Шығармашылық жұмыстың тақырыбы:
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту
Шығармашылық жұмыстың мақсаты:
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушыларды сөзді дұрыс қолдана білуге, өз ойын орнықты жеткізуге, еркін сөйлей білуге жетелеу, дағдыландыру
Шығармашылық жұмыстың міндеттері:
Өз идеяларын дәлелдеуге және ауызекі сөйлеуін дамытып, білімге деген қызығушылығын арттыру
Ғылыми болжам
Қазақ тілі мен әдебиетінен өз білімін көтеруге білім, білік дағдысы қалыптасқан, ақыл-ойы
жүйеленген, жоғары білімді азамат қалыптастырады.
Жұмыстың зерттеу нысаны:
Мектеп бағдарламасы бойынша оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыра отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Зерттеу пәні: қазақ тілі мен әдебиеті
Зерттеу әдістері:
Оқушылардың жеке тұлғасының дамуы балалардың сабақ барысында және сабақтан тыс, жекелей
жүргізілген жұмыстарының нәтижесі және сапасынан алынған салыстырмалы негізінде алынған
көрсеткіштер.
Зерттеу болжамы:
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдарын қамтамасыз етсек, онда
оқушылардың шығармашылық қабілеттері арта отырып, оқытудың сапасын көтеріп, оқушылардың
білімдерін кеңейтіп, тереңдеуін қалыптастырар едік, өйткені бүгінгі қоғамға өте білімді және бәсекеге
қабілетті жас буынды оқытып, тәрбиелеуіміз керек.
Күтілетін нәтиже
1.Шығарманың тақырыбы мен идеясына талдау жасайды
2. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлайды, өз ойын еркін айта алады
Зерттеу кезеңдері
Ғылыми-теориялық кезең: 2020 - 2021 оқу жылы
Байқау кезеңі: 2021-2022 жж.
Бақылау кезеңі: 2022-2023жж.
Қорытынды кезең: 2023-2024жж.
Ғылыми-теориялық кезең
2020-2021 оқу жылы
Мақсаты:
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдарын анықтау.
Міндеттері:
Ғылыми теориялық әдебиеттерді жинақтау, танысу. Оқушылардың жазба жұмыстарында жұмыс істеу қабілеттерін жетілдіру жолдарын анықтау. Оқушылардың жазу мүмкіндіктерін тану
Болжамдап отырған нәтиже:
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнін сүйетін, өз ойын еркін жеткізе алатын белсенді, шығармашылықпен айналысатын тұлға.