат алған адамдарды сақтап қалудың бірден-бір жолы - антирабикалық вакцина және антирабикалық иммуноглобуллин егу. Құтырудың алдын алу мақсатында жануардан жарақатталып, тістелінген, тырналынған және сілекейленген  жағдайда адамдардың барлығы құтыруға қарсы екпе курсын алу үшін тұрғылықты жері бойынша медициналық мекемелерге медициналық  көмекке қаралуы керек. Жануарлардан зардап шеккен адамдар бірінші кезекте жарақат алған жерді сабынды сумен мұқият жуып, жарақаттың айналасын 70%-дық спиртпен немесе 5,0%-дық йод ерітіндісімен залалсыздандырып, дәрігерлік көмекке қаралғанға дейін алғашқы көмек дер кезінде көрсетілуі керек. Егер белгілі иттен немесе мысықтан жарақат алса, жануарды мал дәрігеріне көрсету керек.Мал дәрігері жануарды 10 күндік бақылауда ұстап, сау болса, анықтама береді. Жарақаттаған иттенқұтылуға болмайды. Жарақаттанған адамға осы аралықта 3 рет егу тағайындалады (0,3,7 күндері). Ал егерде жарақаттаған жануар қашып кетіп, табылмаса, белгісіз болса немесе өліп қалған жағдайда 5 рет егу  тағайындалады  (0,3,7,14,28 күндері).Қалада жануарлардан  жарақат алғанадамдарға антирабикалық көмек №2 қалалық ауруханада жүргізіледі, мекен жайы: Жандосова көшесі, №92 үй.Құтыруға қарсы екпе тегін егіледі!Сондықтан мінезінде өзгерістер байқалған жануарларды қамау керек, балаларды күдікті жануарлардан аулақ ұстап, дер кезінде мал дәрігерін шақыру керек. Ит, мысық асырауүшін мал дәрігеріне көрсетіп, кеңес алып, тіркеп, құтыру ауруына қарсы вакцина ектіру керек.Иесіз қаңғыбас иттерді ұстайтын қалада 4 топ құрылған, иесіз қаңғыбас иттерді байқаған жағдайда, 24-75-35байланыс телефонына хабарласып, арнайы мамандардың көмегімен жойғызу керек.

Осторожно, бешенство!

Бешенство - острое инфекционноезаболевание животных и человека, характеризующиеся поражением центральной нервной системы, со смертельным исходом для человека и животного.
Вирус бешенства циркулирует в природе среди диких животных: лисиц, волков, шакалов, грызунов, а также среди домашних животных: собак, кошек, выделяющих вирус  со слюной. Болеют также коровы, бараны, лошади, верблюды и т.д. Домашние животные заражаются при контакте с зараженными дикими животными.При укусах и ослюненииживотными вирус проникает через поврежденные кожные покровы в нервные стволы головного мозга, размножаются там и накапливаются, через слюнные железы выделяется во внешнюю среду.
В 2021 году по городу Шымкентслучаев заражения бешенством среди людей не зарегистрировано. Зарегистрировано с укусами животных 2746 человек, обратившихся за медицинской помощью, по сравнению с 2020 годом отмеченоснижение на 7,4%. (2020г.- 2909 случаев).
В 2021 году зарегистрировано 2 случая бешенства среди животных в Абайском и Енбекшинском районах города Шымкент.
С начала 2022 года зарегистрирован 1 случай бешенства среди животных в Абайском районе города Шымкент.В свою очередь, бешенство вызывает неблагоприятную ситуацию среди животных.
Жителей города Шымкентпредупреждаем остерегаться диких животных и бродячих собак и кошек при нахождении в горных районах Туркестанской области: Толебийского (населенные пункты Киелітас, Зертас, 1-Мамыр),Сайрамского (населенные пункты Касымбек Датка, Комешбулак, Бірлік), Казыгуртского (населенные пункты Угам, Абай, Рабат), Ордабасинского (населенные пункты Караспан, Кокарал, Дихан) районов, граничащих с городом, и не вступать в тесный контакт с животными. Собак и кошек, содержащихся дома, показать ветеринару, привитьих от бешенства и получить ветеринарный паспорт. В домашних условиях необходимо держать собак на привязи.
Как передается бешенство?
Заражение животных и человека происходит при укусе и ослюнении поврежденной кожи и слизистых оболочекбольным (бешеным) животным.
Вирус бешенства передается со слюной.Особенно опасны укусы в голову и кисти рук.
Бешенство не излечимо! Однако, его можно предупредить, если сразу после укуса обратиться к врачу, где пострадавший получит курс антирабического лечения.
До обращения к врачу, пострадавшему должна быть немедленно оказана первая помощь, которая включает в себя местную обработку раны (как можно раньше). Раневую поверхность нужно обильно промытьмыльной водой (детергентом), а края раны обработать 5%-ной настойкой йода.
Кроме того, при получении любых ослюнений, повреждений кожи от домашних животных (известных) необходимо вести ветеринарное наблюдение за животным в течении 10 дней. Ни в коем случае нельзя избавляться от животного нанесшее травму. В период наблюдения за животными,укушенному вводится  антирабическая вакцина 3 раза - 0,3,7-й дни.Если животное здоровое, то выдают ветеринарную справку. Если нанесшие укусы дикие илинеизвестные животные, атакже известные домашние животные пали, заболели или пропали антирабическая вакцина вводится  5  раз - 0,3,7,14,28-й дни.
В городе пострадавшим от укусов животных антирабическую помощь можно получить в городской больнице №2, расположенной по адресу: ул.Жандосова дом №92.
Прививки от бешенства проводятсябесплатно!
В случае изменения характера животного, нужно стараться держаться подальше от него, особенно ограничить контакт с детьми, срочно изолировать животное, и как можно скорее вызвать ветеринарного врача. В случае заведениясобак и кошекнеобходимо показать ветеринарному врачу, зарегистрировать и вакцинировать домашнее животное. 
В городе Шымкент работают 4 бригады по отлову бродячих собак, контактный телефон: 24-75-35, бродячих собак необходимо уничтожить с помощью специальных специалистов. 
Ваше здоровье – в ваших руках!