Шығармашылық жұмыс тақырыбы:

Математика сабағында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.

Мақсаты:

Білім алудағы қажеттіліктерді күнделікті сабақта қолдану. Сапалы оқыту, оқытудың озық технологияларын тиімді пайдалану жолдарын меңгеру. Зияткер, рухани, адами тұрғысында дамыған, әлемдегі әлеуметтік өмірге бейімдеу.

Жұмыстың міндеті:

Білім беру үрдісінде оқытудың жаңа технологияларын айқындайтын әдістемелік, педагогикалық басылымдармен танысу. Сабақта оқытудың жаңа технологияларын тиімді қолдана білу. Оқушының таным белсенділігін қалыптастыру барысында шығармашылық ізденістің тиімді жолдарын үйрету, білім сапасын көтеру.

Зерттеу ауқымы:

5 - 11 сыныптар.

Зерттеу пәні:

Математика пәні.

Зерттеу нәтижесі:

Жоғары сынып оқушыларының ауызша және жазбаша есеп шығару дағдыларын жетілдіру. Оқушылардың функционалдық ойлау қабілетін, логикалық тапсырмаларды өз бетінше орындай алуын қамтамасыз ету.

Зерттеу кезеңдері:

1.Теориялық іздену кезеңі: 2020-2021 жылдар.

2.Енгізу кезеңі:2021-2022жылдар.

2.Байқау кезеңі: 2022-2023 жылдар.

3.Қорытынды кезең: 2023-2024 жылдар.