Пікірлер
«Қосымды мен жақсы білдім. Екеуміздің қарым - қатынасымыз жай жолдастықтан гөрі де жақын болды. 1899 жылы бала кезімде көпес Деровтың Павлодардағы бас кеңсесіне қызметке тұрдым. Қосым да сонда істеуші еді. Оның міндеті: дала кезіп, кен іздеп тапқанын маған айтатын. Мен оны тиісті журналға тіркейтінмін. Одан кейін Деров оларды өз атынан тиісті жерлерге мәлімдеп жататын»
Дмитрий Багаев фотограф және өлкетанушы.
Павлодар облыстық өлкетану архивінен
«Қосым Пішенбаев - Екібастұз көмірін алғаш ашқан адам. Тұрағы –Баянауыл. Қаржас ішінде Мойылтон деген рудан шыққан. 1844 жылы Қызылтауда дүниеге келген. Геологтық білімі жоқ. Бірақ елде «тас тілін білгіш» деп бағаланған. Өңірде «Қосым сайы», «Қосым үңгірі», «Қосым тауы» деген жерлер бар...»
Қалмұқан Исабай, майдангер - жазушы
«Өткен ғасырда Том қаласынан «Золотопромышленники и горное дело» деген журналдың 1900 жылы шыққан 10 cанындағы сол кездегі Екібастұздың схема-картасы шыққан. Оны сызған А.Мейстер. Сонда Қосымның аты үш жерде аталады. Сол жақ төменгі жағына нөмірленген 50 нүкте бар. Оның астына «Қосымның барлау линиясы» деп жазылған. Бұл яғни Қосым Екібастұз көмірінің запасын белгілеуге әрекет жасады деген сөз»
Ә.Марғұлан, академик
«Қосым апаны өте кең түрде өте кең түрде қазылған болатын және пластаның барлығы осы жерде дәлелденді. Мұны қазған уақытта әуелі қоқысқа кездеседі. Алайда, тек Қосымның табандылығының арқасында ғана қоқыстан өтіп нағыз көмірге кездескен».
Александр Мейстер. Транссібір теміржолы құрлысының бас геологы
«Геологическое исследование и разведочные работы по линий Сибирской железной дороги» (Том қаласы, 1898жыл, 9-шы саны).