Қалмұқан Исабай
(1925-2015)
Қалмұқан Исабай - 1925 жылы тамыз айының 25-ші жұлдызында Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген.
1933 - 1941 жж. –қазақ орта мектебінде оқыды. (Баянауыл).
1938 ж. - Баянауылдағы промкомбинатта жұмысшы.
1941 - 1943 жж. 9 сыныпты бітіріп, Совет Армия қатарына шақырылды.
1943 - 1945 жж. – Ұлы Отан соғысына қатысты (кіші лейтенант, аға лейтенант, подполковник).
1945 - 1948 жж. - Термез, Керки, Фергана қалаларында әскери қызметте.
1949- 1954жж. - Германияның Ильменау қаласында комендант қызметін атқарды.
1954 жылдың күзінде запасқа шығады. 1954-1955 оқу жылында Алматы қаласының № 24 кешкі жастар мектебінің 10 сыныбын тәмамдап, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне сырттай оқуға түсіп, оны 1961 жылы бітіріп шығады.
1955-1961 жылдары «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкері болып жұмыс атқарады.
1959 жылы оның «Баян» атты әңгімелер жинағы жарық көреді. Сонымен қатар жуық арада оның жазушы Р.Райымқұловпен бірге жазған «Ашынған жандар» атты қойылымы Алматы жастар театры және Қарағанды облыстық драма театрларының сахнасында қойылған.
Ертіс-Қарағанды каналының жобасымен танысып, 1961 жылы болашақ су жолы жүретін жерлермен 500 километр жаяу сапар шегіп, «Гвардейц стройки» атағына ие болған. Нәтижесінде «Арман арнасымен» атты күнделік кітабы жарық көрді. 12 жыл бойы құрылыстың басы-қасында болып, «По руслу мечты», «Подвиг в степи», «На стыке судеб», «Сұңқар самғауы» атты кітаптар, жүзден астам проблемалық очерктер мен мақалалар жарық көрген.
1969-1981 жылдары «Жұлдыз» журналының Бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бюросының директоры қызметін атқарды.
1979- 1980 жылдары Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін мәрмәр тасқа жазғызып, Гетенің ГДР-дегі Габельбах мұрағатына қойған және осы сөзге жазылған Абай әнінің магнитофон таспасын тапсырған.
1982-1985 жж. – ҚазСОР мәдениеті мен тарихы ескерткіштерін қорғау Қоғамы Орталық кеңес бөлімінің аға нұсқаушысы қызметін атқарды.
Драматургия саласында «Десант» атты комедиясы Қазақ СОР Мәдениет министрлігінің 1984 жылғы байқауында жүлделі орынға ие болды.
1985 жылдан бастап шығармашылық жұмыспен айналысады.
1992 жылы Павлодар облысындағы Ермак қаласына қойылған басқыншы атаманның ескерткішін алуға, қала атын Ақсу деп өзгертуге атсалысқан.
Қалмұқан Исабайдың арқасында Екібастұзды алғаш табушы құрметінің иесі Қосым Пішенбаев бабамыз тарихтан ресми түрде өзіне тиесілі орынды алып, атына көше берілген. Кейін, 1994 жылы Қ.Пішенбаевтың туғанына 150 жыл толуына орай Екібастұз қаласында ескерткіш орнатылған.
Қ.Исабайдың бастамаларымен 2000 жылы Берлиннің бір көшесіне Абай аты берілген. Ал 2010 жылы 25 сәуірде Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Италиядағы Елшілігі қолдауының арқасында Италияның Триест қаласында 1943-1945 жылдары азат ету кезінде қаза тапқан 104 кеңестік жауынгердің рухына арналған ескерткіш ашылды.
Сондай-ақ, жазушының бастамасымен 2012 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында Шоң биге ескерткіш орнатылды.
Қ.Исабай - Қызыл Жұлдыз (1945ж.), Еңбек Қызыл Ту (1975ж.), І-II дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет» ордендерімен, ГДР-дің Герман — Совет достығы қоғамының алтын белгісімен (1983ж.), «Екібастұз қала алдында сіңірген еңбегі үшін» және «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 50 жыл» мерекелік медальдарымен (1995ж.) марапатталған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2005ж.). «Белсенді қызметі үшін» республикалық саяси «Отан» партиясының кеуде белгісімен марапатталды (2006ж.). 2012 жылы 30 қарашада Павлодар облысының Құрметті азаматы атағына ие болды.
