4-тақырып.
МАЗМҰНЫ
4-тақырып.
МАЗМҰНЫ
Көлемді құжат әзірлеген кезде, оқырманға пайдалануға оңай болу үшін оның мазмұнын жасап беру керек. MS Word-та мазмұнды қолмен де, автоматты түрде де құруға болады. MS Word-та құжаттың мазмұнын Ссылки (Сілтеме) қосымшасында орналасқан Оглавление (Мазмұны) тақтасының командаларымен орындалады. Бұл командаларды пайдаланған кезде, құжаттың мазмұнын өзгерткен жағдайда, мазмұны да автоматты түрде өзгеріп отырады.
Оглавление (Мазмұны) – тұтас бір туындының (кітап, оқулық және т.б.) тарауы, бөлімі, параграфы, тақырыпшасы немесе басқа да жекелеген бөліктерінің тізімі. Оглавление (Мазмұны) кітаптың басында немесе соңында бөлімдер басталатын бетті көрсете отырып беріледі.
Оглавление (Мазмұны) әр құжатқа жеке жасалады, оқулықта, оқуәдістемелік нұсқаулықта және т.б. Ал Содержание (Мазмұны) бірнеше құжаттан, яғни бірнеше шығармалардың тақырыбы мен олардың бөлімдерінің атауларынан тұруы мүмкін.
Содержание (Мазмұны) – жинаққа енгізілген бірнеше шығармалардың орналасқан беттерін көрсететін тізім.
Сурет 1 - Құжатқа мазмұнын қосу
Сурет 2 - Мазмұны сұхбат терезесі
MS Word-та шығарманың мазмұнын жасау үшін құжаттың басына бір бос бет кірістіру керек. Сілтеме қосымшасындағы Оглавление (Мазмұны) тақтасындағы Оглавление (Мазмұны) командасын (1-сурет) орындау арқылы мазмұнын жасауға көмектесетін сұхбат терезесін ашамыз (2-сурет).
Оглавление (Мазмұны) сұхбат терезесінде мазмұнның параметрлерімен жұмыс жасауға болады (2-сурет).
Ескерту. Құжат мазмұнын автоматты түрде жасаған кезде мәтінде қайсысы тақырып, қайсысы тақырыпша екендігін көрсету қажет. Тақырып пен тақырыпшаның толық мәтінін ерекшелеп алып, Главная (Басты) / Стиль командаларын орындап, қажетті тақырыптың деңгейін таңдау керек. Мазмұнды Встроенные стили заголовков (Тақырыптардың кірістірілген стилі) немесе Пользовательские стили (Пайдаланушылар стилін) қолданып жасауға да болады. Тақырыптардың кірістірілген стилі – мазмұнды автоматты түрде жасауға мүмкіндік беретін дайын үлгілер, ал пайдаланушылар стилі – пайдаланушылар жасаған үлгілер. Пайдаланушылар стилінің көмегімен мазмұн жасау кезеңін қарастырайық.
Мазмұнын құру кезеңдері
1. Құжатқа мазмұн кірістіретін орынға тінтуірмен шерту.
2. Ссылки (Сілтеме) қосымшасының Оглавление (Мазмұны) тақтасындағы Оглавление (Мазмұны) командасын орындап, Оглавление (Мазмұны) сұхбат терезесін ашу.
3. Сұхбат терезесінде орналасқан Параметр... батырмасын басып, мазмұнның параметрлерін өзгерту.
4. Қолжетімді стиль тобынан құжаттағы тақырыптарға пайдаланылған стильді таңдау.
5. Тақырыптың стиліне қажетті деңгейді көрсету үшін Уровень (Деңгейі) өрісіне 1-ден 9-ға дейінгі санды енгізу
Мазмұнға қосылатын әр тақырып стилі үшін 4-ші және 5-қадамдарын қайталау керек. Құжат мазмұнын құруды аяқтау үшін ОК батырмасын басамыз. Автоматты түрде мазмұн құрудың алдында құжат мәтінінің тақырыптары мен тақырыпшаларын анықтап алу қажет. Ол үшін құжаттағы тақырып немесе тақырыпша мәтінін ерекшелеп, Главная (Басты) қосымшасының Стиль тақтасындағы қажетті тақырып деңгейін таңдау керек (3-сурет).
