Шымкент қаласының білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
Мамытбаева Сауле Асетовна
ҚЫЗМЕТТІК МІНЕЗДЕМЕ
Мамытбаева Сауле Асетовна 26.06.1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Қазыгұрт ауданында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. Отбасы құрған. Үш баланың анасы.
Мамытбаева Сауле Асетовна 2016 жылдың 24 наурызынан бастап Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры қызметіне ашық конкурспен өтіп, атқарып келеді. Өз еңбек жолында көптеген жетістіктерге жетіп, жоғары көрсеткіш көрсетіп жүрген ізденімпаз басшы. Жауапкершілік, белсенділік, жаңашылдыққа бейімділік, алдына қойылған мақсаттарға жету қабілеттеріне ие. Мінезі ашық, тез тіл табыса біледі, көпшілікпен жұмыс жасай білу қабілеті жоғары. Ұстаздық және басшылық қызметтерді атқарып жүрген жылдары ішінде өзін терең білімді мұғалім, тәжірибелі педагог, талап ете білетін іскер басшы ретінде көрсете білді. Сауле Асетовна демократиялық стильді ұстана отырып, әріптестерін ашық болуға шақырады. Айтылған ұсыныстар мен пікірлерді ортаға салып, ұжыммен және қамқоршылық кеңеспен қарастырады, оңтайлы шешімдер қабылдайды.
Ізденімпаздығының жемісі ретінде 2018 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде Финляндия мемлекетінде басшылар мен мұғалімдерге арналған қолданбалы педагогика мен оқу бағдарламаларының, педагогикадағы инновациялардың, педагогикалық көшбасшылық пен көшбасшылықтың проблемаларын зерттеуге бағытталған тағылымдамадан өтіп, білім беру саласындағы өзгерістерді табысты жүзеге асыра отырып, мұғалімдердің жан-жақты дамуына және өз бетімен білімін жетілдіруіне жағдайлар жасау арқылы, олардың еркін және шығармашылық тұрғыда кәсіби шеберлігін арттыруға мүмкіндік туғызады.
Сауле Асетовна - заманауи оқыту кезеңінде инновацияға негізделген жұмыстарды шығармашылықпен жүйелей біледі. Ұжымда жұмыстардың мазмұнын, жоспарын, іс-шараларды жүргізу әдістерінің тиімділігін үнемі талдап отыру арқылы әріптестеріне әдістемелік көмек көрсете отырып, олардың жұмыстарын ары қарай жақсартуға және оны дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан білім беруді басқаруда инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізуді үнемі назарда ұстап, жүзеге асырады, жүргізілген іс-шараларға оңтайлы баға береді, қабылданған шешімі дәлелді болады, жұмысты дұрыс жоспарлай алады.
Сауле Асетовна – педагог-зерттеуші. Өз пәні бойынша оқушылармен зерттеуші сабақтар өтіп, ұстаздарға коучинг және менторинг арқылы тәжірибесімен бөлісуде.
Мектепте өз бойындағы еңбекқорлығымен, білім беруге деген адалдығымен, жаңашылдығымен, ұйымдастырушылық қабілетімен, жауапкершілігімен ерекшеленеді. Оқушылар, ата-аналар, ұстаздар арасында беделді және көшбасшылық қабілетін танытқан.
