Ертеде батырлар заманында көзі қарақты бір бартыр болыпты деседі. Осы үлкен таудың басына шығып , жан-жақты қарап бақылап отырған екен. Таудың басынан Баянауыл төңірегінің барлық жерлері жақсы көрінгіп тұран. Сондай-ақ жауға шыққан батырлар осы таудың басына шығып, келе жатқан жауды қарап, қарауылдап отырған екен. Сол себепті осы таудың аты «Мырзатау» атанып кенткенімен таудың ең үстінде шоқайған үшкір жері болғандықтан ол тауды «Мырзашоқы» тауы деп атап кеткен. Ертеде целина кезінде Қаражар ауылында рассиядан қоныс аударып келген орыс ұлттары көп болған, сондай-ақ басқа да ұлттар осы ауылда мекендеген. Ауыл адамдарының айтуынша, ертеде бір байдың жылқысы ығып кетіп, осы таудың маңынан табылып, ауыл адамдары жылқыны көрсе де, тиіспеген. Бай жылқыларының аман табылғанына шүкіршілік етіп, ауыл адамдарына осы таудың маңына келіп, жылқыларының біреуін сойып, құрбан шалған екен. Сол себепті де «Мырзашоқы» тауы деп атап кеткен екен деп, ел аузынан шыққан аңыз әңгімелер.
«Мырзашоқы» тауының биіктігі 870 метр. «Мырзашоқыдан» табылған таутеке, киік, қабанның қолдан құйылған мүсіндері-бұл аймақтағы өркендеген мәдениеттің аймағы іспетті.