АрдагерЛЕР

Абжанов Тауекел /1916 - 2014 ж.ж./


Абжанов Тауекел 1916 жылы туған. Содан әке- шешесінің қарамағында болып, ер жетіп Баянауылдағы Шекейін деген мектепте 5 сыныпқа дейін оқыды. Әкесі ауру болып, 5 сыныпқа дейін оқып, жұмыс істеп, әкесіне көмектескен, таудан  ағаш түсіруші болып жұмыс істеді. 1940 жылы міндетті әскер қатарына алынып, Монғолияның Ұлан Батыр қаласына 70 км. жерде әскери дайындықтан өтіп жатқанда 1941 жылы 22 маусымда Ұлы Отан соғысына аттанған.Саратов қаласында кіші командирлер дайындайтын училищеде 6 ай оқып, сержант атағын алып, Мотоатқыштар  ротасында рота командирі болып тағайындалған. 1942 жылдың мамырынан 1943 жылдың тамыз айына дейін Германияның одақтасы финдермен соғысты. Бірнеше ұрыстарда ерекше ерлік көрсетіп, жауға соққы берді.Ол ұрыстарда екі рет жараланды.1943 жылы тамызда артилерия оғы екі аяғын жіліншегінен жұлып әкеткен. Бурят –Монғол АКСР- дағы  әскери госпитальге  емделіп, екі аяғына протез жасатып,1945 жылы  сәуірде елге қайтарылды. Ұлы Жеңістің 50 жылдығына арналып шығарылған «Боздақтар» кітабында  қайтыс болған жауынгерлер тізімінде болды. Соғыстан  елге аман- есен оралған соң, жұбайы Нұрышты кездестіріп  отбасын құрды. Балалары ер-жетіп барлығы бір - бір отбасын құрды. Екі аяғы болмасада көп жылдар бойы елде адал қызмет атқарды, атқа отырып көп жылдар бойы  күннің суығы мен шыжығынан ыстығына қарамай 40 жылдай мал бақты. Ауыл шаруашылығындағы еңбектері үшін  Социалистік жарыстың үздігі белгісімен және бірнеше мәрте құрмет грамоталрымен марапатталды. 2014 жылы дүниеден өтті.

Марапаттары:

орден Отечественной войны I степени  

«За отвагу» медалі

«Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.» медалі

«Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.» медалі

«30 лет Вооруженных Сил СССР» медалі

«50 лет Вооруженных Сил СССР» медалі

«60 лет Вооруженных Сил СССР» медалі

«25 лет победы в Великой Отечественной войне» белгісі

    Ахметов Халел (Харер) Қалимолдаұлы /1920 – 1976 ж.ж./


Халел Қалимолдаұлы, 1921 жылы 10 тамызда Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жаңажол ауылында дүниеге келеді. Әкесі – Қалимолда Ахметұлы, ата-бабасы Октябрь Революциясына шейін би, қажы ауқатты әулеттен болса да тұрмысы кедей шаруа болған. Соған қарамастан өткен ғасырдың 30-жылдарына шейін ұлы Мәшhүр Жүсіп Копеевпен жақсы аралсқан кісі екен. Арқадағы қалың қазақтың жартысына жуығын жалмаған нәубәт - Қалимолда атамыздың отбасына да қырғидай тиіп, 1932 жылы – өзі және бір ұлы мен бір қызы ашаршылықтың құрбаны болады. Әкесі қайтыс болғаннан кейін 11 жасар Халел менен 9 жасар інісі Тәрік екеуін Баянауылдағы интернатқа жібереді, одан кейін 1934 жылы Алексеевка поселкесіндегі мектеп-интернатта 2 класс бітіреді. Артынан Павлодар қаласына жіберіліп, 1936 жылы Казкоммунада оқып 5 сыныпты аяқтаған соң, Павлодар қалалық балалар үйінде тәрбиеленіп, 1938 жылы 7 сыныпты тәмәмдейді.

1941 жылы Павлодар қаласындағы Абай атындағы 10 жылдық мектептің 9 сыныбын бітірісімен соғыс басталып, әскер қатарына шақырылады, тамыз-қазан айларында Алматы, Фрунзе қалаларында, 1942 жылдың наурыз айына шейін Петропавловск қаласында әскери дайындықтарды атқарып, артынан Ұлы Отан соғысының қанды майданына аттанады. Немістермен алғашқы ұрыс кезеңдері Қырым майданында болады. Бұрын айтылмайтын, бірақ кейінгі тарихшылар жазып жүрген ащы шындық – Жоғарғы Бас Қолбасшысының өкілі Мехлис пен қырым майданының қолбасшысы Козловтың қорғанысты ұйымдастыру жоспары мен әскери бақарудағы жіберген қателіктерінің салдарынан совет әскелері жеңіліс тапқан, Қырым түбегі үшін болған қырғын шайқаста әскери бөлімі қоршауда қалып, өзі қарақұсынан жараланып, 1942 жылдың 12 мамырында  тұтқынға түседі. Екі рет тұтқыннан қашуға жасаған әрекеттері сәтсіз аяқталып, немістердің қызметтік иттеріне таланады.

