Адамзаттың ақыл кенін ашқандар –
Архимед, Ом, Ньютон мен Паскальдар...
Ақын болып сайраушы еді класта,
Ақышев кеп әуеніне басқанда.
Ұстаздықтың аты ізгі де, заты игі,
Таппан сендей сақиды,
Бір сабағың, бір қырық бес минутың
Қырық жылға қымсынбай ақ татиды.
Физиканы білсек деуші ек сендей біз.
Лириканы сүйсек деуші ек сендей біз,
Бергеніңе шүкір ана тағдырдың –
Бүгін міне қатар қалам сермейміз!
Мұзафар Әлімбаев
Зейтін Ақышев
Ұстаз, ақын, жазушы,
Ұрпақтарын баулыды
Кітап жазып қаншама,
Оқырманын нандырды.
Қиын – қыстау соғыста
Тырмысып әркім намысқа.
Бала – шаға , кемпір шал,
Түсті өзара жарысқа.
Осының бәрін байқады,
Шындықты тек айтады.
Қалам алып қолына
Ел жағдайын ойлады.
Жеңістен соң газетке,
Басшы болған десек те.
Қаламгер ол танымал
Ерекше тұрған есепте
Әңгңме мен хикая
Алдырмайтын бір қия.
Қаламына жел беріп,
Болған жұртқа жария
Жаяу Мұса атамыз
Ертеден – ақ аты аңыз.
Ән салғанда айнала,
Бола қалған тып – тыныш.
Алғаш жазды пьесасын,
Сахнада самғап тұлғасын.
Одан кейін роман,
Тапты өзіндік жалғасын.
Зейтін аға осындай,
Сөз сөйлеген тосылмай.
Өзі жоқ, бірақ көзі бар,
Оқылатын таусылмай.
Қырықпай Аллаберген
Зейтін Ақышев
Жаяу жалпы кіреге еріп барды да,
Бір екі жыл білім алды Омбыда.
Он үш жасар ерте есейген жас түлек,
Баян жаққа қайтты өскен ортаға.
Ұстаз болып еібек жолын бастаған
Алматыдан бірақ шықты баспадан
Мұғалімдер газетінде басқарды,
Драмтург, аудармашы, жа қалам.
Тұңғыш өлең «Ағаш үй деп аталды»,
Газет қолда, жас жүрегң от алды.
Талапкердің бағын ашып осы өлең
Үлкендерден қолдау естіп, бата алды.
Жазды Зейтін әңгіме де, повес те
«Жаяу Мұса» романы әлі есте
Баянауыл ауданының тумасы,
Тұр асқақтап бүгін биік белесте.
Д. Қарашашева