Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды тиімді қолдану арқылы білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Мақсаты: Білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру. Жаңа заман мұғалімі өз білімін қолдану мен қатар, шәкірттеріне зерттеушілік, ізденушілік әрекеттерін меңгерту.
Міндеттері:
- оқушылардың оқыған тақырыбына тереңірек үңілуіне тосқауыл қоймау
- оңайдан қиынға көшу әдісін пайдаланып,білмегенін меңгерту
- жіберген кемшіліктерін түзетуге мүмкіндік беру
- өз ойын еркін жеткізуге үйрету
Зерттеу кезеңдері:
І. Теориялық ізденіс кезеңі - 2020-2021 оқу жылы
ІІ. Іс-тәжірибе енгізу кезеңі - 2021-2022 оқу жылы
ІІІ. Қорытынды кезең - 2022-2023 оқу жылы
"Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша қазақ тілі әдебиеті пәндерін оқытуда білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту" атты қалалық семинар өтті. Семинарда 9 "Ә" сынып білім алушыларымен "Әлемдегі демографиялық өзгерістер" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-модератор Өзбекова Айгерім ашық сабақ өткізді.
Мектеп мұғалімдерімен "Критериалды бағалауда мұғалім әрекеті" тақырыбында коучинг өткіздім. Коучингтің мақсаты: Оқыту мен оқу сапасын арттыру мақсатында мұғалімдерді бағалаудың критериалды, формативті және жиынтық бағалау түрлерін іс-тәжірибесінде тиімді пайдалануға бағыттау