Бастауыш сынып мұғалімі Омарова Динара Уалиханқызының 2017-2018, 2018-2019, 2019-2020, 2020-2021 оқу жылдары бойынша үлгерімі мен білім сапасының сараптамасы

2017-2018 оқу жылында 1 «Б» сыныбында білім сапасы 52% көрсетті. 2018-2019 оқу жылында 2 "Б" сыныбында білім сапасы 62%, 2019-2020 оқу жылында 3 "Б" сыныбында білім сапасы 72%, 2020-2021 оқу жылында 4 "Б" сыныбында білім сапасы 65% көрсетті. Бірінші сыныптан бастап жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша, яғни сын тұрғысынан ойлау стратегиясының стратегиялары мен әдіс-тәсілдерін үнемі сабақтарымда қолданып келемін. Сабақтарымның сипаты жаңа мазмұнға ие болды, оқушылардың да білімге деген қызығушылығы арта түсті. Төменгі сыныптардан бастап, оқушылардың сын тұрғысынан ойланып сөйлеуі мен жазу дағдыларына көп көңіл бөліп келемін. Оқу мен жазу бірге жүретіні белгілі, сондықтан да оқушылардың сауатты оқуы мен жазуы маңызды. Сабақтарда оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын: жұптық, топтық, жеке, ұжымдық түрлерін қолдану балалардың ой-өрісі мен ақыл-ойының дамуына зор үлес қосады, әрі осындай тапсырмаларды қызыға орындайды. Баланы ойланып сөйлеуге, ойланып жауап беруге дағдыландыру үшін ашық сұрақтар қоюды дағдыға айналдырдым. Сұрақ дұрыс қойылса, бала да дұрыс жауап беретініне көзім жетті.