Шығармашылық жұмыс тақырыбы:

Математика сабағында оқушының ойлау дағдысын дамыту жолдары.

Мақсаты:

Баланың ақыл - ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру ,өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру,заман талабына сай ойын жүйрік етіп тәрбиелеу.

Міндеттері:

  1. Мектеп оқушылары арасынан табиғи қабілетті оқушыларды анықтау және сол оқушылардың арасынан дарынды оқушыларды шығару;

  2. Мектептің білім беру ортасында дарынды және қабілетті балалардың дамуына жағдай жасау;

  3. Дарынды балаларды дамыту және оларға қолдау көрсету. Білімдерін көрсету үшін әртүрлі пән олимпиадаларына, ғылыми жоба қорғау сайыстарына, интеллектуалды, шығармашылық сайыстарға қатыстыру;

  4. Дарынды, қабілетті оқушылардың өзіндік ойлауларын, шығармашылықтары мен белсенділіктерін дамыту және ынтасын арттыру мақсатында оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді, инновациялық технологияларды жүйелі қолдану.

Зерттеу ауқымы:

Бастауыш сыныптар.

Зерттеу пәні:

Бастауыш сынып.

Зерттеу нәтижесі:

Оқушылардың білім-біліктілігін, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік беру арқылы үздік көрсеткішке жетеміз. Оқушылардың логикалық ойлауын, сана-сезімін, дүниетанымын, іскерлігін қалыптастыру және шығармашылығын дамытуға қол жеткіземіз.

Зерттеу кезеңдері:

  1. Теориялық іздену кезеңі: 2017-2018 жылдар.

  2. Байқау кезеңі: 2018-2019 жылдар.

  3. Бақылау кезеңі: 2019-2020 жылдар.

  4. Қорытынды кезең: 2020-2021 жылдар.