Қызыл Армия 1944 жылдың тамызында тұтқыннан азат етіп, 1944 жылдың қыркүйек айында тағыда қанды шайқасқа кіріседі. 3-ші Украина майданының сапында пулеметші болып соғысып, Австрия мен Венгрияны неміс фашистерінен азат етуге қатысады. 1945 жылдың 14 сәуірінде екінші рет оң жақ самайынан жараланады. Ұлы Отан соғысының жеңісті күндерін Австрияда қарсы алады. Өмірінің соңғы жылы - 1976 жылы науқастанып жатқанда, қысқы Инсбрук олимпиада ойындарын балаларымен бірге тамашалаған кездерде:  «Осыдан тура 30 жыл бұрын осы жерлерді «маршбросок» пен басып өткенбіз»,-деп еске алатын. Соғыс аяқталса да, 1946 жылдың шілде айына шейін, Европадағы Орталық әскери тобының санатында болып, аман-есен туған елге оралады. 

Тетелес туып-өскен туған інісі – Тәрік, сол сұм соғыста хабар-ошарсыз кетеді. Мектепте өте жақсы оқыған, 1940 және 1941 оқу жылдарындағы үлгерім табелдерінде бағаларының бәрі біріңғай «бес». Латын әріпімен жазылған шығармалары мен хаттары да өте сауатты да саналы, алғыр адам екенін білдіреді. Фотосуреттегі бейнесі де Тәріктің әдемі де сымбатты жігіт болғанын дәлелдейді. 1980 жылдары Павлодар облысы бойынша жарық көрген «Боздақтар» деген кітапта, неге екені белгісіз:  «Калимуллин Тарик, ұлты – татар», - деп қате жазылған. Тірі болғанда ол кісінің Баянауыл ғалымдарының тізімін ұзартуы әбден мүмкін еді.

Халел Қалимолдаұлы 1946 жылдың қыркүйек айында бейбіт жұмысқа кіріседі. Баянауыл аудандық қаржы бөлімінің Майкайың поселкесіндегі инспекторы болып істейді, одан кейін алтын іздеуші жұмыскер болып ауысады. 1949 жыл мен 1960 жылдар аралығында Майқайың - Алтын комбинатында және Жосалы кенішінде әр түрлі қызметтер атқарады.

1949 жылы Күлше Абсалқызы деген азаматшаға үйленіп шаңырақ көтереді, екеуі – Мұрат, Несіпжан, Болат, Айжан, Күмісжан, Айтжамал атты 6 баланы өмірге әкеліп, мәпелеп-өсіріп салауатты күндер кешті.

Баянауыл өңірінде тың игеру басталғанда, 1959-60 жылдары Жосалы совхозының ашылуына ат салысып - қоймашы, бөлімшенің аға есепшісі жұмыстарын атқарды, 1964-66 жылдары Баянауыл аудандық тұтынушылар одағының Жосалы совхозындағы жұмысшылар кооперативінің меңгерушісі болды. 1967 жылы Баянауыл совхозы директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары болып тағайындалып, өмірінің соңғы жылдарына шейін сол жерде абройлы қызмет істеп, 1976 жылдың 4 қыркүйегіңде 55 жасында қайтыс болды.

Әке арманы орындалып, балалары Ресейдің, кезінде Қаныш Атамыз оқыған Томск қаласында, Жоғары оқу орындарынан сапалы білім алып - инженер, дәрігер, мұғалім, заңгер мамандықтарын игерді. Немерелері де, алдыңғы буын - әке, апа, ағаларының жолымен оқып, жоғары білімді – мемлекеттік қызмет, ұлттық Компания, білім беру, қаржыгер, заңгер, денсаулық сақтау, сақтандыру салаларындағы лауазымдарда Алматы, Астана, Ақтау, Павлодар қалаларында қызметтер істейді.

