Сабақтан тыс жұмыстар

2023 жылдың 29 наурызында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде математикалық сауаттылық апталығы аясында математика пәні оқытушысы Н.Е. Қайроллаеваның ұйымдастыруымен екі топ студенттерінің арасында "Математикалық квест 5+" сайысы өткізілді.

Сайыста студенттерге логикалық есептерді шешу, математика тарихынан қызықты фактілерді, сандарға байланысты мақал- мәтелдерді атау, ұлы математиктердің сөздерінен құрастырылған ребустарды шешу, сондай-ақ математикалық жұмбақтардың жауаптарын табу сияқты қызықты тапсырмалар ұсынылды.

Өткізілген шара математиканы, тарих және әдебиет пәндерін интеграциялау мүмкіндігін айқын көрсетіп, студенттердің математикаға деген қызығушылығын, олардың танымдық және шығармашылық дағдыларын дамытуда маңызды рөл атқарды деуге болады.

Сайыс тартымды және қызықты өтті. Соңында қатысушылар шараны ұйымдастырушылардың тәтті сыйлықтарымен марапатталды. Шараға 25 студент қатысты.

Видео от Нұртілеу Қайратұлы
Видео от Нұртілеу Қайратұлы
Видео от Нұртілеу Қайратұлы