Дихан Әбілев 1907 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келді. Туған жері Баянауыл тауының солтүстік беткейіндегі Мойылды деген табиғаты әсем құз жартастар мен ағаш-орман арасы. Әкесі-Әбіл, арғы нағашысы – атақты Бұқар жырау. Жасынан Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Сәбит Дөнентаев, Жаяу Мұса, Сәкен Сейфуллин, Сұлтанмахмұт Торайғыров сында тума таланттардың шапағатына бөленіп, құйма құлақ дарын иесі болып өседі. Дихан жастайынан жетімдіктің де, жоқшылықтың да тауқыметін көп тартқан. Сондықтан ол қаршадайынан-ақ еңбекке, өңерге баулынады. Қалың орман арасында өскендіктен Дихан әкесінің үйретуімен ағаштан неше түрлі заттар(қасық,ожау,ыдыс-аяқ сияқты) жасап шығарып оны жұртқа тартып отырған. 1920 жылдардан бастап Баянауылда бастауыш ( Масғұт мұғалімнен орысша бірінші класты бітіріп, хат танып, кітап оқитын дәрежеге жетеді)мектепті бітіріп, онан соң 1925-1927 жылдар аралығында Семейдегі ауыл шаруашылық техникумында оқиды. Дихан аға Семей ауыл шаруашылығы техникумында оқып жүрген кезінде денсаулығына байланысты бір-екі жыл оқуын үзіп, Баянауылда 1931 жылдан бастап шыға бастаған «Ленин туы» газетінде жауапты хатшы қызметтің атқарады.
1934-1937 жылдары Алматыдағы журналистер институтын бітіреді. ҚазПИ-дің аспирантурасында білімін жетілдіред. Бүдан сон Дихан Әбілев туған ауылында, Қызылжар, Қарағанды, Алматы қалаларындағы мәдени-ағартушылық мекемелерінде, газет басқармаларында, Жазушылар одағында қызмет атқарды. Ал, 1941-1946 жылдар аралығында Отан басына кауіп-катер төнгенде әскер қатарында майданда болады.1936-жылдан коммунист партиясының мүшесі. Дихан өлең шығарып айтуды ауылда кішкене кезінен-ақ бастаған. Әуелінде ауыл ақынының салтымен домбыра тарта отырып, суырып салып жатқа айтады да, кейін өлеңді жазып шығаруға көшеді. Алғаш Семейде оқып жүріп, Сәбит Дөнентаевқа өлеңдерін көрсетіп сынатқан.
Бірлі-жарым өлең («Кооператив» «Қызыл әскер») сол Сәбит сынынан өтіп «Жаңа ауыл» газетінде жарияланған (1928). Бірақ, Дихан Әбілев ол кезде өлеңді өндіріп көп жазбаған. Өлең жазуға бүтіндей берілуі Алматыға келіп журналистер институтына түскен кезінен басталады Алғашқы шығармалары жинағының кейбірі мыналар: «Шалқыма» (поэма), «Бармақ» (поэма,1937), «Қуат» (поэма,1938), «Сүйемін» (өлеңдер,1939), «Мұңсыз Мәрия» (поэма,1940). Жауынгер ақынның «Москва түбінде» (1942), «Майданбек» (өлең-роман, 1943). «Бибнұр» (1949), «Жұлдызды жігіт», «Дала солдаты» (1945), «Тұлға» (1948) өлендер жинақтары да осы тақырыпты өзек еткен. Соғыстан кейінгі бейбіт заманда ақын Риддер кешілерінің өмірінен «Алтай жүрегі» атты өлең роман (1955) жазды. Оның С.Торайғыров өмірінен жазған «Ақын арманы» (1964), «Арман жолында» (1968), «Баянауыл баурайында» (1975) атты прозалық роман-трилогиясы қалың жұртшылыққа кеңінен мәлім.
Дихан Әбілевтің көптеген өлеңдері мен мақалалары республикалық газет-журналдарында жарияланып отырды.
1927-1934 жылдары халық ағарту, баспасөз қызметтерінде болған.
Баянауыл аудандық "Ленин туы" газеті редактордың орынбасары.
Республикалық "Қазақ әдебиеті" газетінің жауапты хатшысы, бас редактордың орынбасары.
1937 жылдары Алматыдағы Коммунистік Журналистер институты
1938-1939 жылдары Қазақстан жазушылар одағының төрағасы
1948 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясының аспирантурасын тәмамдаған
1961-1962 жылдары Көркем әдебиет баспасының бас редакторы.
1942 жылдан 1946 жылға дейін Ұлы Отан соғысына қатысқан. Алматы қаласы көшелерінің біріне есімі берілген.
Марапаттары
Д. Әбілев қазақ әдебиетін дамытуға қосқан өміріне белсене қатысқаны үшін Қазақ ССР жоғарғы кеңесі Президиумының жарлығымен оған «Қазақ ССР халық жазушысы» құрметті атағы беріледі, «Еңбек Қызыл Ту», «Қызыл жұлдыз», «Парасат», «Халық достығы», 1-дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапаталған. 2001 жылы Павлодар облысы әкімінің грант иегері болды.
· Қызыл Жұлдыз ордені
· Еңбек Қызыл Ту ордені
· "Құрмет Белгісі" ордені
· көптеген медальдармен
· Қазақ КСР Жоғарға Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған
· Қазақстанның халық жазушысы