2020 жылы Ресей Федерациясы Президентінің Жарлығымен «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жыл» мерекелік медалімен қайтыс болғаннан кейін марапатталды.
Қ.Исабайдың «Жазушы», «Ана тілі», «Казақстан», «Өлке», «Атамұра», «Елорда» баспаларынан «Жұмбақ үй» (1962ж.), «Арман арнасымен» (1962ж.), «Бетпе-бет» (1963ж.), «Қарабала» (1965ж.), «Сұңқар самғауы» (1966ж.), роман «Айқыз» (1967ж.), «Подвиг в степи» ( 1966ж.), «Соңғы тәулік» (1969ж), «На стыке судеб» (1969ж.), «Өткелде» (1974ж)., «Жолдас комендант» (1975ж)., «Өрде» (1978ж.), «Голубой ветер» (1978ж.), «Арна» (1984ж.), «Соңғы тәсіл» (1987ж.), «Зарок» (1989ж.), «Бақытты сәттер» (1989ж.), «Шоң би» трилогиясы (1993ж.), «Чайки в степи» (1994ж.), «Қажыға барған қазақтар»(бірлескен авторлық) (1996ж.), «Қаныш аға осындай еді...» (бірлескен авторлық) (1999ж.), «Берлин ”Абайштрассе”» (2002ж.), «Мұндайлар болған» (2003ж.), «Алғы шепте» (2005ж.), «Патшадан шен-шекпен алған қазақтар»(2007ж.), «Өсиет»(2008ж.), «Өтелген парыз» (2015 ж.) және т.б. кітаптары жарық көрді.
Қ.Исабай қазақ жазушыларының ішіндегі өз шығармаларында Еуропа елдерінің халықтары өмірін сомдаған ең алғаш жазушы болған. Оның шығармашылығында қазақ зиялы қауым өкілдерінің қалыптасуы, қазақстандықтардың жауынгерлік және еңбекқорлық ерліктері көрініс тапқан.
Писатель, журналист, краевед, участник Великой Отечественной войны, полковник в отставке Калмухан Исабай родился 25 августа 1925 года в селе Баянаул Павлодарской области.
1933 - 1941 гг. - учеба в казахской средней школе (с.Баянаул).
1938 г. - разнорабочий промкомбината в селе Баянаул.
1941 - 1943гг. после окончания 9 класса призывается в ряды Советской Армии.
1943 - 1945 гг. - участник в Великой Отечественной Войне (младший лейтенант, старший лейтенант, подполковник).
1945 - 1948 гг. - военная служба в городах Термез, Керки, Фергана.
1949- 1954гг. - военная служба в должности коменданта города Ильменау (Германия).
1954 -1955 гг. - окончил 10-й класс средней вечерней школы рабочей молодежи (СШРМ) № 24 г. Алма-Аты.
1955-1961 гг. - литературный сотрудник, очеркист редакции республиканской газеты «Социалистик Казахстан».
1955-1961 гг. - окончил (заочное обучение) филологический факультет Казахского государственного университета им.С.М.Кирова по специальности казахский язык и литература.
В 1959 году выходит в свет сборник рассказов «Баян». После на сценах Алма-Атинского театра Юного зрителя и Карагандинского областного театра Драмы ставится пьеса «Озлобленные люди», написанная в соавторстве писателем Р.Раимкуловым.
В 1961 году К.Исабай пешком прошел 500 километров по пути строительства канала «Иртыш-Караганда» и был удостоен звания «Гвардейца стройки». В 1962 году в издательстве «Казахстан» выходит сборник очерков «По трасам мечты». В 1964 году сборник издается на русском языке.
В 1961 году издательство «Жазушы» выпускает его повесть «В тисках смерти», в 1962 году - роман «Лицом к лицу». В 1966 году выходит документальная повесть «Подвиги в степи».
1969 – 1971гг. работает в должности заведующего отделом Очерка и публицистики журнала «Жулдыз».