Кезінде әке-шешесінен туған 15 баладан, аштықтың тауқыметі мен соғыстың зардабының кесірінен жалғыз қалған Халел Қалимолдаұлының  ұрпақтарының дұрыс өсіп, жетіліп келе жатқанының куәсі болған, жары – Күлше Абсалқызы 11 немере, 7 шөбере сүйіп, 2012 жылы 2 желтоқсанда 82 жасында өмірден озды. Анасына деген ризашылық, әжесіне деген мейірім, үлкенге деген ыстық ықылас, сүйіспеншілік сезімменен, балалары мен немерелері - ол кісіні ұйымдасқан құрметпен ақтық сапарға шығарып салып, Алматының «Кеңсай» зиратына жерледі.

                                                                             Ұлы Болат Халелұлы

 

Марапаттары :

Медальдар: 


«За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941- 1945 гг.»


«Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.» 


«Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.» 

«Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.» 

«50 лет Вооруженных Сил СССР» 

«25 лет победы в Великой Отечественной войне» белгісі

Арықпанов  Ермағанбет /1906-1975 ж.ж./


1941 жылы Ұлы отан соғысына аттанып, 1945 жылы соғыстан оралған. Саратов майданында атқыш - автоматшы болған. Қатардағы жауынгер. Соғыстан  кейін  аудан  орталығында  райкомда хатшысы болып қызмет атқарды. Одан  кейін  Октябрь  колхозында қырманда жұмыскер болды. Көп  жылғы еңбектері үшін мақтау қағаздарымен марапатталды.  Отбасын құрып, балалары ержетіп, қазыргы күні немере- шөберелері әр салада қызмет етуде. 1975 жылы дүниеден өтті.

Марапаттары:

Медальдар:  


«За Отвагу»


«Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.» 

«Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.» 

«Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.» 

«50 лет Вооруженных Сил СССР» 

Әлжанов Кайыржан /1922 – 1984 ж.ж./


Қайыржан Әлжанұлы сұрапыл соғысқа небәрі 19 жасында аттанып, соғыстың отты жалынына 1941 жылдың желтоқсан айының қақаған аязында Орел- Курск шебінде майданға кірген. 310-шы атқыштар полкінің гвардия старшинасы дәрежесінде взвод командирінің орынбасары ретінде соғысады. Смоленск қаласын азат етуге  қатысты. Өзі басқарған взводымен жаудың бірнеше рет шебін бұзып, сол бір алапат ұрыста оң аяғы мен ийығынан жаралы болып әскери госпитальға түседі. 1943 жылдың тамыз айында емделіп шығып, №7 кавалериялық дивизия құрамында шайқастарға қатысады. 1944 жылы мамыр айында ұрыс даласында жас сүйегінен жараланып, тағы да госпитальға түседі. Ауыр жарақатына байланысты 1944 жылдың 20 мамырда елге қайтады.

Елге оралған соң мектепте мұғалім, Майқайың ішкі істер бөлімінің паспорт үстелінде қызмет істейді. Көбдік колхозында колхоз бастығының орынбасары, қойшы, ауылдық советтің хатшысы болады. Бірнеше рет ауыл совет депутаты әркездердегі Социалисттік жарыстарының жеңімпазы, Ұлы отан Соғысының жеңісіне  20, 30 жыл, КСРО қарулы күштеріне 50, 60 жыл медальдарымен, көптеген аудандық, облыстық мақтау қағаздарымен марапатталған.

Марапаттары:

Медальдар:  

«Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.» 

«Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»

«Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.» 

«Пятьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.» 

«50 лет Вооруженных Сил СССР» 

«60 лет Вооруженных Сил СССР» 

«30 лет победы в Великой Отечественной войне» белгісі

Изатбеков  Орақбай  /1899  - 2005 ж.ж./

 

Баянауыл  ауданы,    Павлодар  облысында   туған, 1943 жылы  әскер  қатарына   шақырылып ,  219 мин.подразделение   Беларусь  майданына қатысып, 1945 жылы   жеңіспен  оралды.

Марапттары: 

Орден Отечественной войны II степени

Медальдар: 

«За отвагу» 

«За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941- 1945 гг.» 

«За боевые заслуги»                                                                                                              

«За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»                      «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»         «Двадцать пять лет победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»       «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»          «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»                             «Пятьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.» «Шестьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»                «Еңбек ардагері»                                                                                                                           Отличный минометчик -1945ж., белгісі


                                                 Хаттан  үзінді.

Изатбеков Орақбайдың інісі,   Изатбеков Коденбай   1942 жылы  әскер қатарына шақырылып, 1943 жылдың 19 наурызында қаза  болған. Жерленген жері Россия Новогород облысы, Старорусский ауданы, Подборовье деревнясында  / ауылы  / жерленген.

Райымбеков Ешмағанбет /1907 – 1979 ж.ж./


Райымбеков Ешмағанбет 1907 жылы туған. Әскер қатарына 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталған  жылы шақырылды, 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, Польша, Чехославакияны азат  етуге қатысқан. Қатардағы жауынгер.

