Шығармашылық жұмыс

Тақырыбы:

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында сыни ойлауды дамытуға ықпал ететін әдіс-тәсілдер.

Мақсаты:

Ана тілінің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін жүйелі меңгерген, халқымыздың дәстүрін, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін бағалап, құрметтей білетін, білімді, жан-жақты дамыған дара тұлға қалыптастыру. Ұлттық Бірыңғай Тестке дайындық жүргізе отырып, білім сапасын көтеру.

Міндеттері:

  1. Оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру.

  2. Оқушының рухани-адамгершілік, ұлтжандылық қасиеттерін дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру.

  3. Ойын еркін, шешен жеткізе алу, әдеби-теориялық білімін жазба жұмыстарында сауатты қолдана алу біліктілігін қалыптастыру.

Зерттелетін пән: Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері.

Зерттеу нәтижесі:

Білім стандартына сай міндетті, мүмкіндік деңгейдегі біліммен қаруланған, білімге деген қажеттілікті ұғынған, танымдық күші қалыптасқан, өз бетімен үйренуді мақсат еткен, ойын еркін айта алатын, шығармашыл оқушы.

Зерттеу кезеңі:

  1. Теориялық іздену кезеңі: 2017-2018 жылдар.

  2. Байқау кезеңі: 2018-2019 жылдар.

  3. Бақылау кезеңі: 2019-2020 жылдар.

  4. Қорытынды кезең: 2020-2021 жылдар.