Рахметолла Қосдаулетов
Рахметолла Қосдаулетов қазіргі Павлодар облысы, Май ауданының «Құркөл» бөлімшесінде қарапайым көпбалалы отбасында 1 мамыр 1926 жылы дүниеге келді. Әкесі Әбен Қосдаулетов Құркөл бөлімшесінің бастығы. Анасы Әшен Қосдаулетова. Рахметолла Қосдаулетов бұрынғы Павлодар облысы, Кагановичск ауданы, Сталин совхозының Құркөл ауылында 8 класс бітірген.
1944 жылдың қараша айында 18 жасында Павлодар облысының Кагановичск РВК әскер қатарына шақырылған.
10.02.1945 жылы бірінші Белорус фронты, 164 артиллериялық полкі, 70 Армиясы, 518-Атқыштар полкінде минометші болған. «Жеңіс медалі», «Ұлы отан соғысы» ордені.
Марапаттары :
Медальдар:
«Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«60 лет Вооруженных Сил СССР»
«70 лет Вооруженных Сил СССР»
Әскерде 1950 жылға дейін қызмет етіп, «Ефрейтор» атағымен қаңтар айында елге аман-есен оралды.
1951 жылы Рахима Құстанқызы Омарбековамен отау құрды (Павлодар облысы, сол кездегі Ермак ауданының 7-ші ауыл азаматшасы).
1952 жылы Павлодвр облысы, Баянауыл ауданының «ЦЭС» ауылына көшіп келіп, 17-ші насосный скважинада еңбек етті.
1986 жылы зейнеткерлікке шықты.
Жұбайы Шөптікөл мектеп интернатында мұғалім-тәрбиеші қызметін атқара жүріп, 10 бала тәрбиелеп өсірген, «Батыр Ана» медалімен марапатталған.
Рахметолла Қосдаулетов 1991 жылдың 19 қазанында қайтыс болды.
Катрен Алипбеков
Баянауыл ауданы, Ақши ауылында 1918 дүниеге келген. 1930 жылы Петропавл қалалық училищесінде білім алған, 1937 жылы еңбек жолын бастаған, 1939 жылы фин соғысы басталып совет армиясына шақырылған. 1940 жылы военный училищеге оқуға жіберілді. Екінші Беларус фронтында Украина, Харьков қалаларын жаудан тазартты. 1943 жылы жүрек ауруынан госпитальге түседі, сол жылы жаяу әскерге красно заменный полкына аттанады. 1944 жылы 23 маусым күні төртінші рет жауға қарсы аттанады. Жақсы меңгергені үшін командир бұйрығын орындағаны үшін «Лейтенант» атағын беріп және «Орден красной звезды» атанады. 1969 жылы қайтыс болды.
Марапаттары :
Медальдар
«За отвагу»
«За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941- 1945 гг.»
Мукан Тусумбеков (1915-1975 жж.)
1941 жылы майданға шақырылды. Үшінші Украин майданында соғысқан танк әскерлерінде, содан кейін кавалерияда қызмет етті. Польша, Чехословакия және Венгрияны босатты.
1945 жылы граната жарылып, басынан жарақат алғаны үшін демобилизациаланған.
Марапаттары :
«За отвагу»
«За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941- 1945 гг.»
Канафия Ақботаұлы
1919 жылы Жұмат Шанин кентінің Қызыл тау бөлімшесінде дүниеге келді. Павлодар педагогикалық училищесін тәмамдады. 40 жылдық еңбек өтілі бар. 1948 жылы Бибигайша Үрмізқызымен отау құрып, 7 бала тәрбиелеп өсірді. 20 жыл партиялық қызметте, 20 жыл ұстаздық етті, директорлық қызметін атқарды. 5 жыл әскер қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысты. Көптеген медальдармен марапатталды. 1951-1953 жылдары Алматыда партиялық мектепті бітірді. 1953-1963 жылдары Лебяжы ауданында райсполкомда жұмыс атқарды. Сонымен қатар, Лебяжы ауданының софхоздары Жамбыл, Подпуск, Шарбакты, Қазантайда мектеп директоры болды. 1963-1965 жылдары Баянауыл ауданы, Жұмат Шанин совхозында партком болып қызмет етті. 1965-1979 жылдары ЦЭС поселкесінде 8 жылдық орыс мектебінде директор болды. 1979-1982 жылдары Шөптікөл аудандық советінде Селсовет болып қызмет етті. 1982 жылы зейнеткерлікке шығып, біраз уақыт ұстаздық еткен. 1983 жылы 64-ке қараған шағында дүниеден озды.