«Мұса бала атанып,
Он үште орын сайлаған,
Бас қосылған жиында,
Бұлбұлдай болып сайраған»
Мәшһүр Жүсіп Көпеев
Мұса Шорманұлы 1818 тылы Аққелінде қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Бул Ақкелін тауларының батыс беткейінде, Ащысу өзенінің жағасында орналасқан қазіргі кезде Мұса Шорман, бурынғы Теңдік ауылының маңы.
Мұса - Орта жүздің атақты да, қудіретті тайпалық одағы Сүйіндік көсемі Сәти мырзаның ұрпағы. Атасы Күшік би, ал әкесі жастайынан бала би атанған Шорман би (шын есімі Жумабай). Ата-бабаларының іс-әрекеті, қоғамдық-саяси қызметі, жалпы сол уақыттағы Орта жүз даласындағы ахуал жас Мұсаның тулға болып қалыптасуына, азаматтық ұстанымының жастайынан шыңдалуына, өзіндік көзқарас құруына зор ықпал еткені күмәнсіз. Мұса 15 жасынан бастап Қаржас руының басшылық қатарына қосылады.
Мұса Шорманұлы алғашқы білімін ауыл молдасынан тәмәмдаған, ал 1830-1832 ж. Баянауыл приказының казактарының көмегімен орысша сауаттылығын ашады. 1832-1833 жж. ол Сібір Қазан әскерінің училищесінде оқыған.
1833-1840 жж. Баянауыл сыртқы округінің Қулене-Қаржас болысының болыс басқарушысы. 1840 жылы Мұса Шорманұлы Баянауыл округтік дуанының заседателі (қазысы) қызметіне тағайындалады.
Мұса Шорманұлының Баянауыл сыртқы округін басқару-өміріндегі ең маңызды кезең болып табылады. Бұл лауазымда ол 15жыл(1853жылдан 1868жылға дейін) жұмыс істеді. 1854 жылғы 11 қыркүйекте болған сайлаулар негізінде және Семей облысының әскери генерал- губернаторының, Батыс Сібір генерал-губернаторы Г.Х. Гасфорттың руқсатымен Мұса Шорманұлы аға султан болып бекітіледі.
1855 жылдың қаңтарында I Николай патшаның руқсатымен Мұса Шорманұлы қазақтар делегациясының қурамында алғаш рет Санкт-Петербургке келеді. Бунда оған есаул атағы беріледі. 1856 жылғы 26 тамызда қазақ делегациясы жаңа император ІІ Александрға тәж кигізу салтанатты рәсіміне қатысады.
XIX ғасырдың 60 жылдары Сібірде болған М. Шормановтың облыстық ісі бойынша Мұса Шорманұлы күдіктілер қатарында болды. М.Шормановтың достары - Г.Н. Потанин, Н.М. Ядринцев өзінің еркіндік сүйгіш іс-әрекеті үшін сотталды. Ш.Уәлиханов зардап шегеді. Оның әкесі Шыңғыс Уәлиханов және Мұса Шормановтың немере ағасы күдіктілер қатарында болатын.
1865 жылы М.Шорманұлы Шыңғыс Уәлихановпен бірге «мазасыз қазақ», «сенімсіз адам» деген кудік уәжімен сібір облыстықтармен жанама қорым-қатынас жасайды деген айып тоғылады және полицияның бақылауында болады. Сонымен қатар ескі «кунәларды», М.Шормоновтың сенімсіз адам енендігін назарға ала отырып, Батыс Сібірдің жақа генерал-губернаторы А.П.Хрущов 1868 жылы оны лауазымынан босатады.
Осылайша, Мұса Шорманұлы Баянауыл дуанының лауазымында қатарынан 15 жыл жумыс істеп, отставкаға кетеді. Өзінің аға сұлтан қызметіндегі жеміст жұмысы үшін М.Шорманұлы жазбаша мадақтамалар мен жоғарыда тұрған лауазымдық тұлғалардан және Ресей императорының өзінен әртүрлі сыйлықтар алады.
