Хайдаров Бақыт
1919 жылы Баянауыл ауданы Алексеевка ауылында туған. Даңқ орденінің толық иегері, кеңес фин соғысына қатысқан (1939-1940). Кеңшараралық бригадирлер мектебін бітірген (1935). 1935-38 жылдары Павлодар ауданы Шақат кеңшарында бригадир болып жұмыс істеген. Павлодар сүт өндірісі техникумында (1938-1939) оқып жүрген кезінде 1939 ж.Павлодар қалалаық әскери бөлімшесі арқылы әскер қатарына алынған.1941 жылдың шілдесінен бастап , екінші дүниежүзілік соғыстың ұрыстарына қатысқан. Ленинград майданы 46 – Лужский атқыштар дивизиясы 176 атқыштар полкінің 76 мм- лік зеңбірегін басқарған аға сержант Х.Карель мойнағындағы , Шығыс Пруссия мен Польша жеріндегі ұрыстарда ерлігімен көзге түскен. Кезекті әскери тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Павлодар қаласындағы Жеңіс алаңына ескерткіші орнатылып,(1979), Павлодар қаласымен, Баянауыл ауылындағы бір көшеге , Жаңатілек ауылындағы мектепке есімі берілген.(1992)
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 29 маусымдағы Жарлығымен неміс-жау басқыншыларымен шайқаста командалық тапсырмаларды үлгілі орындағаны үшін Хайдаров Бакыт Хайдарович Даңқ орденінің толық кавалері бола отырып, 1-дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. 1945 жылы 11 наурызда Кенигсберг қаласының маңында шайқаста қаза тапты. 1945 жылдың 1-25 наурызы аралығында 46-шы атқыштар дивизиясының жеке құрамының шығындарының атаулы тізімінде көрсетілгендей, Қызыл әскер Б. Хайдаров "Польшаның Гросс-Малзау елді мекенінің зиратының жанындағы жаппай қабірге жерленген". 2-ші дәрежелі Отан соғысы, 1-ші, 2-ші және 3-ші дәрежелі Даңқ ордендерімен, медальдармен марапатталған.