Тарих сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы оқыту
Тарих сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жаңа технологияларды ұтымды пайдалану қажет. Оқыту технологияларының құрылымдық элеметтеріне мыналар жатады: мақсат, мазмұн, әдістер, формалар, құралдар,оқушы, оқытушы, нәтиже. Оқыту технологияларына тән белгілер: негізділігі (кез келген технологияның өзіндік философиясы, өзіндік тұжырымдамасы болуы шарт); жүйелілігі (құрылымдық элементтердің біртұтастығы); басқарылмалығы ( оқыту үрдісін жоспарлап, нәтижесін бастан – аяқ тексеруге болатындығы); тиімділігі( қысқа мерзімде аз шығынмен жоғары нәтижеге жеткізу тиімділігі). Барлық технологиялардың мақсаты – пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру болып табылады
Ұстаздың міндеті – жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажетті қабілеттерін қалыптастыру, дамыту және өз бетімен білім алуына, өзін-өзі дамытуға қолайлы жағдай жасау. Осыған байланысты әр педагог сапалы білім мен саналы тәрбие берудің тиімді жолдарын іздестіру қажет, себебі ХХІ – ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.