1945 жылы  соғыстан оралды. Соғыстан келген соң 1946 жылы Сағын қызы Құснимен отау құрып, бір қыз, бір ұл тәрбиеледі. Жалғыз ұлы Ешмағанбетов Әжмағанбет 1970 жылы қайтыс болып, қызы Ешмағанбетова Қорлан ардагер ұстаз Әлжанов  Жақсылықпен  45 жыл  шаңырақ құрып, 3 қыз, 3 ұл тәрбиелеп отыр. Райымбеков  Ешмағанбет соғыстан кейінгі уақыттан, 1967жылға дейін  Баянауыл кеншарында қой бағып, мал басын көбейтуге өз үлесін қосты. Адал еңбек етіп, абыроймен зейнеткерлікке шықты. Көптеген ауданның, облыстың ауыл шаруашылық министрлігінің мақтау қағаздарымен марапатталды. 1980 жылы  Октябрь ауылында  73 жасында дүниеден өтті.

Марапаттары:

«Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.» медалі

«Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.» медалі

«60 лет Вооруженных Сил СССР» медалі

«25 лет победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.» белгісі

Рахметов Дүйсенбай /1914-1999 ж.ж./


1914 жылы  туған. Павлодар педтехникумын тәмәмдап, мұғалымдық мамандық алып шығады. 1931 жылдан 1941 жылғы маусым айында Армияға алынғанша Жаңаталап, Жаңабауыр, Семізбұғы руднигінде, Теңдік, Баянауыл школ - интернатында Молотов, Октябрь, Ленин бастауыш мектептерінде мұғалім, мектеп басшысы, директоры болып қызмет атқарды.1941 - 1943 жылдары Ленинград майданында соғысқа қатысты. Сұрапыл соғыста ленинград қаласын қорғауға қатысып, шайқасты. Барлауға шығу, тіл әкелу, құнды құжаттар мен бағалы мәліметтерді қолға түсіру майдандағы дағдылы ісіне айналғандай болды. Осындай ерлігі үшін «І дәрежелі Ұлы Отан соғысы» ордені, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы  Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «1941-4945 жылдардағы Ұлы отан соғысында жанқиярлық еңбегі үшін» медальдарымен марапатталды. Соғыстан оралған соң Баянауыл орта мектебінде мектеп директоры,  мұғалім, аудандық партия комитетінің бөлім басшысы,  1945 – 1946 жылдары аудандық атқару комитеті төрағасының әлеуметтік  қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарады. Бейбіт  заманда ауыл шаруашылығы өндірісін басқаруда да жұмысы жемісті болды. «Құрмет белгісі » ордені, «КСРО – ның еңбек ардагері», «Еңбектегі ерлігі үшін» барлығы  22 орден, медальға ие болды.

 

Марапаттары :

Орден Отечественной войны 1 степени

Медальдар: 

«За отвагу» 

«Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»


«50 лет Вооруженных Сил СССР»


«60 лет Вооруженных Сил СССР»


«25 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.» белгісі

«30 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.» белгісі

Рахметов Бейсен  /1924 – 1999 ж.ж./


Рахметов Бейсен 1924 жылы дүниеге келген. 1931 жылы ашаршылықта әке – шешесінен, туған туысқандарынан айырылып, балалар үйіне түседі.Осы жерде 7 сыныпқа дейін оқып, кейін  Майқайың селосында шахтада «Заваевшик» мамандығы бойынша жұмыс істейді. 1942 жылғы күзде осы жерден 18 жасында майданға аттанады. Майданда «Максим» пулеметін игеріп, маңызды Курск-Ореовск шайқасында көрсеткен ерлігі үшін ІІІ – дәрежелі орденімен марапатталды. 1944 жылдың наурыз айында ауыр жарақаттанып, Самарқанд қаласындағы госпитальде 6 ай емделіп, туған елге оралды. 1949 жылы тыл ардагері, жары Қайыржанды кездестіріп, отау құрды. Он бала тәрбиелеп өсірді.Соғыстан кейін жылдары жауапты қызметтер атқарды. Бірнеше мәрте адал қызметі үшін құрмет грамоталарымен марпатталды. 1999 жылы дүниеден өтті.

Марапаттары:

Ордендер:

Отечественной войны  І степени


Славы ІІІ степени


Медальдар:

«За Отвагу»


«Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»


«Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»


«Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»


«50 лет Вооруженных Сил СССР»


«60 лет Вооруженных Сил СССР»


«25 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.» белгісі

«30 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.» белгісі