2016-2021 жылдар аралығында төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді:
Сертификаттар:
1. 2017 жыл - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Шымкент қ. Педагогикалық шеберлік орталығының ҚР білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламасы бойынша 40 сағаттық курсының Сертификаты БЖ №040612;
2. 2017 жыл - «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде Финляндия мемлекеті НАМК қолданбалы ғылым Университетінің JAMK универстетімен бірлескен басшылар мен мұғалімдерге арналған қолданбалы педагогика мен оқу бағдарламаларының, педагогикадағы инновациялардың, педагогикалық көшбасшылықтың проблемаларын зерттеуге бағытталған тағылымдамасының Сертификаты;
3. 2017 жыл – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының иегері, Qaztest.kz сайтында педагог мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында өткізілген І Республикалық «Үздік педагог» педагогика олимпиадасына қатысқандығын растайтын Сертификаты №14091;
4. 2018 жыл - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығының 640 сағаттық «Жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру» тақырыбында Куәлігі №004376;
5. 2019жыл - «Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру» бағдарламасы бойынша Сертификаты №004276;
6. 2019 жыл - ҚР ІІМ ТЖК Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің «Ұйымдар, кәсіпорындар, оқу орындарының азаматтық қорғаныс бастықтары және олардың орынбасарлары» Сертификаты №91;
7. 2020 жыл – «Қауіпсіздік және еңбек қорғау» курсы бойынша бағдарламасының Сертификаты №00564;
8. 2020 жыл – ҚР БҒМ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Педагогикалық қызметкерлердің цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың негіздері» 80 сағаттық Сертификаты №0337677;
9. 2020 жыл - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Учусь учить дистанционно» 40 сағаттық Сертификаты №706968;
10. 2020 жыл – ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауын өткізу кезіндегі сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша 24 сағаттық Сертификаты №SHYMF00198;
11. 2020 жыл – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауды өткізу кезіндегі сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша Сертификаты №DOT200932;
12. 2020 жыл – ҚР Парламент мәслихаттарының депутаттарын сайлау: сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша Сертификаты №DOT195736.
Алғыс хаттар мен мадақтамалар:
1. 2017 жыл - «Кемеровский технологический институт пищевой промышленности» Алғыс хаты;
2. 2017 жыл - ОҚО білім бөлімінің Алғыс хаты;
3. 2017 жыл - Ауғанстан соғыс ардагерлерінің «Ауғанстан ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алғыс хаты;
4. 2017 жыл - ОҚО тарихи-өлкетану музейінің Алғыс хаты;
5. 2017 жыл - «Жастарды дамыту орталығының» «Бионик: Спектр наук» атты зерттеу-байқауының Алғыс хаты;
6. 2018 жыл - ОҚО білім басқармасының «Экологиялық орталығының» Алғыс хаты;
7. 2018 жыл - ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігінің І Республикалық «Үздік педагог» педагогика олимпиадасының ІІ дәрежелі Дипломы;
8. 2018 жыл - Еңбекші аудан әкімшілігінің Алғыс хаты
9. 2018 жыл - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ПШО «Сабақты зерттеу»: тәжірибе және ұсыныстар» ғылыми-тәжірибелік конференциясында мазмұнды таныстырылым жасағаны үшін Алғыс хаты;
10. 2018 жыл - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ПШО Алғыс хаты;
11. 2018 жыл – ОҚО Әдістемелік орталығының Алғыс хаты;
12. 2018 жыл – А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының Алғыс хаты;
13. 2019 жыл - М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Мерейлі отбасы» байқауының Алғыс хаты;
14. 2019 жыл – Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектебінің кәсіподақ ұйымының Алғыс хаты;