Мұса Шорманұлының Баянауыл сыртқы округіның аға сұлтаны лауазымында өткізген жылдар оның өміріндегі ең жемісті жылдар болды. Ол әкімшілік ережені пайдалана отырып, қазақтарды Ресей қоғамына, Ресей империясындағы әлеуметтік-саяси және шаруашылық-мәдени қарым-қатынастар жүйесіне интеграциялауға қолайлы жағдайлар жасай алды.
Полковник атағында отставкаға шыққаннан кейін Мұса Шорманұлы Батыс Сібір генерал-губернаторлығында (1869-1884 жж.) қазақтар бойынша кеңесші лауазымын атқарады. Кеңесші лауазымында Мұса Шорманұлы қоғамдық бастамаларды бастады, яғни бұл отарлау билігімен өзара әрекет етуге бағытталған ресми емес іс-әрекет болатын. Дегенмен, нақ осы жылдары оның ағартушылық істері айқын көрінеді. Қазақ балаларын медреселер, гимназиялар мен университеттерге оқуға жіберу, оларға қаржылай көмек көрсету, жәрдем беру - оның өмірлік устанымына айналады.
1884 ж. желтоқсанда полковник М.Шорманұлы қазақ халқының қажеттіліктері жайлы жобаны талқылау үшін генерал-губернатормен бетпе-бет жүздесуге Омбыға келеді. 26 желтоқсанның кешкісінде Мұса өзін нашар сезініп, аяқ астынан дүние салады. 1885 жылы 1- қаңтарда Мұса Шорманұлы Ақкелін ауылында жерленеді.
Мұса Шорманұлы қазақтың өмірін, турмыс-жағдайын өте жақсы білді, сондықтан да Ресейдің зерттеушілері мен шенеуніктері қазақтың тарихымен, этнографиясымен танысу барысында Мұса Шорманұлына арқа сүйеп, керек мәліметтерді сұрап-біліп жүрген. Сол мәліметтердің арқасында Г.Н.Потанин, Н.М.Ядринцев, А.К.Гейнс, Ш.Ш.Уәлихановтар өздерінің қағаз беттеріне көшпелі өмір жайлы деректерді жазып, жариялап отырған. Сонымен бірге, Мұса Шорманұлы өзінің жариялаған этнографиялық еңбектерінде қазақтың дәстүрлі мәдениетін, шарушылығын өркениетті әлемге алғашқылардың бірі болып танытты.
Мұса Шорманұлы өмірбаянының негізгі кезеңдері
1818ж. - Мұса Шорманұлының туған жыл
1830-1832 жж. - Ақкелін ауылы мен Баянауыл станицасында білім сауатын арттыруы.
1832- 1833 жж. - Сібір казан әскери училищесінде оқуы.
1833- 1840 жж. - Баянауыл сыртқы округінің Қүлеке-Қаржас болысының болысы.
1837-1838 жж. - Кенесары Қасымұлы көтерілісінің бастапқы кезеңіне қатысуы.
1841-1850 жж. - Баянауыл сыртқы округінің қазысы.
1853 ж. - хорунжий шенінің берілуі, Ақкелін баурайында қыстауының салынуы.
1853-1868 жж. - Баянауыл сыртқы округінің аға султаны.
1855 ж. - император Николай І-нің қабылдауы.
1856 ж. - император Александр ІІ-нің қабылдауы.
1856 ж. - император Александр ІІ-ге тэж кигізу рәсіміне қатысу.
1856ж. - майор атағының берілуі.
1860 ж. - Ақкелінде бөренеден үлкен уйдің салынуы.
1860-1870 жж. - Мұса Шорманұлының ағартушылық және қайырымдылық қызметі белсенділігінің артуы.
1863ж. – подполковник атағының берілуі.
1869ж. - подполковник атағында отставкаға шығуы.
1868-1884 жж. - Батыс Сібір генерал губернаторлығында қазақтар бойынша кеңесші.
1883 ж. - «Батыс Сібір қазақтарының мал шаруашылыгы ту р ал ы » е ңб е г і н і ң жариялануы.
1884 ж. 26 желтоқсан - Мұса Шорманұлы Омбы қаласында дүниеден өтті.
1885 ж. 1 қаңтар - Мұса Шорманұлы Ақкелін баурайында жерленді.
1885 ж. 18-23 шілде - Мұса Шорманұлының жылына орай ас берілуі.