Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.
К.Д. Ушинский
Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.
К.Д. Ушинский
МӘТІНДІК САРАПТАМА
Білім сапасы мен оқу үлгерімінің соңғы 2018-2019 оқу жылы және 2020-2021 оқу жылындағы жылдық көрсеткіші бойынша математика, алгебра, геометрия пәндерінен келесідей көрсеткіш алынды:
2018-2019 оқу жылында 5 «В, Г», 6 «В, Г» сыныптарында барлығы 89 білім алушыға, оның ішінде 1-уі үйде оқытуда, математика пәні бойынша сабақ жүргізіліп, жалпы орташа жылдық білім сапасының көрсеткіші 49,5% құрады. Оның ішінде:
- 5 «В» сыныбында математика пәні бойынша І тоқсан 39%, ІІ тоқсан 48%, ІІІ тоқсан 55%, ІV тоқсан 55%;
- 5 «Г» сыныбында математика пәні бойынша І тоқсан 39 %, ІІ тоқсан 48%, ІІІ тоқсан 57%, ІV тоқсан 61%;
- 6 «В» сыныбында математика пәні бойынша І тоқсан 42%, ІІ тоқсан 46%, ІІІ тоқсан 50%, ІV тоқсан 50%;
- 6 «Г» сыныбында математика пәні бойынша І тоқсан 45 %, ІІ тоқсан 50%, ІІІ тоқсан 55%, ІV тоқсан 55%-ды құрады.
Оқу үлгерімі барлық сыныптар үшін 100% құрады.
2020-2021 оқу жылында 5 «В», 7 «В, Г» сыныптрында барлығы 65 білім алушыға математика, алгебра және геометрия пәндерінен сабақ жүргізіліп, жалпы орташа жылдық білім сапасының көрсеткіші 59,3% құрады. Оның ішінде:
- 5 «В» сыныбында математика пәні бойынша І тоқсан 58%, ІІ тоқсан 57%, ІІІ тоқсан 65%, ІV тоқсан 65%;
- 7 «В» сыныбында алгебра және геометрия пәндері бойынша І тоқсан 57%, ІІ тоқсан 58%, ІІІ тоқсан 58%, ІV тоқсан 57%;
- 7 «Г» сыныбында алгебра және геометрия пәндері бойынша І тоқсан 59%, ІІ тоқсан 59%, ІІІ тоқсан 59%, ІV тоқсан 59%-ды құрады.
Оқу үлгерімі барлық сыныптар үшін 100% құрады.
Жалпы, білім сапасын саралай келе өсу динамикасы байқалады. Осы жұмыстар сараптамасы негізінде келесі оқу жылына мынадай міндеттерді алдыма қойдым:
1) Өзіндік білім алу арқылы семинарлар, курстарға қатысу арқылы өз кәсіпқой біліктілігімді көтеру.
2) Білім алушылардың білім сапасын көтеру мақсатында сыныптық және сыныптан тыс қызметті ұйымдастыруда нақты инновациялық технологияларды қолдану.
3) Төмен қабілетті және жоғары қабілетті білім алушылармен жеке дара оқыту үрдісі арқылы жұмысты күшейту.
БІЛІМ САПАСЫНЫҢ ДАМУ ДИНАМИКАСЫ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГІСІ