6-тақырып.
ПРАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР
6-тақырып.
ПРАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР
1-тапсырма
«Еліміздегі ең ірі көлдер» тақырыбында берілген шағын мәтінде көлдер жайлы деректер келтірілген. Бірақ мәтіннің авторы осы көлдердің ауданын жазуды ұмытып кетіпті. Автордың берген мәтініндегі сөйлемдердің орналасуын бұзбай, көлдердің ауданын нұсқама (сноска) арқылы кірістір.
2-тапсырма
«Наурыз» мерекесі – ежелгі қазақ даласын мекендеген түркі тілдес халықтарға тән тарихи-рухани сабақтастығымызды білдіретін мейрамдардың бірі. Тапсырма: Гиперсілтемелерді пайдаланып, интернеттегі сайттардан «Наурыз» мерекесіне арналған мәтін, суреттер алып, Word-та электронды кітап құрастыр. Авторлық құқықты сақта.
3-тапсырма
«Гиперсілтемелер» тақырыбындағы рефераттың құрылымын 1-кесте бойынша жоспарлап, қағазға түсір.
РЕФЕРАТПЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ 7 НЕГІЗГІ КЕЗЕҢ
№
Негізгі кезең атаулары
1
2
3
4
5
6
7
Дайындық кезеңі
Рефераттың құрылымы
Рефератты рәсімдеуге қойылатын талаптар
Рефератта дәйексөздерді (цитата) қолдану
Қорытынды бөлім
Рефераттағы әдебиеттер тізімін жазу үлгісі
Пайдаланылған әдебиеттер
4-тапсырма
Өткен тақырыптардың бірінде «Қызыл кітап» электрондық жобасы бойынша практикалық жұмыс жасаған болатынсың. Жеке-жеке файлда орналасқан өзің таңдаған жануарлар мен өсімдіктер жайлы деректерді бір файлға жинақта. Файлға «Жануарлар мен өсімдіктер» деген атау бер. Осы файлда әр жануар немесе өсімдік жайлы деректерді жеке-жеке беттерге сақта. Оглавление (Мазмұны) батырмасын пайдаланып, «Жануарлар мен өсімдіктер» файлының мазмұнын автоматты түрде құрастыр.