Бірлік ауылдық округі

                       Бейсембаев Қапсағит

 1918 жылы дүниеге келген.  

1941-1945 жылдар аралығында соғысқа қатысқан. Отаның шын сүйген жауынгер, жаумен бетпе бет келген талай шайқастарға батыл кіріп, елі үшін жаның аямаған. Соғыстан оралғаннан кейін Зәмдильдинова Мәнзура апаймен отбасын құрып, алты бала тәрбиелеген.


  Бектемиров Молдахан

1898 жылы қазіргі Бірлік ауылының Қаражыра деген жерінде туған. 14 ағайынды болған. 1941-1945 жылдары соғысқа қатысып, Москва түбіндегі ұрысқа қатысқан. Соғысқа барғаннан кейін іле ауыр жарақат алып, Москвада госпитальде жатып, емделіп шыққан соң майданға қайтадан оралады.   1945  жылдың аяғында ауыр жаралы  болып, елге оралады. Інілері  Бектемиров Ардақ  , Ермақ та соғысқа біргет аттанып, елге оралмай, хабарсыз кеткен. Сұрапыл соғыста көрсеткен ерлік істері үшін бірнеше орден, медальдармен марапатталған.  Елге оралған соң отбасын құрып,   4 бала тәрбиелеген.  Соғыс кезінде егін салып, өгізбен егін жинап, еңбек етеді. Кейін колхоз құрылғаннан кейін 1960 жылға дейін қой бағады. Соғыстан қалған жарасы кейіннен қайра басталады. Содан   1960 жылдан бастап отырып қалады. 1976 жылы дүние салады.

Жылбек Ақәділұлы

Жылбек Ақәділұлы 1913 жылдың 18 қаңтарында Павлодар облысы Баянауыл ауданы Шақшан болысына қарасты Үштөбе аулында дүниеге келген. Руы - Қанжығалы. Ол ауыл ішіндегі молдадан біраз уақыт сабақ алып, ескіше сауат ашады. Ол кезде әкесі Ақәділ дүниеден озған болатын. Осыдан кейін 1927-1932 ж., аралығында Павлодар қаласындағы интернат-коммунада тәәрбиеленіп, оқу оқиды. Қоғамдық жұмыста белсенділік көрсетіп, жақсы оқығаны үшін ол 1929 жылы комсомол қатарына қабылданады. Оқуға зеректігін байқаған интернат басшылары Оңтүстік Қазақстандағы Қапланбек қой өсіру шаруашылығы институтына түсуіне кеңес береді. 

Бұл білім ордасына Жылбек Ақәділұлы 1932 жылы түсіп, оны 1935 жылы бітіріп шығады. Осы жерде білімін шыңдаған жас жігіттің әскер қатарына шақырылатын уақыты да болып қалады. 1935 жылы ол міндетті әскери қызметін өтеуге шақырылады. 1935-1937 жылы Жылбек Ақәділұлы Түркменияның Кушка қаласындағы шекарада қызмет етеді. Шекара қызметінде жүргенде тәртібімен, батылдығымен ерекшеленген жігітке Түркмен КСР-ның комсомол ұйымы атынан республиканың Лениншіл Жастар Одағы өткізген Х съезіне қатысуға жолдама береді. Ол кездерде мұндай құрметке әркім ие бола бермейтіні белгілі. Комсомол қатарына қабылдау үшін де үлкен сынақтан өту қажет болатын. Жылбек Ақәділұлы осы Кушка маңында тұрған 152 атты әскер полкінің құрамында болады. Шекара қызметіндегі сарбазға 1937 жылы Краснодар өлкесіндегі Армавир қаласына оқуға жолдама береді. Бұл жерден ол атты әскерлер дайындайтын училищеде оқып, оны 1940 жылы бітіріп шығады. Бұл бір мазасыз шақтар болатын. Шығыста жапон соғысы жүріп жатты... Офицерлік дәрежедегі Жылбек Ақәділұлын 1940 жылы Халхин-Голдегі болып жатқан әскери ұрыстарға жібереді. Шығыстағы Жапон соғысында көрсеткен ерлігі үшін Жылбек Ақәділұлы "Қызыл жұлдыз" орденімен марапатталады. 

Фашистік Германияның жауыздықпен бастаған Еуропаның Батыс аймақтарындағы  соғыс қимылдары толастамай, бізбен шекаралас жатқан Финляндия мемлекетіне соғыс ашқан болатын. Әскери училищеде оқып, Халхин-Гол ұрыстарына қатысқан офицердің іс-тәжірибесі едәуір еді. Қиыр Шығыстан жалғасқан ұзақ жол Жылбек Ақәділұлын тағы да батысқа қарай бастап әкелді. Оны Финляндиядағы болып жатқан майданға жіберді. Фин соғысынан кейін, біраз тыныштық кезеңде сардар еліне Павлодарға демалысқа келіп қайтады. Жоғарыда айтылғандай жан-жары Жамалдыалып, демалыстан соң Батыс Белоруссиядағы, кейіннен Польша шекарасына қарасты Ломжа деген қалаға әскери қызметін жалғастыруға келеді. 

