"Қызықты биология әлеміне саяхат"

Өтілген сыныптар: 9, 10;

Мақсаты: оқушыларды табиғатты түсінуге және оған сүйіспеншілік туғызуға үйрету. Өз аймағы туралы, оның табиғаты, өсімдіктері, жануарлары жайлы бiлiмдерін тереңдету. Oқушылардың табиғи орта және табиғат компоненттерiнiн орналасуы туралы түсiнiгiн дамыту, биология пәнін оқуға қызығушылығын ояту.

Қорытынды нәтижие: Oқушылардың ғылыми көзқарастарын, табиғатты сүюге, eңбек мәдениетін, танымдық қызығушылықтарын, өз бетінше бақылау жүргізу икем-дағдыларын, ұжымдық жұмыс жасау мен мәселе көтеру дағдыларын дамытады. Олар табиғатты сезімталдықпен қабылдап, олардың бойында есте сақтау қабілеті, байқағыштығы дамытылып, табиғатқа қамқорлық жасау сезімдері оянады. Оқушылардың биологияға деген қызығушылығын қанағаттандыра, тереңдете отырып, мұғалім, білімге құмар баланы еліктіре түседi. Ол өз аймағының табиғатын және экономикасын тереңірек оқыта отырып, оқушының Отан сүйгiштiгiн, өз елінің байлығын дұрыс қолдануға, табиғи ескерткіштерді, тарихын, мәдениетін корғауға көмектеседі.