Пән мұғалімдері өз сыныптарындағы пәндері бойынша барлық жылдық және қорытынды бағалардың қойылғандығын тексеруі керек.
Ол үшін, қажет:
қажетті сыныптың «Журналына» өту;
қажетті пәнді таңдау;
«Қорытындылар» қойындысын ашу.
Барлық БЖБ-лар мен ТЖБ-лар алынып, «Ұсын.баға» бағанында ақпарат пайда болғаннан кейін, мұғалім міндетті түрде осы бағаны «Қойылған баға» бағанына көшіріп, қолмен бағалауы керек.
Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығы негізінде мұғалім балаларға саналы түрде қорытынды баға беріп, барлық қажетті тексерулерді жүзеге асыруы керек.
Егер әлі бағаланбаған оқушылар бар болса, онда оларға бағаларын қою керек, әйтпесе, оқу үлгерімі туралы есеп қалыптаспайды.
Егер оқушы дәлелді себептер бойынша БЖБ/ ТЖБ жұмысын тапсырмаса, оқушыға уақытша - УА/А бағасын қоюы керек, тапсырғаннан кейін УА/А бағасын алып тастап, жұмыс нәтижелерін қою керек.
Барлық журналдардағы барлық қорытынды бағалардың қойылғанына көз жеткізіңіз. Ол үшін, сынып / мектеп бойынша Үлгерім есебін құрастыру қажет.
Нұсқа №1. «Үлгерім: Сыныптар» есебін құрастыру
«Үлгерім: Сыныптар» есебін құстыру үшін, қажет:
«Есептер» бөліміне өту;
«Үлгерім:Сыныптар» есебін таңдау;
сыныпты таңдап, 4-тоқсанды басыңыз:
кейін «Есепті құрастыру» батырмасына басу қажет.
Нұсқа №2. «Үлгерім: Мектеп» есебін құрастыру
«Үлгерім: Мектеп» есебін құстыру үшін, қажет:
«Есептер» бөліміне өту;
«Үлгерім:Мектеп» есебін таңдау;
4-тоқсанды көрсету;
«Есепті құрастыру» батырмасына басу қажет.
Есептің көмегімен оқушылардың аттестациялануын және мектептің есебімен сәйкестігін тексеруге болады.
❗Егер сыныпта кемінде бір қорытынды баға қойылмаса, онда есептің сәйкес жолы сызықшалармен толтырылады.
Нұсқа №1. Бір оқушының үлгерім табелін басып шығару үшін «Үлгерім: Оқушылар» есебін ашып, келесі параметрлерді таңдау керек:
оқу жылы;
сынып;
есептік кезең - «Барлық кезеңдер бойынша»;
оқушыны таңдап, «Есепті құрастыру» батырмасына басыңыз;
«Басып шығару» батырмасына басыңыз;
ашылған терезеде келесі деректерді қолмен енгізу:
табель нөмірі;
таңдау бойынша пәндер және осы пәндер бойынша бағалар;
педагогикалық кеңестің шешімі;
«Тәртібі» бойынша ақпарат.
Толтыру мысалы төменде келтірілген.
«Басып шығару» батырмасын басу.
Нұсқа №2. Толық сыныптың үлгерім табелін басып шығару үшін «Үлгерім: Оқушылар» есебін ашып, келесі параметрлерді таңдау керек:
оқу жылы;
сынып;
есептік кезең - «Барлық кезеңдер бойынша»;
«Жалпы сыныптың табельдер» батырмасына басыңыз;
ашылған терезеде келесі деректерді қолмен енгізу:
табель нөмірі;
таңдау бойынша пәндер және осы пәндер бойынша бағалар;
педагогикалық кеңестің шешімі;
«Тәртібі» бойынша ақпарат.
Толтыру мысалы төменде келтірілген.
«Басып шығару» батырмасын басу.
«Бағдарламаның орындалуы» есебі автоматты түрде толтырылады және күнтізбелік-тақырыптық жоспарлаудың, яғни КТЖ-ның орындалуын көрсетеді. Есепті сынып және пән бойынша құрастыруға болады.
Есепті құрастыру үшін:
«Мектеп» - «Есептер» бөлім ашыңыз;
«Бағдарламаларды орындау: Сыныптар» есебін таңдаңыз;
келесі деректерді көрсетіңіз:
оқу жылы;
сынып;
есептік кезең.
«Есепті құрастыру» батырмасына басыңыз.
Назар аударыңыз! Егер «Жарияланған» бірде-бір КТЖ болмаса, онда «Жоспар бойынша сағаттар», «Берілді» және «% орындалған» бағаналарында «0» мәні шығарылады.
Есепте сабақ кестесінде кем дегенде 1 сабақ жүргізетін және пән бойынша мұғалім болып табылатын мұғалімдер ғана есепке алынады, ауысым ретінде көрсетілген мұғалімдер ескерілмейді.
Ескерту:: егер мұғалімнің ауыстырулары болса, онда осы мұғалім бойынша есеп көрсеткіші 100% - дан төмен болады.
Бұл есеп жоғары тұрған ұйымдар тарапынан сұрау салынған жағдайда жүктеліп алынады.
Kundelik.kz жүйесінде жалпы білім беру мекемесінің сынып журналын басып шығару/экспорттау мүмкіндігі жүзеге асырылған.
