Д.Әбілев.
Соғыстың сұрапылын бастан кешкен,
Менің де тәндерімді оқтар тескен.
Жау оғын омыраумен қаққан Бақыт,
Өмірде кетерсің бе мәңгі естен?
Басына тағзым етіп, «өшпес оттың»
Бірімін ойға шомған миллион көптің.
Жүрегің сол оттағы оттай жанып,
Соғып тұр, демеңдерші сендер жоқпын!
Қабыкен Д. Хайдаровтай ер тұлға
Бісмілләмен бастайын сөздің басын,
Алла аузыма сөзімді кез қылғасың.
Жуантөбе баурайында туып – өскен,
Жырлайын батыр аға ер тұлғасын.
Шабандоз, өжет,батыл екен,
Күреске ынтық бопты бала кезден.
Суда жақсы жүзгенін айта кетсек,
Нағыз батыр қасиеті бар екен.
Шақырылып Қызыл Армия қатарына,
Елі үшін соғысқа аттанарда.
Қалыпты зар еңіреп Биса шеше,
«Құлыным, аман бол»- деп зарлана.
Қорғай білді Отанының намысын,
Отқа түсті Алашының қаны үшін.
Халқы барда мәңгі жасай береді,
Хайдаровтай ер тұлғалы арысым.
Ерлігімен бола білген даңқты,
Есіміңе жас ұрпағың қанықты.
Туған өлке топырағың киелі-ау,
Туа білген бақыттардай алыпты.
Ақтарып Подольский мұрағатын,
Белан ғалым тауыпты бар құжатын.
Ел білмейтін беймәлім азаматтың,
Паш етіпті ерлігін Хайдаровтың.
Шапқан жауды табанға сап таптаған.
Бой бермеген сан қырғынға ақтабан.
Бозбаласын батырлыққа баптаған,
Халқым менің тек шындықты жақтаған.
Жас ұрпаққа өнеге ғып мәңгілік,
Ресейдегі Оленинде таң қалып.
Петербургтың көшесіне ие болып,
Батыр аға есімі тұр жаңғырып.
Бой түзейтін ұрпағың бар артыңда,
Ғасырларға жалғар осы қалпында.
Есіміңді ұлықтайтын, нар тұлға,
Мектебіңде шәкірттер бар халқыңда.
Сыйға берген ұлы тұлға аты аңыз,
Тоқсан бесте биыл батыр ағамыз.
Жүрген жерің топырағыңнан айналдым,
Рухы биік асыл жанға тартамыз.
Мұхтар Құрманалин.
Бір сәтке секілденіп тыныстаған
Жатырсың. Бұл жер жақын таныс саған,
Бауырым топырағың торқа болсын,
Сендер ғой Жеңіс туын тік ұстаған.
Елімде жайнасын деп жылда көктем,
Жетімдік көрмесін деп бала біткен.
Сендер ғой омырауын оққа тосып,
Болашақ үшін өзін құрбан еткен.
Жексұрын жауды қуып желкеледің,
Бірақ та деген жоқсың «ерте өлемін»
Еліңнің төріндесің енді бүгін,
Жатсаң да баурыйында бір төбенің.
Жауапты болып өзі барлығына
Қорғаған нұр арайлы таңды мына.
Кім айтар белгісіз деп бауырларды
Баршаның ара тұрған тағдырына
Өмірдің көре алмадың бар қызығын,
Анаң да, жүр ау аңсап жалғыз ұлын.
Бас ием рухыңа батыр солдат,
Бағыштап махаббатын жер жүзінің.