15. 2019 жыл - М.Әуезов атындағы ОҚМУ XIII қалалық Менделеев олимпиадасына жеңімпаз оқушы дайындағаны үшін Алғыс хаты;
16. 2019 жыл - Шымкент қаласы білім басқармасының Алғыс хаты
17. 2019 жыл - Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы «Ана тілі және отбасы» байқауына қатысқаны үшін ІІ жүлделі Дипломмен мектебі марапатталды;
18. 2019 жыл - Шымкент қаласы білім басқармасының «Экологиялық орталығы» КММ-нің «Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың қалалық слетінде ІІІ дәрежелі Дипломмен мектебі марапатталды;
19. 2019 жыл - Шымкент қаласы білім басқармасының «Экологиялық орталығы» КММ-нің «Экологиялық бағыттағы іс-шараларға белсенді қатысушы мектеп» номинациясы бойынша Дипломмен мектебі марапатталды;
20. 2019 жыл - Шымкент қаласы білім басқармасының Құрмет Грамотасы;
21. 2019 жыл - Мирас университетінің Алғыс хаты;
22. 2019 жыл - Шымкент қаласының білім басқармасының 11 сынып оқушысы Орынбай Арайлым «ХІІІ Менделеев» олимпиадасында ІІ дәрежелі Диплом;
23. 2020 жыл – ОҚО паралимпиадалық спорт түрі Голбол көру мүмкіндігі шектеулі адамдар федерациясының Алғыс хаты;
24. 2020 жыл – «педагогикалық шеберлік» журналының Мадақтамасы;
25. 2020 жыл - Ауғанстан соғыс ардагерлерінің «Ауғанстан ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алғыс хаты;
26. 2020 жыл – «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының Алғыс хаты;
27. 2020 жыл – «Daryn.online», Qaztest.kz сайтанда І Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасының ІІ дәрежелі Дипломы;
28. 2020 жыл – «Daryn.online», Qaztest.kz сайтанда І Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасының ІІІ дәрежелі Дипломы;
29. 2020 жыл - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты;
30. 2020 жыл – Шымкент қаласы Білім басқармасының Әдістемелік орталығының Мадақтамасы
Басылымдар:
1. 2017 жыл – «Жақсы ұстаз – жарты мектеп» Оңтүстік Қазақстан газетінде мақаласы;
2. 2018 жыл - «Әңгіме арқауы - патриотизм» Оңтүстік Қазақстан газетінде мақаласы;
3. 2018 жыл - «Озық елден үйренеміз көп» Оңтүстік Қазақстан газетінде мақаласы;
4. 2018 жыл - «PBL – один из эффективных методов преподавания в начальных классах» Plani.kz cайтында мақаласы;
5. 2018 жыл - «Исследование физико-механических свойств серного вяжущего на основе серы – отхода нефтедобычи» мақаласы;
6. 2018 жыл - «Жақсының жақсылығын айт – нұры тассын» skibnews.kz;
7. 2018 жыл – «Мектеп мәдениеті» uchitelya.kz сайтында мақаласы;
8. 2018 жыл - «Ерлік елдікке бастайды» Оңтүстік Қазақстан газетінде мақаласы;
9. 2019 жыл - «Әуезов оқулары – 17: әлемдік кеңістіктегі ғылым мен руханияттың жаңа серпілістері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында мақаласы;
10. 2019 жыл - «Технология проблемного обучения в процессе профессионального ориентирования учеников начальной школы» атты оқу құралы 30.05.2019 ж. М.Ауезов атындағы ОҚМУ оқу-әдістемелік кеңесінде қаралып №14 хаттамасы;
11. 2020 жыл - «Педагог мәртебесін көтеру – жаңашыл мұғалімді қалыптастырудың бастауы өзімізден басталмақ» Педагогикалық шеберлік журналында мақаласы;
12. 2020 жыл - Шымкент қаласының әдістемелік орталығының 20.05.2020 жылғы №2 ғылыми әдістемелік кеңесінде қаралып, «Тұрмыстағы физикалық-химиялық ерітінділер» атты авторлық жұмысы.
Ұлттық біліктілік тестілеуден өту туралы анықтамалары:
1. 02.06.2019 жылы «Педагог-зерттеуші» біліктілік санатынан 91 баллмен өткені туралы анықтама;
2. 21.12.2020 жылы «Екінші» біліктілік санатынан 72 баллмен өткені туралы анықтама.
С.А.Мамытбаева - өз ісінің шебері, педагогика кәсібінің майталманы, білім берудің мақсаттарына рухани күш-жігерін, парасат-қуатын жұмсай отырып, өзінің көп қырлы еңбегі арқылы әріптестеріне әрдайым шамшырақ. Ол бірнеше ғылыми еңбектердің авторы. Қазақ, орыс тілдерін және ақпараттық-коммуникативтік технологияларды жетік меңгерген.