Қожанов  Тойты

1926 жылы 5 маусымда Шақшан ауылдық советіне қарасты, Егінді колхозында (қазіргі Бірлік ауылы) шаруа жанұясында дүниеге келген. Әскер қатарына шақырылған уақытқа дейін ауылда үлкендермен бірге колхозда жұмыс істеген.

1944 жылдың сәуір айында әскери комиссариаттан шақыру қағазы келіп, әскер қатарына алынады. 1944 жылдың сәуір айынан бастап күзіне дейін алты ай бойы Алматы қаласының маңындағы №89 атқыштар даярлау полкінде алғашқы әскери дайындықтан өтіп, сержант званиясымен майданға аттанды. Қызыл әскер қатарында Минск, Рига қалаларын жаудан азат етуге қатысқан. Керисберг қаласының штурмына қатысып, жаудан азат етіп жеңісті сол қалада қарсы алды.

Соғыс аяқталған соң, 1945-1950 жылдар аралығында Германияның Бренденбург, Франкфург, Магденбург қалаларында бсқыншы әскерлер қатарында қызмет атқарды. 1950 жылдың аяғында туған еліне оралды.

Соғыста көрсеткен жанқиярлығы мен ерлік істері үшін көптеген орден, медальдармен марапатталған.

Нығметжанов Қабыкен

1924 жылы 17 желтоқсанда қазіргі Бірлік ауылының Шақшан жерінде дүниеге келген. 1942 жылдан 1946 жылдың тамыз айына дейін 88-ші әскери  бөлімінің полкінде, 1946 жылдың желтоқсанынан 1947 жылдың сәуір айына дейін 117-ші полкте әскери құпия тапсырмаларды орындаған. 1947-1949 жылдар аралығында Украинада бандеровшылар мен соғысқан. 1949 жылы елге оралып, Шукубаева Майкен апаймен отбасын құрып, 3 қыз, 3 ұл тәрбиелеген.

Еңбек жолын Майқайында жүргізуші болып бастап, 1984 жылы зейнеткерлікке шықса да, 1989 жылға дейін жұмыс істеген.

Соғыста көрсеткен ерен еңбегі үшін, ерлік істері үшіналған бірнеше орден, медальдары бар.

Марапаттары :

Медальдар: 

«За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945»

«Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»

«Пятьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»

 Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков медалі

«Соғыс ардагері» белгісі

Ермеков Қазжан

  1906 жылы Баянауыл ауданы Қызылтау  ауылында дүниеге келген. 2  класстық білімі болған. 1941-1945 жылдардағы соғыс кезінде жаумен шайқастарға қатысып, елге жеңіспен оралған.  Көрсеткен ерлік істері үшін көптеген орден, медальдармен марапатталған.

Елге оралған соң, 1904 жылы Ғибран Ғайша Мұхамеджанқызымен отбасын құрып,   6 бала тәрбиелеген.

Сейітқазин Әлбосын

1920 жылы қазіргі Бірлік ауылының Аққозы қыстауында дүниеге келген. 1931 жылы ашаршылық кезінде 12 жасында әке-шешесі қайтыс болып, балалар үйінде тәрбиеленген. 1938 жылы 18 жасында әскерқатарына шақырылып, Моңғолия жерінде әскери міндетін өтеген. 1941-1946 жылдары соғыста болып, Берлинде болған соғысқа қатысып, бірнеше рет жарақат алған. 1945 жылдың 9 мамырында Жеңіс күнің қарсы алып, Москвадағы шеруге қатысқан. Сұрапыл соғыста көрсеткен ерліктері үшін көптеген орден, медальдармен марапатталған.

Соғыстан кейін елге оралып, Бірлік колхозында ұста болып істеген. 1959 жылы Ахметова Ақсия Ахметқызымен отбасын құрып, 6 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірген. 1994 жылы қайтыс болған.

Рахметов  Тақу

1910 жылы Майкаинда дүниеге келген. 8 класстық білімі бар. Көкшетау облысы, Шучинский қаласындағы педучилищеге түскен, бірақ, оқуды тәмамдамаған. 1945 жылы Ленинград түбіндегі ұрысқа қатысқан, сол жерде жарақаттанып, оң жақ аяғынан айырылған. Ағасы Рахметов Иманмәлік соғысқа бірге аттанып, майданда хабарсыз кеткен.

Елге оралған соң, Смайлова Қапаста апаймен отбасын құрып, 3 қыз тәрбиелеп өсірген. Смайлова Қапаста апай 1919 жылы Екібастұз қаласының Ақкөл ауылында туып-өскен.

Ерлік істері үшін коптеген орден, медальдармен марапатталған.

1973 жылы  қайтыс болған.

Нарханов Садуақас

1917 жылы 15 шілдеде Лебяжі ауданында дүниеге келген. 1938 жылы әскер қатарына шақырылып, 1941-1946 жылдар аралығында соғысқа қатысқан. Соғыс жылдарында көрсеткен ерен еңбектері үшін 1938 жылы «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», 1944 жылы «Ушаков», «Нахимов» медальдарымен наградталған. 1945 жылдың 9 мамырында Жеңіс күнің Германияда қарсы алған.

