Қазақ тілі мен әдебиет пәндері бойынша сабақты тиімді әдіс-тәсілдермен жүргізу мұғалімнің шеберлігінің нәтижесі. Білім алушының білім мен ғылымға деген қызығушылығын арттырып, іздену мен талпынысқа, арман мен мақсатқа жетелейтін ол-білім.
2018-2019 оқу жылында қазақ тілі пәні бойынша 60% білім сапасы.
Қазақ әдебиеті пәні бойынша 65% білім сапасы.
2019-2020 оқу жылында қазақ тілі пәні бойынша 70 % білім сапасы.
Қазақ әдебиеті пәні бойынша 75 % білім сапасы.
2020-2021 оқу жылында қазақ тілі пәні бойынша75 % білім сапасы.
Қазақ әдебиеті пәні бойынша 80 % білім сапасы.
Мәтіндік сараптама
«Мектеп -кеме, Білім-теңіз » деп Қасым Аманжолов Мемлекеттігіміздің тұғырын бекітіп,алдағы бағыт-бағдарын,кемел келешекті дәйектеп берген Елбасы Н.Назарбаев «Біз Қазақстандағы әлемдік деңгейдегі білім орталығына айналдыруымыз керек»деген еді.Білім мен білігі,сауаты мен санасы биіктен табылған елдердің өрісі кең,өрнегі мықты болатынын көріп,біліп отырмыз.Мемлекет басшысы осыны басшылыққа алып,тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ оқу ісіне ерекше көңіл аударды.Соның нәтижесінде, Отанымыздағы сан-салалы білім жүйесі әлемдік стандартқа сай дамып келеді. «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» деп ұлы Абай айтқандай, мұндай үрдіс оқушының білім сапасын арттырып қана қоймайды, оның білімге деген біліктілігін арттырып, ізденімпаздылық пен шығармашылыққа деген іскерлік пен дағдыларын қалыптастырады, білім кеңістігіне жол ашады.
Білім сапасының 3жылдық динамикасы : әр жыл сайын сыныптарда қазақ тілінен өсу байқалады.
2018-2019 о.ж –1 тоқсанда -55%, 2 тоқсанда-57%, 3 тоқсанда-60% 4 тоқсанда – 60% білім сапасын көрсетті. Оқу үлгерімі 100 пайыз болды.
2019-2020 о.ж –1 тоқсанда -65%, 2 тоқсанда-68. %, 3 тоқсанда-70 % 4 тоқсанда – 70% білім сапасын көрсетті. Оқу үлгерімі 100 пайыз болды.
2020-2021 о.ж –1 тоқсанда -66.%, 2 тоқсанда-68 %, 3 тоқсанда-72% 4 тоқсанда – 75% білім сапасын көрсетті. Оқу үлгерімі 100 пайыз болды.
Үш жылдың ішінде оқушылардың үлгерімін талдай отырып,осы жылдардың ішінде өте жақсы оқитын оқушылар мен жақсы оқитын оқушылар саны біртіндеп өсіп келе жатқанын, әр сыныпта әлі де болса үлгерімі төмен оқушылар да кездесетінін атап өткен жөн.
Бұл тіпті коронавирустық инфекцияның таралуы кезінде де (2020 жылдың сәуір-мамыр) оқушылардың үлгерім саны кеміген жоқ, керісінше көбейді.
Сараптама жүргізу барысында төмендегідей өзгерісті аңғаруымызға болады:
5 «Б», 7 «Б» , 6 «В» сыныптарында білім сапасының көрсеткіші тұрақты болғанын байқауға болады. Оқушылар қосымша тапсырмаларды үнемі орындаумен қатар үй тапсырмасына көбірек көңіл бөлді. Сабақта оқушылар белсенділік танытып, пәнге деген қызығушылықтары арта түсті. Оқушылардың сабаққа үнемі дайындықпен келетіндері байқалады. Үй тапсырмасын орындау барысында ата- аналар тарапынан қатаң қадағалау жүргізілетіні көрінеді.
7 «В» сыныбында білім сапсының көрсеткіші төмен болды. Бұның себебі, морфология саласы бойынша тақырыптардың күрделілігі қиындық туындатты. Кейбір оқушылардың сабаққа немқұрайлық танытуы байқалды.
Нәтижелерді жақсарту үшін қосымша сабақ жүргізіледі.Оқушыларымызға грамматиканың әр саласындағы қиыншылық тудыратын тақырыптарға тоқталдық. Мысалы, фонетика саласы бойынша үндестік заңын дұрыс айыра білмеуі, морфология бойынша әр сөз таптарға тоқталып, соның ішінде оқушыларымыздың қиындық тудыратын тақырыптары шылау сөздерге, одағай сөздерге, етістік тарауы бойынша мәліметтер беріледі.
Шешу жолдары:
v үлгерімі төмен балаларды қадағалау, қосымша жұмыс жасауды жалғастыру,
v ата-аналармен тығыз байланыста болу.
v оқушылармен түзету жұмыстарын жүргізу; қатесіз жазып үйрету мақсатында алдын-алу жұмыстарын жүргізу; орфографиялық, пунктуациялық қателерді жібермеу үшін жаттығу жұмыстарын орындау;
v жаңа сөздерді өту барысында олардың жазылуына оқушылардың назарын аудару;
v бағдарламада қарастырылған негізгі тақырыптарды мақсатты түрде қайталап отыру.