«Мәдениетіміз бен өнеріміздің тарихында ән еркесі Күләш пен Әміре, саз еркесі Шәмші, би патшайымы Шара, күй анасы Дина есімдері қалай орын алса, Қамар есімі де – қазақ өнерінің аспаптанушы ісінде өзіне лайық сондай орын алатын тұлға»
Кәукен Кенжетаев, Қазақстан Республикасының халық артисі, профессор, 1992 жыл.
«Құрманғазы және «Отырар сазы» көне аспаптар оркестрі мен кейінгі кезде құрылып жатқан көптеген ерекше үлгідегі ансамбльдердің өнерін әр кез тамашалап көрген сайын олардың тасасында бір бейне ылғи да елестеп отырады. Ол - Қамар Қасымовтың бейнесі .Ұлттық аспаптарымыз бар жерде Қамар есімі бірге жасамақшы».
Ғабит Мүсірепов, жазушы, 1955 жыл, 21 қазан, «Қазақәдебиеті».
«...Қамар Қасымов дамытып жасаған музыкалық аспаптар-қазақ халқының ұлттық музыка аспаптарын дамыту жөнінідегі жаңа табыс. Қамар Қасымов жолдастың қазақтың ұлт аспаптарын дамыту жолында қажырлы еңбек сіңіріп келе жатқанын ескеріп, ол дамытып жасаған Бас қобызға – «Қамар қобыз» деген ат беруді қажет деп табады.
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының шешімінен. 1940 жыл,17 көкек.
«... Қабілет дарынын баршаға арнаған Қамар Қасымовтың өнері халқының бауырында жүріп, биігін тапқан өнер.Қажымайтын қарттың бойындағы бар парасат,жiгер қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын жетілдіру,шыңдау жолына жұмсалды».
Ө.Күсімбаевақын,1965 жыл,10.ХII
«... Қамар Қасымов- толық дәлелденген теңдесі жоқ қазақ шебері»
Лодой Дамба Монғол халық Республикасы Министрлер Советі жанындағы өнер істері комитетінің төрағасы ,1959 жыл.
“…Баянөлгейлiктердiң өнерi мен мәдениетiндегi ерекше бетбұрыс кезең - ол қырық адамдық ұлттық оркестрдiң құрылуы едi. Мұны Қазақстанның музыкалық аспаптарының айтулы шеберi Қамар Қасымов жасаған едi”
1961 жылы Монғолия
Үкiметiнiң өнер iстерi жөнiндегi
төрағасы Д. Дамдин
«...1959 жылы Қамар Қасымов Улан –Баторға келіп, біздің тұңғыш ұйымдастырыла бастаған домбыра оркестрінің аспаптарын жасады. Сол аспаптармен 1960 жылы астанамыз Улан-Баторда болған Баян-Өлгей өнері мен мәдениетінің 10 күндігіне театрымыз үлкен абырой-атаққа ие болып,оркестр мүшелері сый-құрметке бөленді.Кейіннен театрымыз Алтын жұлдыз орденімен наградталды.Бұл абырой – атақ Қамар Қасымовтың алтын қолымен жасалған оркестр аспаптарының қасиетті дыбысының арқасында келді деп айта аламыз».
Қабыкей Ахмет Моңғолияның еңбек сіңірген артисі,
әнші 1992 жыл
Работа тов. Касымова очень ценна и помогла созданию оркестра народных инструментов в том виде,в каком он сейчас.
Ахмет Жубанов, академик
5.11.1939 г.
«... Домбыра,қобыз, тағы да басқа аспаптарды жасайтын атақты шебер Қамар Қасымов біздің үкіметіміздің шақыртуымен Моңғолияда үш жыл болды. Моңғол қазақтарының ұлт аспаптар оркестрінің бүкіл аспаптарын жасап,үлкен туысқандық көмек көрсетті»
Бутын Дәжиді Баян-Өлгей
аймақтық комитетінің
бірінші хатшысы, 1959 ж
«1959 жылдың 31- ші желтоқсанында Қамар Қасымовтың Улан-Баторда жасаған қазақтың халық аспаптары оркестрінің ашылу концерті болды. Оркестр құрамында 40 музыкант болдық. Мен домбыра аспабында отырдым. Оркестрдің тұңғыш ашылу тойында Қамардың өзі де болған еді. Оның есімі аймақтық құрмет кітабына жазылып,шапан жабылып құрметтелді. Осы аспаптар арқылы біздер бір жыл әзірленіп,1960 жылдың ақпан айында Улан-Баторда өткен Баян-Өлгей мәдениеті мен өнерінің 10 күндік декадасына қатыстық. Сонда Қамар Қасымов жасаған сол аспаптармен ойнаған оркестр жоғары бағаланды.Қазіргі кезде де театрымыздың музыканттары Қасымовтың жасап кеткен сол аспаптарымен күні бүгінге дейін ойнап отыр
Хусали Мусаев, композитор,
Композитор Монғолия Композиторлар
одағының пленум мүшесі,1992 жыл
«... Қамар Қасымов - қазақтың ұлттық көне саз аспаптарын осыдан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын жаңғыртып,жаңаша сипатқа еңгізіп, тұңғыш рет классикалық үлгіде жасап шыққан алғашқы аспаптанушы хас шебер».
«Мәдениет» газетінің деректерінен,1992 жыл
«...Халық дәстүрлерін дұрыс пайдалана білу мәселесін әңгіме еткенде, қазақтың музыкалық саз аспаптарының шебері Қамар Қасымовты еске ала кету өте орынды. Қасымов –қазақтың домбыра мен қобызы сияқты тамаша музыкалық аспабын қайта тудыру ісін бірінші болып қолға алған адам».
Құлахмет Қожықов, зерттеуші-суретші,1957 жыл
«Қамардың қолынан шығатын аспаптарды жеке-жеке талдасақ әрқайсыcының қызғылықты тарихы бар. Бұл көп зерттеуді, көп еңбек етуді тілейтін,табақ-табақ қағаз жазсаң да көтеретін,еңбегіңе татитын мәселе»
Қасым Тоғұзақов ақын,1955 жыл
«Ақын аяқтаған поэмасын, жазушы бітірген романын мақтаныш етсе, Қамардың мақтанышы мен қуанышы алдындағы сырлы домбырасы мен қобызы «Етікшімен сөйлессең балғасы мен бізін айтады, тоғайшымен сөйлессең арасы мен балтасын айтады» демекші,Қамармен сөйлессең, өз еңбегі мен творчествосын мақтан етеді».
Сәуірбек Бақбергенов, жазушы,1946 жыл