Жаһанша Досмұхамедовтың 135 жылдық мерейтойына орай «Жаһанша оқулары» аясында
«ЖАҺАНША ДОСМҰХАМЕДОВ ЖӘНЕ АЛАШ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ»
тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
Жаһанша Досмұхамедовтың 135 жылдық мерейтойына орай «Жаһанша оқулары» аясында
«ЖАҺАНША ДОСМҰХАМЕДОВ ЖӘНЕ АЛАШ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ»
тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
Белгия Республикасы
Қазақстан Республикасы
Ресей Федерациясы
Татарстан
Әзірбайжан Республикасы
Әбдірахман Әйтиев - Мемлекет қайраткері
Құрметті әріптестер!
2022 жылдың 21 желтоқсанында Жаһанша Досмұхамедовтың 135 жылдық мерейтойына орай «Жаһанша оқулары» аясында «ЖАҺАНША ДОСМҰХАМЕДОВ ЖӘНЕ АЛАШ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Орал қаласында Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында өтеді. Конференцияға алаштанушы ғалымдар, зерттеушілер, білім беру мекемелерінің тарихшы оқытушылары, студенттер қатысады.
Конференцияның мақсат-міндеттері:
Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күрестеріне жол бастаған «Алаш» идеясы тарихы мен сол бағытқа өмірін арнаған Алаш қайраткері, Күнбатыс Алашорда үкіметінің төрағасы Жаһанша Досмұхамедовтың өмірі, қоғамдық-саяси қызметі туралы зерттеулермен танысу, пікір алмасу, жастардың ғылыми-зерттеушілік, танымдық қызығушылығын арттыру.
Елдің еркіндігі жолында құрбан болған асыл ерлердің ерен ерлігі мен еңбегін насихаттай отырып, ұлт болып ұйысу жолындағы ұстанымымен жас ұрпақты жақынырақ таныстыру.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияның бағыттары:
1.Жаһанша Досмұхамедов мұрасы-ұлт қазынасы
2.Саяси қуғын-сүргін құрбандарын зерттеу мәселесі
3.Ұлттық тарихқа жаңаша көзқарас: рухани білімнің жаңғыруы
4.Жаңа Қазақстан: Рухани жаңғыру жолындағы жастар тәрбиесі.
Конференцияға қатысу үшін 2022 жылдың 15 желтоқсанына дейін ұйымдастыру комитетіне мына құжаттарды жіберу сұралады:
Талапқа сай баяндама тезистері.
Сіздің конференцияға қатысқаныңызға алғыс білдіреміз.