ЖҮРЕК
Достарының көзімен
«Ол жай ғана тренд қалыптастыратын
әртіс емес.
Мирас Жүгенұсов — ең алдымен,
кез келген жағдайда адами қалпын сақтайтын тұлға.
Ол руханиятқа, Жаратқанға және айналасындағы адамдарға деген
махаббатқа негізделген
таза әрі мейірімді қағидаларына адал.
Соңғы нанын бөлісуге дайын,
өзін құрбан етсе де,
ешкімді жалғыз қалдырмайды.»
Әділ Балтабаев, Instagram, 2025
«Сонда Мирас өмірде де сондай адам.
Жақсы жұрттың баласы, сын маминой подруги.
Боқтамайды өмірде, жаман істемейді.
Жұрттың баласы дейді ғой:
Мен достарымнын кемшілігін ешкімге айтпаймын.»
Тұрар Ыдырыс, Қызық Times шоуы, 2025
«Мен Мирастың жеке мобилографы
болып жұмыс істедім.
Ол өте тәрбиелі, кішіпейіл,
адамгершілігі мол жан.
Онымен жеке араласқан, бірге жұмыс
істеген адамдар бұл сезімді растайды.
Нәзік жандыларға деген құрметі мен
сыпайы мінезі алыстан-ақ байқалады.
Өзі мейірімді, ешкімге зияны жоқ,
сабырлы адам.»
11.10.2025
Алғашқы стадиондық концерт
«Мен негізі бар ғой кеше үйге
барып бір жылап алғанмын.
Мына жаққа келіп.
Не үшін екенін білмеймін,
бірақ жыладым.
Бірінші шыққанда әрине
жылағың келеді ғой :
Сен үшін 30 мың тыңдармандар келіп,
басқа елден, басқа қаладан
жұмыстарын тастап,
гүл еще подарок әкеп, сен үшін…
Конечно жылағың келеді ғой.»
Мирас Жүгінісов, Әділ Балтабаевтың
Instagram сторисінен, 2025