22 Наурыз - Ұлыстың Ұлы күні. Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Осы мерекеге орай гимназия оқушылары"Қош келдің Наурыз!" атты ән шашуларын тарту етеді. 3"Б" сынып оқушысы Жолашар І., 4 "Ә" сынып оқушылары Тілеубай Б., Мұрат А., 1 "В" сынып оқушысы Досова З., 3 "Д" сынып оқушысы Болат А. наурыз мерекесіне арналған әндерді орындап, ізгі тілектерін білдіріп мейраммен құттықтады. Жауапты мұғалім: Ербекеева М.