5 "А" сыныбы Сынып жетекшісі: Ильгедаева Мария
5 "А" сыныбы Сынып жетекшісі: Ильгедаева Мария
Аты-жөнім: Сарсенбай Анель Серікқызы
Туған жылым:22.01.2008
Мен Жаркент жоғары педагогикалық колледжінің 2-курс студентімін.
Мамандығым және біліктілігім:
01140600 -"Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі " мамандығы
4S01140605 "Шетел тілі мұғалімі" біліктілігі бойынша
Мен 02.12-20.12.2025 күн аралығында №6 орта мектеп интернатында сыныптан тыс іс-тәжірибесінен өттім. Маған 5"а" сыныбы берілді. Мен осы 3 апта бойы талдау және диагностикалық жұмыстар жүргіздім.
Менің бір күнім:
02.12 – 06.12: аралығында мен 5 «А» сыныбының сынып жетекшісі Ильгедаева Мария апаймен және оқушылармен таныстым. Сынып жетекшісінен оқушылардың тізімін алдым. Педагогикалық іс-тәжірибемнің алғашқы күнінде 5 «А» сыныбына «Бірлік пен ынтымақ құндылығы» атты тәрбие сағатын өткіздім. Оқушылармен жақсы қарым-қатынас орнатып, уақытты тиімді пайдалана алдым.
Негізгі жұмысым сабақ материалдарын түсіндіру, күрделі тақырыптарды меңгеруге көмектесу және алған білімдерін бекіту болды. Сабақ барысында оқушылардың тапсырмаларды орындауын бақылап, қателіктерін түзетуге және білімдерін толықтыруға бағытталған кеңестер бердім. Түрлі оқыту әдістерін қолдана отырып, олардың оқу материалдарын терең түсінуін қамтамасыз еттім. Барлық тапсырмалар уақытылы және сапалы орындалды.