Мен, Шиныбекова Әлия Балатайқызы, 1989 жылы 18 маусымда Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылында дүниеге келдім.
Ұлтым-қазақ. Қазақстан республикасының азаматымын.1997 жылы Сарыкемер ауылындағы Н.К.Киікбаев жалпы орта білім беру мектебіне 1-ші сыныпқа барып, 2005 жылы аталған мектептің 9-шы сыныбын аяқтадым.Сол жылы Тараз қаласындағы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжіне қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мамандығы бойынша оқуға түстім.2009 жылы колледжді аяқтап, осы жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнына түстім.Сол жылы Сарыкемер ауылындағы 40 жылдық орта мектебіне жұмысқа орналасып, қазіргі уақытта осында еңбек етіп келемін.
Менің әкем, Шыныбеков Балатай Ембергенұлы Сарыкемер ауылындағы К.Әзірбаев атындағы музыкалық мектепте жұмыс жасайды.Анам Абдрешова Мақтакүл Әбдібекқызы-зейнеткер.
Тұрмыстамын, жолдасым-Сұлтанбеков Ғаниғаппар Серікұлы, 1987 жылы туған, №4 мектеп-лицейде денешынықтыру пәнінің мұғалімі.Екі қызымыз бар.Қызым-Серік Тамирис 2-ші сыныпта оқиды, Серік Мөлдір-балабақшада.