Мнения
Пікірлер.
Шоң мен Шорман ел иесі болып тұрған күнде, Құдай рахмет қылсын, Шоң бидің ғақылға кемеңгерлігімен Кенесары, Наурызбайдың жетегіне ілікпей, жел бергеніне желікпей, Иван Семенович деген полковой келіп, Баянаула тауынан Мырзашоқы деген жерден ағаш кестіріп, қала салып, Шоң биді аға сұлтандыққа сайлап,онан бері қарай қазақ жұрты асын тыныштықпен ішіп, жесір қатын, жетім бала малына ие болды.
М.Ж. Көпейұлы
Шоң сұлтан емес, бірақ ірі адам. Ол орыстар осы жерге келер алдында өмір сүрген. Ақылы, әділдігі және күш- қуатының зорлығы арқасында ол өз ортасында үлкен беделге ие болған. Оның өмірі анау – мынау ханнан артығырақ пәрменді жүрген. Қылмыскерлерді өзі жазалаған, оларды кейде асау атпен сүйреттіріп, аяусыз түрле өлтірткен
Адольф Янушкевич поляк жазушысы
«Шоң үлкен адам болған.Елді әрі ақылды, әрі әділ және іскер басқарғаны сонша, оның өкіметіне хандар да қызыға қараған. Ол заманда төрелер халықты қатты қанаған екен. Шоң оларды өзі билеген аймақтан аластатып, халқының шексіз сүйіспеншілігіне бөленген».
Адольф Янушкевич поляк жазушысы
1861 жылы Парижде шыққан
«Күнделіктер мен хаттар» атты кітабынан