Қазақ әдебиеті

Құрметті, оқырмандар!

Кітап - ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына. Төменде Сіздерге таңдаулы шығармалардың тізімін ұсынып отырмыз. Өз қалауыңды таңдап, жүктеп алыңыз. Уақытыңызды тиіді өткізіңіз. Сәттілік!

Маңызды ескертпе! Кітаптар негізінен екі форматта: pdf және epub. Epub форматтағы кітаптарды телефон, планшет немесе компьютермен оқу үшін қажетті бағдарламалар жүктеп барып оқу мүмкін болады. Мыс. epub reader, e-book viewer тәрізді бағдарламалар. Егер қолыңызда PocketBook, AmazonKindle тәрізді құрылғыңыз болса, кітаптар екі форматта да қолжетімді болады.

Махаббат қызық мол жылдар

Əзілхан Нұршайықов

Әдебиет әлемінде мәңгілік тақырыпқа айналған "махаббат мәселесі - бұл романның асыл арқауы"... Кезінде қалың оқырманның тұмарындай, сүйікті шығармасы болған кітап бүгінгі күннің балғын оқырманын да бей-жай қалдырмайтыны белгілі.

Аққан жұлдыз 1

Сәбит Мұқанов

Бұл шығарма атақты ғалым Шоқан Уәлиханов туралы көптеген зерттеу, маңызды еңбектерге, фактілерге негізделіп, Шоқан болған жерлерге саяхаттар жасау нәтижесінде өмірге келген шығарма.

Аққан жұлдыз 2

Сәбит Мұқанов

Қазақ әдебиетінің алыптар шоғырының бастауы Сәбит Мұқанов қазақтың 19 ғасырдағы ойшыл-ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығын ұзақ жылдар бойы терең зерттеді. Осы зерттеу еңбектерінің нәтижесінде «Аққан жұлдыз» (1967–1970) романы туды. Еңбектің көркемдік жағы Шоқанның тұлғасын өзі өмір сүрген қоғамның әділетсіздігін сынай отырып жазылуымен ерекшеленеді. Шығармада қазақ-орыс қатынасының аражігі, сол кезеңде қабылданған реформаның, патшалық Ресейдің қол астына кірген қазақтың жайы кеңінен қамтылған.

Ұшқан ұя

Бауыржан Момышұлы

«Ұшқан ұя» романы – Бауыржан Момышұлының мемуарлық шығармасы. Шығармаға автордың балалық шағынан, ес біле бастаған, мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі өмірі өзек болған. Жазушы өзінің тұлға ретінде қалыптасуына ұшқан ұясы ықпал еткенін баяндай отырып, отбасы мүшелерін: әжесі Қызтумас, әкесі Момыш, немере ағасы Момынқұл, әпкелері Үбиан, Әлимандарды өзіндік бейнелерімен әр қырынан танытқан. «Ұшқан ұя» романы – мемуарлық шығарма ғана емес, қазақтың салт-дәстүрі, ғұрпы, ұстанымы, дүниетанымы әсерлі бейнеленген этнографиялық шығарма.

Ханша-Дария хикаясы

Әбіш Кекілбаев

Әбіш Кекілбаев – жазу стилімен ғана емес, тақырыбымен де өзгеше жазушы. Аңыз-әфсаналарды бүгінгі реалистік өмірмен ас­тас­­тырып, оның аражігін аса біл­дірмейтін баяндау әдісін тапты. «Ханша-Дария хикая­сы» ар­қылы әрбір зордың түбіне өз әл­сіздігі жететінін көркем бейнеледі. Жазушы ежелгі аңыз-әңгімелерді шебер пайдалана отырып, өткен күннің жарқын да қаһарлы бейнесін, моральдық бейнесін жасайды, бүгінгі күннің келелі мәселелерін сөз етеді.

Балалық шаққа саяхат

Бердібек Соқпақбаев

Балалар поэзиясы. Драма. Қазақтың классик жазушысы Б.Соқпақбаевтың кез-келген туындысын оқыған адам шынайы сурет пен баланың аңғал мінезімен өрілген ауқымды тақырыптың астарына жолығады. Шебер суреткердің әйгілі шығармаларының қатарында «Балалық шаққа саяхат» повесінің орны бөлек.

Қызыл жебе 1

Шерхан Мұртаза

«Қызыл жебе» роман-трилогиясы – ірі қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың өмірін, туған ортасы мен ел үшін істеген қызметін танытатын кең тынысты шығарма. Роман Тұрардың балалық шағы мен өскен ортасын, тегін, Сібірге айдалып бара жатқан әкесі Рысқұлдың өмірін, әке кегін баяндаудан басталады. Шығармаға өзек болған сюжеттер Тұрардың өсу, қалыптасу, кемелдену кезеңін көрсетіп, қиын өмірдегі күрделі тартыстардың бел ортасында жүрген Тұрардың бейнесін асқақтата түседі.

Қызыл жебе 2

Қызыл жебе 3

Қызыл жебе 4

Қызыл жебе 5

Ай мен Айша

Шерхан Мұртаза

«Ай мен Айша» романы Шерхан Мұртазаның өз өмірінен сыр шертеді. Романда ашыршылық жайлаған зұлмат жылдарда дүниеге келіп, қазақ зиялылары репрессияға ұшыраған жылдарда әкесінен айырылып, одан кейін Ұлы Отан соғысының тауқыметін бастан өткеріп қанша қиыншылық көрсе де, еңсесі түсіп езілмей, ағынға қарсы жүзе білген Барысхан деген баланың өмірі және сол балаға өшпестей үміт сыйлап, өмірлік шам-шырағы, қайсар қаһарманы болған анасы Айша жайында баяндалған.

Өмір сүруге рұқсат етіңіз!

Баянғали Әлімжанов

«Өмір сүруге рұқсат етіңіз!» повесі соғыс мүгедегінің дүниедегі қиянат атаулы күштілердің бойында әділдік сезімі мен ар-ұяттың жоқтығынан деген қорытындыға келіп, сол жолдағы фантастикалық күресін суреттейді.

Алғашқы сапар

Нығмет Ғабдуллин

Белгілі қаламгер Н.Ғабдуллиннің бұл жинағына жас жеткіншектер өмірінің қыры мен сыры қызықты да тартымды бейнеленген әңгімелері мен повестері беріліп отыр.

Қарт тергеушінің әңгімелері

Болат Бодаубай

«Қарт тергеушінің әңгімелері» романы – кейіпкердің аузымен айтылатын жеке-жеке тартымды хикаяттардан тұратын, жиырмасыншы-отызыншы жылдардағы шиыршық атқан шындық оқиғалар негізінде жазылған, кезінде жұртшылықтың ыстық ықыласына ие болған туынды.

Саяси-әлеуметтік публицистика

Алдан Смайыл

Бұл кітапта ХХІ ғасырдағы қазақ қоғамының саяси-рухани негіздері жан-жақты зерттеледі. Мемлекет пен халықтың өміріндегі тұлғаның орны және ұлттың тарихи рөлі жайлы жаһандық философиялық тұжырымдар арқылы кеңінен баяндалған. Ұлтшылдық, жаңа замандағы ұлттық сәйкестік, ұлттық намыс пен ұлт тілі туралы толғаныстар деректердің молдығымен және тың ой-байламдарымен құнды.