Тарихы

Майкөбе көмір кеніші 1825 жылдан бері өнім шығаруда. Өндіріс орындарында өндірілген алтын, күміс, мыс өнімдерін өңдеуде кеніштің көмірі кеңінен пайдаланылды. 1950-1960 жылдары Майкөбе көмір бассейнінде жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде бассейн аймағында ірі кен орындары ашылды. Ең ірісі – Шөптікөл кен орны. 1982 жылы кен орны «Екібастұз көмір» өндіріс бірлестігіне қосылып, 4 ірі кен орнының бірі болды. 1996 жылы «Екібастұз көмір» МАҚ-ы 4 ірі көмір өндіру кәсіпорнына бөлінді. Солардың бірі «Майкубен разрез» АТАҚ (кейіннен «Майкубен - Вест» ЖТАҚ). 1999 жылы «Майкубен - Вест» жабық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. «Майкубен - Вест» ЖАҚ-ы жұмысының заман ағымына сай дамуына А.Готман, Т.Иманбаев, А.Тоқтаров, К.Жұмағұлов, А.Рыспаев атты басшылардың үлкен еңбегі сіңді.