"Атадан-Мұра" қоры балалар фестиваль- байқауларының Отанымыздағы ірі ұйымдастырушысы.

Біз 2009 жылдан бері Қазақстан Республикасында және Халықаралық аренада (Түркия, Польша, Чехия, Грузия, Греция, РФ) фестивальдер мен байқаулар ұйымдастырып келеміз. Соның ішінде, Халықаралық Н. Тілендиев атындағы "Атадан-Мұра", Р. Бағланова атындағы "Ақ сұңқарым", Қазақ радиосымен бірлесіп өткізген байқауларымыз, Халықаралық "Art BAYTEREK", Республикалық "Дарабоз", "Тәуелсіздік-тұғырым", "Ақжелең" байқаулары және т.б. бар.

«Атадан-мұра» қорының мақсаты—балалар өнерінің өрістеуі мен насихатталуына мұрындық болу. Концерттер мен дөңгелек үстелдер, пікірталастар мен шеберлік сағаттары арқылы өнерлі өрендерді шыңдап, ұстаздарға тағылымды тәрбиеге жетелеу.

-балалардың шығармашылығының дамуы үшін сан-түрлі сахналарда, басқа мемлекеттер мен қалалардан келген балалармен сайысуы қажет екенін түсінеміз

-Жетекшілердің шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында шеберлік сабақтарын өту және сертификаттар алу керектігіне сенеміз

- ата- аналардың өз балаларының ең үздік түрде дамуын қалайтынын білеміз.

Көптеген жылдар бойы біздің қор фестиваль мен байқау ұймдастыру кезінде осы қалауларды ескеріп, оны үздік түрде жүзеге асыруда. "Атадан-мұра" қоры көптеген жылдар бойы оң пікірлер, жылы лебіздер жинап келеді. Бізбен бірге болыңыздар! Қош келдіңіздер!