Ақкелін болысында 1903 жылы алғашқы білім шырағы – бастауыш қазақ – орыс мектебі ашылды. 1918 жылы ең алғаш Сарықамыс ауылдық кеңесі құрылды. Оны ұйымдастырушылардың бірі – Кәрім Мұсаұлы еді. 1929 жылы «Теңдік» артелі құрылды. 1929 жылы Теңдік колхозында ең алғаш партия ұясы құрылды. Бес адам мүшелікке тартылды. 1933 жылы теңдік бастауыш мктебі қайта құрылды. 1934 жылы «Теңдік» колхозының председателі болып Сарбасов Қалышбек тағайындалды. Шаруашылық өркендеп дами бастады. 1935 жылы ауылға алғаш тракторлар келе бастады.
1938 жылы жаңа мектеп салынып, 1938 – 39 оқу жылынан бастап бастауыш мектеп жетіжылдық мектепке айналды.
1953 жылы сол кездегі «Қазақ ССінің ХХ жылдығы атындағы колхоз аудан колхоздарының арасындатұңғыш «Миллионер» колхоз атанады».
1957 жылы колхоздар ірілендіріліп совхозға айналды. «Теңдік», «Ленин», «Жаңажол» колхоздары біріктірілген «Шадыра» совхозы болып құрылды. Совхозға директор болып Герб деген келді.
1957 жылы совхоз 30 мың гектар жерге егін салып, әр гектардан 17 -18 центнерден өнім алды. 1955 -1964 жылдар арасында осы ауылды бірде колхоз бастығы, бірде директор, бірде портком болып басқарған Кенжебай Исиннің еңбегі зор. Осы жылдарда ол «Құрмет белгісі», «Еңбек қызыл ту», ордені мен наградталған. 1956 жылы колхоз 2 млн тонна астық тапсырып, Одақтық социолистік жарыста екінші орынды жеңіп алған жетістік үшін күміс медальмен «Урал» мотоциклі сыйлыққа берілген.
1960 жылдан бастап ауылда Астық қабылдау пункті жұмыс істеді.
Бұл мекеме ғалым жерлесіміз Қ.И.Сәтбаевтың ауылға 1959 жылы екінші рет келгенде қалдырған белгісі еді. Ұлы ғалым ұшан –теңіз маңызды істердің басында жүрсе де, туған ауылын естен шығармай , шапағатын тигізіп жатты. Сиымдылығы 24000 тонна, кептіру агрегаты бар, басқа цехтары да талапқа сай жабдықталған бұл үлкен қоймаға «Алексеевка», «Жайма», «Октябрдің 40 жылдығы», «Жаңажол», «КПСС ХХІ съезі»
атындағы совхоздардың да мол астығы қабылданатын. Оның жұмыскерлері үшін 60 - қа тарта пәтер, клуб үйі, асхана, кеңсе, зертхана т.б объектілер салынды.100 - 150 адамға дейін еңбек етті.
1960 жылы «Шадыра » совхозының құрамынан «Ленин» колхозы(«Ақши») және «КПСС ХХІ съезі» Атындағы совхоз болып бөлініп шықты.
1961 жылы «Теңдікте» жаңа мектеп салынып, жеті жылдық мектеп, сегіз жылдық мектепке айналды. Мектеп директоры Әләтай Ақпаров болды.
1962 жылдары ауылда комсомол - жастар тракторшылар бригадасы құрылды. Бригадада Мусин Уақит жетекшілік етті.
1975 жылы комсомол жастардан шопандар бригадасы құрылды. 1978 жылы тағы да Әди Әлкебайұлының ықпалымен совхозда «Алтын дән» атты тракторшы қыздар бригадасы құрылды.
Теңдік ауылында 2001 жылы жаңа мектеп салынды.
2018 жылы жаңа мәдениет үйі салынды.