«Тарих пəнін оқытуда проблемалық əдістерді қолдану»
Мақсаты:
Оқу ісін ұйымдастырудың негізгі түрі — сабақ процесіндегі мұғалімнің тəрбиеші, зерттеуші, психолог ретіндегі ролі, оның теориялық білімі, тəжірибесі, сабақты ұйымдастыру шеберлігі — сабақтың сапасы мен нəтижесіне тікелей əсер ете отырып, сабақты белсендіру жолдарын іздестіруге, оқушының танымдық қабілетін дамытып, білім-біліктілік деңгейін анықтап, соған сəйкес əрекет етіп шыңдауға бағытталады.
Міндеттері:
Оқушылардың материал мазмұнын толыққанды дəрежеде баяндап бере алуы, тарихи терминдердің мəнін айқындау мүмкіндігі мен хронологиялық даталарды білу.
Оқулықпен жəне құжат материалдарымен жұмыс істей алу қабілеті, яғни тақырыптық жоспар, тезис жасай алуы, графикалық тапсырмаларды орындай білу.
Оқушының тікелей ізденушілік əрекеті нəтижесінде шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетінің қалыптасқандығы, логикалық тапсырмалар мен проблемалық ситуациялық мəселелерді қиындықсыз шешу.
Зерттеу кезеңдері:
І. Теориялық ізденіс кезеңі - 2020-2021 оқу жылы
ІІ. Іс-тәжірибе енгізу кезеңі - 2021-2022 оқу жылы
ІІІ. Қорытынды кезең - 2022-2023 оқу жылы