Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Ө.Сыдықованың бес жылдық білім сапасының сараптамасы
Қазіргі уақытта уақытта елімізде тіл саясаты мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тікелей басшылығымен салиқалы да сындарлы түрде жүзеге асырылуда . Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында тіл саясатына , оның ішінде қоғамдағы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесіне тоқталмай өткен емес . Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында : Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс . Бұлар : қазақ тілі - мемлекеттік тіл , орыс тілі - ұлт аралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі » -деген болатын . Сол себепті ұстаз мақсаты оқушыларды заман талабына сай , келешекке нық қадам баса алатындай етіп дайындау . Әдебиеті қайталауы көп , еске түсіруі мол пән болғандықтан , алғашқы сәттерде сұрақтарға бірден жауап бермеген оқушы келер сәтте белсенділік танытып білімін көрсете алады . Осындайда оқушы еңбегіне алғашқыдан көтеріңкі баға қойып оны қолдап ақпараты көп , еске түсіруге мол пән болғандықтан , алғашқы сәттерде сұрақтарға бірден жауап бермеген оқушы келер сәтте белсенділік танытып білімін көрсете алады . Осындайда оқушы еңбегіне алғашқыдан көтеріңкі баға қойып , оны құптап , талдап айтып жіберемін . Жаңартылған білім беру мазмұынына көшкен сыныптардағы әрбір қойылған балл үшін түсініктеме қалдырып отыру , үлгілі жұмыстарды сыныппен таныстыру , кемшілігі бар жұмыстарды оқушы аты - жөнін көрсетпей түзетуге бағыт беру , болашақта ондай қателерді басқалардың да қайталауына жол бермеу де жақсы нәтиже береді . Әділ қойылған баға оқушы мен мұғалім арасында адамгершілік қарым - қатынас орнықтырады .
2017-2018 оқу жылында:
- қазақ тілі пәнінен жалпы білім сапасы - 62 %
- қазақ әдебиетінен -65 %
2018-2019 оқу жылында:
- қазақ тілі пәнінен жалпы білім сапасы - 64 %
- қазақ әдебиетінен -67 %
2019-2020 оқу жылында:
- қазақ тілі пәнінен жалпы білім сапасы - 65 %
- қазақ әдебиетінен -69 %
2020-2021 оқу жылында:
- қазақ тілі пәнінен жалпы білім сапасы - 69 %
- қазақ әдебиетінен -72 % көрсетіп отыр .