Алгебра және геометрия кафедрасы және біздің құрметті демеушіміз ZERDELI ақыл-ой дамыту орталығымен бірлесе отырып, педагогикалық мамандықтарының студенттері арасында мектеп математикасынан олимпиада өткіздік. Оған Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, AIU және Шәкәрім университеті студенттері қатысты. Бұл іс-шара біздің талантты студенттерімізге өздерінің математикалық қабілеттерін көрсетуге және жоғары деңгейде бәсекелесуге ерекше мүмкіндік болды. Жеңімпаздарға грамоталар мен демеушіміз атынан ақшалай сыйлықтар табысталды.
Нәтижелер:
Бас жүлде (грамота және ақшалай сыйлық 100 мың тг):
1. Тәжібай Бекмахан Қосайұлы
Бірінші орын (грамота және ақшалай сыйлық 50 мың тг)::
1. Теміршотова Назерке Мейрхатқызы
2. Көшек Нұрсұлтан Нұржанұлы
3. Қазахбай Саят
Екінші орын (грамота және ақшалай сыйлық 20 мың тг)::
1. Тоқтасын Олжас Сейтқасымұлы
2. Жакен Аннұр Ерланұлы
3. Беркинбаев Бейбіт Жандосұлы
4. Базарбай Бекарыс Жарболұлы
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Сіздің еңбекқорлығыңыз бен математикадан жеткен жетістіктеріңіз өзге білім алушыларды шабыттандырады.
ZERDELI ақыл-ой дамыту орталығы демеушімізге ерекше алғыс білдіреміз: сізддердің қолдауыңыз бұл байқауды ұйымдастырылуына мүмкіндік берді және біз сіздердің математикалық білім беруді дамытуға күш салғандарыңы үшін ризамыз.
Қатысқан барлық студенттерге рахмет. Сіздің күш-жігеріңіз бен білімге деген ұмтылысыңыз біздің қауымдастығымызды байыта түседі.
Біздің хабарландыруларымызды күтіңіздер - алда көптеген қызықты іс-шаралар бар!