Тарих сабағында білім алушылардың білім сапасын көтеру мақсатында іскерлік дағдыларын қалыптастыру жолдары.
Мақсаты: Білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру. Білім алушылардың ізденушілік қабілетін арттыруда сабақта белсенді әдістерді пайдаланудың тиімділігін көрсету.
Міндеттері:
- Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқыту үдерісін білім сапасының артуына бағыттау
- Жаңартылған сабақтарда белсенді әдістерді пайдалану арқылы білім алушылардың зерттеушілік қабілеттерінің қалыптасқандығын көрсету
- өз ойын еркін жеткізуге үйрету
Зерттеу кезеңдері:
І. Теориялық ізденіс кезеңі - 2020-2021 оқу жылы
ІІ. Іс-тәжірибе енгізу кезеңі - 2021-2022 оқу жылы
ІІІ. Қорытынды кезең - 2022-2023 оқу жылы
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша тарих және өзін-өзі тану "Тарих сабағында білім алушылардың білім сапасын көтеру мақсатында іскерлік дағдыларын қалыптастыру жолдары" атты семинар өтті.Семинарда 8"Ә" сынып білім алушыларымен "Қазақстандағы отаршылдық қоныс аудару саясаты" тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі Жиеналиева Эльмира ашық сабақ өтті.