Калмухан Исабай в 1971 году в архиве города Омска (Российская Федерация) находит документ о первооткрывателе Экибастузского каменноугольного бассейна – Косым Пшенбаеве.
1973 - 1981гг. инспектор Бюро пропаганды художественной литературы при Союзе писателей Казахстана.
22 июля 1979 года стараниями Калмухана Исабай в охотничьем доме-музея Гёте на вершине горы Габельбах (Германия) была установлена мемориальная доска с абаевским текстом «Қараңғы түнде тау қалғып», знаменитой песни Иоганна Вольфганга Гёте “Ночная песня странника”.
1982-1985гг.- старший инструктор отдела Центрального совета Общества охраны памятников истории и культуры КазССР.
1984 году комедия «Десант» завоевала приз на конкурсе Министерства культуры Казахской ССР в области драматургии.
С 1985 года перешел на творческую работу.
В 1992 году активно участвовал в переименовании города Ермак в Аксу и сносе памятника Ермаку.
В 1994 году выходит книга «Чайки в степи», которая также в жанре очерка-дневника воссоздает историю строительства канала. К 20-летию Победы над фашистской Германией опубликована его повесть «Карабала».
18 февраля 2000 года по инициативе К.Исабай была переименована одна из улиц города Берлина (Германия) в «Abaj Strasse».
25 апреля 2010 года по инициативе К.Исабай, а также при поддержке Правительства Республики Казахстан и Посольства РК в Итальянской Республике в городе Триест установлен обелиск 104 советским солдатам.
К.Исабай первый среди казахских писателей в своих произведениях отразил жизнь народов стран Европы, очевидцем которых он был сам. В его произведениях отражено формирование казахской интеллигенции, ратные и трудовые подвиги казахстанцев.
К.Исабай награжден орденами Красной Звезды (1945), Трудового Красного Знамени (1975), Отечественной войны I степени (1983), золотым Почетным знаком Общества германо-советской дружбы (1983), нагрудными знаками «За заслуги перед городом Экибастузом», «За активную общественную деятельность» и юбилейной медалью «50 лет Победы в Великой Отечественной Войне 1941-1945гг.» (1995).
В 2003г. Калмухан Исабай Указом Президента РК был награжден орденом "Құрмет", в 2005г. Лауреат международной литературной премии «Алаш», в 2006г. награжден нагрудным знаком республиканской политической партии «Отан» «За активную деятельность», в 2012г. удостоен звания «Почетный гражданин Павлодарской области».
В 2020 году К.Исабай Указом Президента РФ посмертно награжден юбилейной медалью «75 лет Победы в Великой Отечественной Войне 1941-1945гг.»
Издательствами «Жазушы», «Ана тілі», «Казахстан», «Өлке», «Атамұра», «Елорда» были изданы книги К.Исабай «Жұмбақ үй» (1962, 2008) (Загадочный дом), «Арман арнасымен» (1962) (Трасса мечты), «Бетпе-бет» (1963) (Лицом к лицу), «Қарабала» (1965), «Сұңқар самғауы» (1966) (Полет сокола), роман «Айқыз» (1967), «Подвиг в степи» ( 1966), «Соңғы тәулік» (1969) (Последние сутки), «На стыке судеб» (1969), «Өткелде» (1974) (На перепутье), «Жолдас комендант» (1975) (Товарищ комендант), «Өрде» (1978), «Голубой ветер» (1978), «Арна» (1984) (Русло), «Соңғы тәсіл» (1987) (Последний прием), «Зарок» (1989), «Бақытты сәттер» (1989) (Счастливый миг), трилогия «Шоң би» (1993), «Чайки в степи» (1994), «Қажыға барған қазақтар» (в соавторстве) (1996), «Қаныш аға осындай еді...» (в соавторстве) (1999), «Берлин ”Абайштрассе”» (2002), «Мұндайлар болған» (2003), «Алғы шепте» (2005), «Патшадан шен-шекпен алған қазақтар» (2007), «Өсиет»(2008), «Ұстаздар жолы» (2010) (Путь учителя), «Ертіс – Баянаула өңірінде тума табиғат пен тарихи-танымдық туризм түрлерін дамытудың бағыттары» (2016) и др.