Қаражар ауылы бірінші атауы Ерназар деп аталған, кейінен 18 Партсьезд болып ауыстырылған, Қаражар колхозы болып, кейін Қаражар ауылы болып ауыстырылған. Табиғаты әсем, ежелден қойнауы төрт түлік малға толған құт мекен Қаражар ауылының жері 1231,18 шаршы шақырымды қамтиды екен. Аудан орталығына іргелес орналысқан үш ірі мекен де осы аумаққа кіреді. Олар Ақсан, Жалғызқайың және Қаражар ауылдары. Ауылда барлығы 342 адам тұрады. 30 - отбасы зейнеткерлер, 70 - жас отбасы бар.
Тың иегеру кезде 1954 жылы ауылға жан-жақтан орыс, поляк, неміс ұлтты адамдар келіп жұмыс аткарған.
Қаражар ауылында бұрын орыс ұлты көп болған ауыл тұрғындарының айтуы бойынша, осы ауыл барлық Баянауыл ауданының ет, сүт, май, және де көкөніс өнімдермен қамтамасыз еткен. Қаражар ауылында бұрын нан салатын наубайхана болған екен. Ел арасында жүрген адамдар жем өндірген қырман, қоймалар болған. Ауыл адамдары жүгері егіп, осы дәнді дақылдылармен барша ауылды қамтыған.
Қаражар Мырзашоқының бауырында орналасқан ауыл. Осынау ауылымызға сән берген сұлу тау, ауылымызға пана секілді. Расында да бұл жерде ертеде аң көп болған. Ол кезде әрине аң-құс қазақтың тауып жейтін азығына айналған. Тіпті ашаршылық жылдарында да Мырзашоқының бауырындағы «Тоғыз үй» ауылы ешқайда көшпей аң аулап күн көрген. Бұл «Тоғыз үй» Мұса Мырза заманында болған ескі ауыл екені тарихтан белгілі.
Сол жерден (соғыстан бұрын) келіп ауылдың қазығын қағып, Қаражарға ең алғаш үй салған Ысқақұлы Төкен деген адам екен. Осы күні ауылда ұрпақтары тұрады. Сол секілді Шомақ, Тұрсынбай, Әмбия, Ақыш, Мұқыш, Жетпісбай аталарымыз осы жерге үй көтеріп қоныстанған. Содан соң маңайдағы қыстаулардағы адамдар бірте–бірте көшіп келіп, ауылдың алғашқы ірге тасы осылай қалана бастаған екен.
Алғашында «Қаражар» мойын серігі болып құрылған. Оны Ақбұзау Асқаров басқарып келген. Көп жыл бойы мойын-серік артелін ұйымдастырып колхоз болғанға дейін ауылдың өркен жаюына көп еңбек сіңірген.
1941 жылдың 15-20 ақпанында Москвада И.В.Сталин басшылығымен шаруашылық тақырыптарында «XVІІІ Бүкілодақтық партиялар конференциясы» (XVІІІ всесоюзная конференция ВКП(б)) өткізілген екен. Соған сәйкес болар жаңадан құрылып жатқан Қаражар колхозы Райком, Партком секілді басшылардың қолдауымен «18 партконференция» атындағы колхоз болып аталады. 1951 жылдан бастап, колхоздарды біріктіріп, ірілендіру саясаты басталады. Сол кезден бастап Октябрь-Қаражар колхоздары біріктірілген. Қаражар атауы қайта беріліп, 1957 жылы осы колхоздар «Баянауыл» совхозы болып шаңырақ көтерген. Басшысы болып Григорий Аркадиевич Бурачевский қызмет атқарған.