Соғыстан оралған соң, Алтай өлкесінде тұрған. Сол жерде 1952 жылы Нарханова Зейнеп Айтмұхамбетқызымен отбасын құрып, 13 бала тәрбиелеп өсірген. Еңбек жолын сол жердегі бастауыш мектепте мұғалім болудан бастаған. Қарағанды қаласындағы Қарағанды облыс аралық Советтік партия мектебіне кіріп, 1963 жылы Советтік партия мектеп курсының зоотехник мамандығын бітірген.

1968 жылы Бірлік совхозына көшіп келген. Соңғы рет Ұлы Жеңістің 40 жылдығын көріп, 1987 жылы 30 сәуірде 70 жасында жер салған.

Тобаяков Сәку Мәкімұлы 

1916 жылы Баянауыл ауданына қарасты Шақшан жерінде дүниеге келген. 1938 жылы әскер қатарына шақырылған. 1940 жылы Фин соғысына қатысқан. 1941-1945 жылдар аралығында соғыста болып, 1946 жылы елге оралған. Батыс елдерде Вена, Будапешт, Прага түбіндегі ұрыстарға қатысқан.

Соғыстан оралған соң, Баянауылда мәдениет бөлімінде, Южный колхозында партия ұйымының хатшысы қызметін атқарған. 1951 жылы Майқайын комбинатында, 1956 жылы Жосалы кеңшарында рудникте қызмет істеген.

1959 жылы Болағасынова Тапура Төкенқызымен отбасын құрып, 7 қыз, 1 ұл тәрбиелеп өсірген. Тапура апай 1928 жылы 16 қаңтарда Баянауыл ауданының қазіргі Қаражар ауылында туған.

1957 жылдан - 1976 жылға дейін Екібастұз ауданындағы Төртқұдық поселкесінде 20 жылдай бухгалтер қызметін атқарған. 1976 жылы зейнеткерлікке шыққан. 1995 жылы 5 шілдеде қайтыс болған.


Марапаттары :

Орден Красной Звезды

«Даңқ»


Медальдар: 

«За освобождение Праги»

«Будапештті алғаны үшін»

Оспанбеков  Мұраш

1924 жылы 8 наурыз айында Баянауыл ауданының қазіргі Бірлік ауылында туған. 4 класс бітірген. 1941 жылы қатардағы жауынгер болып соғысқа қатысқан. 1943 жылы оң жақ аяғынан ауыр жарақат алыпғ Тбилиси қаласының госпиталінде жатқан. Майданда 3 жыл 9 күн болып, соғыс мүгедегі ретінде әскер қатарынан босатылған. Кейін 1992 жылы ІІІ топтағы мүгедек куәлігі берілген.

Соғыстан кейін тың жерді игеруде өз үлесін қосқан. Ұста болып істеген, сол еңбегі үшін 1957 жылы «Тың жерді игергені үшін» медалімен марапатталған. 1954 жылы партия мүшесінің қатарына кіріп, партиялық билет алған. 1964 жылы 15 шілде айында «Ударник коммунистического труда» куәлігін алған.

1995 жылғы 26 мамырдағы  Тәуелсіз мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Басшылары кеңесінің шешіміне сәйкес «Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков» медалімен, 1997  жылы 20 ақпанда марапатталған.

Ерлік істері үшін ІІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы » ордені, 1978 жылы «Еңбек ардагері», 1985 жылы ІІ дәрежелі «Отан соғысы», 1947 жылы «Германияны алғаны үшін», 1947 жылы «Отан соғысындағы ерлігі үшін», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 10,20,30,40,50 жылдығы» медальдарымен марапатталған.


Марапаттары :

Орден Отечественной войны ІІ степени

Орден Отечественной войны ІІІ степени

Медальдар: 

«За отвагу»

«За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945гг» 

«Еңбек ардагері»

Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков 

«Десять лет победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.» 

«Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.» 

«Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»

«Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.» 

«Пятьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»

Қаппасов  Кәкім

1923 жылы Баянауыл ауданына қарасты Жаңа дәуір колхозында дүниеге келген. Баянауыл қазақ орта мектебінде  8 классты тәмамдаған. Сол колхозда   1939 жылдан  1942 жылдың наурыз айына дейін бухгалтер болып жұмыс атқарған.   1942 жылы шілде айында әскер қатарына шақырылған. Свердлов облысы Камышловский ауданында   4 ай командирлік оқуын оқып, старшина атағын алған.   1942 жылы желтоқсанда майданға шақырылады. Москва түбіндегі шайқасқа қатысып,   53-ші және  123-ші гвардиялық артиллерия полкінде топографист болып істеген. Брянск қаласында 2-3 рет жеңіл жарақат алады.  1943 жылы  наурыз айында әскери комиссарияттың шешімімен соғысқа жарамсыз деп танылып, І топтағы мүгедек  болып елге оралған. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін Қызыл ту, Қызыл Жұлдыз, Даңқ ордендерімен, медальдарымен наградталған. Ауылға оралған соң ауылдың совет председателі боып қызмет еткен.