Тарихы

Совет дәурінде алғашқы коллективтендіру кезіндегі 1929 жылы Жалғызқайын Мойынсеріге болып құрылды. Одан кейін Жалқызқайын колхозы құрылды. Жалғызқайында колхоз орталығы болды. Мектеп және әкімшілік болды. 1939 жылы шаруашылық ұлғайып Октябрь колхозы атанды.

1939 – 1943 жылдары қазір туған жерімізге көшіріліп Октябрь колхозы атанды. Колхоздың председателі болып Садыков Нығмет, 1941 жылға дейін колхоз басқарды. Соғыс жылдары Иманбеков Хамзе шаруашылықты басқарды.

 

1951 жылы 18 парт конференция  және  Октябрь қолхозы қосылып 18 парт конференция  қолхозы болып атанды. Бұл жылдары қолхоз бастығы болған, Жәкенов Нығмет, Балтабаев Сапар деген азаматтар болды. Қазақстанда тың көтерілгенге байланысты

1957 жылы Жосалы колхозы, Большевик колхозы 18 парт конференция колхоздары біріктіріліп Баянауыл совхозы атанды. Совхоздың алғашқы директоры Кенесбаев болды. Одан кейін Коваленко, Шапрыстов, Дюсенбаев сияқты азаматтар директор болды.

1965 – 1976 жылға дейін Бурачевский директор болды. Одан беріғарай Баймағамбетов Өміртай

1990 жылға дейін совхоз басқарды, кейін Опабеков Сайлау болды.

 

Алғашқы колхоздастыру кезінде біздің селолық Совет Қызылшілікке қарады. Одан кейін Соғыс жылдары Баянауылдың поссоветіне қарады. Кейін өзімізде Селолық совет ашылды. Негізі біздін ауылдан ертерек қызмет істеген Иманбеков Хамзе, Иманбеков Көкіш райсполком председателі болған.

 

1932 – 1941 жылдары Темірбеков Кенжебек Баянауыл ауданының  МВД – ның орынбасары болды.

Негізгі ауылдан шыққан атақты адамдар Үкібай би, Рахимов Қайролла, Дюсенбаев Ойрат, профессор Жүмабаев Мұсәпір, және Қаражардаң Социалистік еңбекгері атағы алған Әбішев Сәтімбек.

 

Қаражар колхозында бастық болғандар Токжарықов Бекіш, Пштыбаев Кенжебек, Ибраева Бәтіш. Қаражарда Баянауыл ауданы бойынша бірнеше рет желдиірмен орнатылып, халықты үнмен қамтамасыз еткен Свиреденов Николай болған кісі.

 

Ақсаң округінің атауы Ақсаң тауына байланысты болған. Бұхар жыраудын «Ақсаңнан биік тау болмас» дейтін өлең жолдары бар.

Негізі Ақсаң тауының қыс бойы бауырында ат өткізбейтін, қалын қар жататындықтан, кезінде Ақсең деп аталған.

Кейін келе альдынғы дистимиляция  ингорманизм заңы бойынша, алдынғы дыбысы өзінен кейінгі «е» дыбысын «а» дыбысына айналып Ақсаң деп атап кеткен.

 

Октябрьдің Жалғызқайын боп аталуына 1993 жылы ауыл тұрғындарының сұрауы бойынша, және Октябрь сельсоветтің шешімі бойынша, ақсақалдар кенесінің ұсынысымен бұрынғы Жалғызқайын атауы қайтарылды.

 

1991 - 1993 жылдары совхоз таратылып жекешелендіруге көшеді. Совхоз мүлкі, жері ауыл адамдарына үлестіріп  берілді.  Өткен  өмір  тарих  қойнауына  кете  барды.