2023 жылдың 30 наурызында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде математикалық сауаттылық апталығы аясында жас маман математика пәні оқытушысы Н.Қ. Нұрмағанбетовтың «Электронды білім беру ресурстарын оқу үрдісінде қолдану» тақырыбында шеберлік сағаты өтті.
Оқытушы шеберлік сағатында сабағында пайдаланып жүрген Wordwall, LearningApps.org, narakeet, QAZMATH, Joyteka, genially, plickers, flippity, Prezi, padlet сияқты тиімді электронды білім беру ресурстарын қолданудағы тәжірибесімен бөлісті.
Шараға қатысқан оқытушылар мен студенттер аталған білім беру ресурстарын білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын, сабақ барысындағы белсенділігін, шығармашылық ізденістерін арттыруға зор үлес қосатынын атап өтті.
Шараға 12 оқытушы мен 60 студент қатысты.
06-10.02.23 ж. күндері аралығында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде PISA мазмұны негізінде жалпы білім беретін пәндер бойынша колледжішілік пәндік олимпиада өтті.
Олимпиада мақсаты – дарынды студенттерді анықтау, олардың интеллектуалдық дамуы үшін қолайлы жағдай жасау. Аталған олимпиадаға колледжіміздің барлық бөлімдерінің 1-курс студенттері қатысып, білімдерін сарапқа салды. Жалпы олимпиадаға қатысуға өтінім берген студенттер саны көп болды. Олимпиада жеңімпаздарын мадақтамалармен марапаттады.