Үлгі тақырыпты таңдап алған соң, (4-сурет, 1-әрекет), Формат по образцу (Үлгі бойынша пішім) батырмасын басып (4-сурет, 2-әрекет), жаңа тақырып бойынша белгілеп, таңдалған стильді орнатамыз.
Сурет 3 - Мазмұнның тақырыбы мен тақырыпшасы
Сурет 4 - Мазмұн тақырыпшаларының үлгі бойынша пішімі
Мәтіннің барлық тақырыптары мен тақырыпшаларын қосқаннан кейін, мазмұн бөлімін құрамыз. Бұл үшін, MS Word құжатындағы мазмұнды орналастыратын орынға тінтуірмен шертіп, Ссылки (Сілтеме) / Оглавление (Мазмұны) командаларын орындаймыз. Ашылған тізімнен мазмұнның қажетті пішімін таңдаймыз (Автоматты жинақталған мазмұн 1 немесе Автоматты жинақталған мазмұн 2), сонда мазмұн құжаттағы көрсетілген орнына қосылады (5-сурет).
Мазмұн құру жұмысын аяқтау үшін құжаттың мазмұнын жаңарту қажет. Ол үшін, мазмұнды ерекшелеп, Обновить таблицу (Кестені жаңарту) батырмасын басамыз (6-сурет). Егер тақырыптардың құрамы мен мәтіні өзгермесе – Обновить только номера страниц (Бет нөмірлерін ғана жаңарту) командасын таңдаймыз. Егер тақырыптар қосылған, жойылған немесе өзгертілген болса, онда Обновить целиком (Толығымен жаңарту) командасын таңдау керек.
Сурет 5 - Мазмұнның пішімін таңдау
Егер өзіміз қалаған мазмұнды құрай алмаған жағдайда, оны ерекшелеп алып, Ссылки (Сілтеме) / Оглавление (Мазмұны) / Удалить оглавление (Мазмұнын өшіру) командасы арқылы өшіруге болады. Содан кейін мазмұнын қайта құру қажет. Егер құрастырған мазмұнымыз сәтті шыққан жағдайда Ссылки (Сілтеме) / Оглавление (Мазмұны) / Сохранить выделенный фрагмент в коллекцию оглавлений... (Ерекшеленген фрагментті мазмұнының топтамасында сақтау...) командасы бойынша сақтауымызға болады.
Сурет 6 - Мазмұнды жаңарту
Венн диаграммасы бойынша автоматты түрде жасалған және қолмен жасалған мазмұндардың ұқсастығы мен айырмашылықтарына талдау жасаңдар.
Алған білімдеріңе сүйене отырып, «Информатика» пәнінің жұмыс дәптерінің мазмұнын жаса.
Пікір алмасу! «Құжат немесе кітап не туралы екенін білу үшін мазмұны қажет». Ойларыңды ортаға салыңдар.
1. Мазмұны дегеніміз не?
2. Мазмұнның қандай түрлерін білесің?
3. Мазмұнды қандай стильдердің көмегімен жасауға болады?
4. Пайдаланушылардың стилі бойынша мазмұнды қалай жасауға болады?
5. Жасалған мазмұнды қалай өшіруге болады? Өзің жасаған мазмұнды басқа құжаттарға пайдалану үшін сақтап қоюға бола ма?
1-тапсырма
«Спорт», «Музыка», «Әдебиет», «Мәдениет», «Өнер», «Кино», «Туризм» тақырыптарының бірін таңда. Таңдап алған тақырыбың бойынша оның мазмұнын әзірле.
2-тапсырма
Мазмұнын жасаудың ең қарапайым тәсілі – тақырыптардың кірістірілген стилін пайдалану. Microsoft Word-та тақырыптардың тоғыз түрлі кірістірілген стилі берілген: «Тақырып 1» – «Тақырып 9». Мазмұн элементтерінің деңгейін мәтіннің жекелеген бөліктеріне енгізуге болады. 1-тапсырмада жасалған мазмұнның бірнеше кірістірілген стилін қолдан.
1-тапсырма
Оқулықтан «Информатика» пәні бойынша өткен тақырыптардың бірін таңда. Тармақшаларға бөліп, оның мазмұнын жаса және оған атау бер. Не себепті солай атағаныңды түсіндір.
2-тапсырма
Төмендегі интерактивті тапсырманы орындап шық.