Баяндамалардың тезисін рәсімдеу талаптары

Конференция материалдары ғылыми жинақ түрінде жарияланады. Баяндама тезистері А4 форматында көлемі 5 беттен аспайтын (суреттер, кестелер, әдебиет тізімдерін қоса алғанда) электронды түрде қабылданады. Мәтін Microsoft World редакторының 12 шрифті Times New Roman (KZ Times New Roman) және 1 (бірлік) қатар аралықта терілуі тиіс. Жиектері: сол жағы – 30 мм, оң, жоғары, төменгі жақтары – 20 мм. Жоғарғы сол жақ бұрышына ӘОЖ, одан төменірек орта жағына қалың шрифт арқылы автордың(лардың) тегі, аты, әкесінің аты, келесі қатардың орта жағына курсив шрифті арқылы ұйым, қала және елдің атауы, бір қатардан кейін әрі қарай азат жолдан бастап баяндама тезистерінің мәтіні жазылуы керек. Баяндама тезистері мәтінінде көрсетілген сілтемелер әдебиет тізіміне сәйкес тік жақшалар арқылы бейнеленеді. Әдебиеттер тізімі мәтінде көрсетілген бойынша және негізгі мәтіннен бір қатардан кейін беріледі.