Журналды басып шығару үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
«Мектеп» - «Журналдар» бөлімін ашыңыз;
«Басып шығару» бөліміне өтіп, қажетті сыныпты таңдаңыз;
«Бір сынып үшін толық жылға» басып шығару түрін таңдаңыз;
«Журналды басып шығару» батырмасын басыңыз.
Қосымша терезе ашылып, журналдағы пәндердің кезектілігін таңдау сұралады. Пәндердің реттілігін тінтуірдің көмегімен пән атауы бар жолды ұстап тұрып, оны тізімнің керекті орнына апару арқылы өзгертуге болады.
Төменде басып шығарылмайтын пәндер (пәндердің параметрлерінде «Көрсетпеу» таңдалынған) көрсетілген. Бұл пәндерді тізімнің жоғарғы жағына апару арқылы басып шығаруға болады. Пәндердің қажетті реттілігі орнатылған кезде, тізімнің соңындағы «Дайын» батырмасын басу керек.
Журналды экспорттау үшін:
«Мектеп» - «Журналдар» бөлімін ашыңыз;
«Экспорттау» бөліміне өтіп, қажетті сыныпты таңдаңыз;
«Экспорттау» батырмасын басыңыз.
Сондай-ақ, пән журналын экспорттау таңдалған сыныптың парақшасында да бар. Ол үшін таңдалған журнал парақшасына өтіп, экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы белгішені басу қажет.
Ескерту: мектептің барлық журналдарына тоқсан сайын экспорт (сақтық көшірме) жасау ұсынылады.Себебі журналдың баспа нұсқасында Формативті бағалар жоқ, ал экспортталатын нұсқада бар.
Сыныпты бітіргізіп шығару - бұл сыныпты толығымен жабу және сол сыныптағы оқушыларды бітіргізу. Ол тек 9 және 11 сыныптармен жүзеге асырылады.
9-сыныптар. 9 сыныптарды шығару туралы бұйрық шыққаннан кейін келесі әрекеттерді жүзеге асыру қажет.
Жаңа оқу жылында жаңа 10-сыныпты ашу:
«Әкімшілік ету» бөліміне өту;
«Сыныптар тізімі» батырмасын басу;
ауыстырғышты пайдаланып, 2023-2024 оқу жылына өту;
«+» (плюс) батырмасын басу, жаңа сыныпты құру беті ашылады;
атауын, сынып әрпін енгізіп, «Жасау» батырмасын басу.
Мектептегі қалған оқушыларды жаңа оқу жылының сыныбына ауыстыру:
Жаңа оқу жылында жаңа 10-сынып ашу:
«Әкімшілік ету» бөліміне өту;
жаңа оқу жылына ауыстырылатын сыныпты басу;
«2023 / 2024 оқу жылына ауыстыру» батырмасын басу;
аударма түрін таңдау: «Таңдалған оқушылар»;
10-сыныпқа көшетін оқушыларды «құс белгісімен» белгілеу;
құрылған 10-сыныпты таңдап, бұйрықтың күні мен нөмірін көрсету керек;
мүшеліктің басталу күні - 01.09.2023;
таңдалған оқушыларды 2023-2024 оқу жылында жаңа сыныпқа көшіру.
Ескерту: оқушыларды жаңа оқу жылына ауыстырғаннан кейін 10-сыныпты ашып, әр оқушының жеке параметрлерінде «Білім туралы құжаттар» қойындысында аттестат туралы мәліметтерді көрсету қажет.
Шығарылған оқушыларды босату үшін 9-шы сыныптың параметрлерін өзгерту қажет:
«Әкімшілік ету» бөліміне өту;
«Сыныптар тізімі» батырмасын басу;
9-сыныпты таңдап, «Өңдеу» бөліміне өту;
«Параллель» жолының жанында «Түлектер сыныбы» батырмасын басу;
өзгерістерді сақтап, кейін «Сыныпты бітіргізіп шығару» батырмасын басу;
шығару күнін көрсету (сыныптың нақты жабылу күнін көрсету керек);
бұйрықтың нөмерін, түрін және күнін көрсету;
балалардың аттестаттың нөмерін белгілеу:
құжат типі;
сериясы;
нөмір;
тіркеу №;
есепке алу кітабындағы жазбаның нөмірі.
Қайта қалпына келтірілген немесе жаңа келген оқушыларды қосу жаңа 10-шы сыныпта жүзеге асырылады.
11-сыныптар. 11-сыныпты шығаруды жаңа оқу жылының басталғанына немесе басталмағанына қарамастан жүзеге асыруға болады.
11 сыныпты бітіргізіп шығару үшін, қажет:
«Әкімшілік ету» -> «Сыныптар тізіміне» өту;
мұрағаттау қажет сыныпқа басу;
«Қарап шығу» қойындысында «Сыныпты бітіргізіп шығару» батырмасын басу;
шығару күнін көрсету (сыныптың нақты жабылу күнін көрсету керек);
бұйрықтың нөмерін, түрін және күнін көрсету;
балалардың аттестаттың нөмерін белгілеу:
құжат типі;
сериясы;
нөмір;
тіркеу №;
есепке алу кітабындағы жазбаның нөмірі.
Назар аударыңыз! жаңа оқу жылына ауысқан және бітірген сыныптар үшін кері әрекетті жүзеге асыру мүмкін емес.