Mänerlep oqu üiırmesı-кружок выразительного чтения-circle of expressive reading

«Махаббатсыз дүние бос...» атты лирикалық кештің сценариі

І жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқытушылар мен студенттер! Бүгінгі біздің «Махаббатсыз дүние бос...» атты лирикалық кешімізге қош келдіңіздір!

ІІ жүргізуші: Добрый день, дорогие гости, преподаватели и студенты! Мы рады приветствовать Вас на нашем лирическом вечере «Без любви жизнь пуста...»

І жүргізуші:

Өмір саған жылы сөзін арнасын,

Қайғы-мұңға жүректе орын болмасын.

Жанарыңнан күн күлімдеп әрқашан,

Ай мен жұлдыз кеудеңе кеп орнасын.

ІІ жүргізуші:

Пусть жизнь посвятит тебе теплые слова

Пусть не будет места в сердце обидам и горю.

Пусть лицо твое сияет солнечным лучом

Пусть луна и звезды мерцают на груди твоей.

І жүргізуші:

Поэзияға жаны жақын жандар бүгінгі кеште тыңдарман жүрегінен жол тауып, өз өнерлерін көрсетпек. Бұл сайыста қатысушы лирикалық шығармаларға арнаған өлеңдерін жеткізе отырып, әдемі ұйқас пен көркем тілге бай болуымен бағаланбақ. Сондықтан бүгінгі сайысқа түсетін студенттерге тек сәттілік тілейміз!

І жүргізуші: Осы сайысымыздың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

ІІ жүргізуші: Рогозина Елена Валерьевна – заместитель директора по воспитательной работе

І жүргізуші: Кудиярбекова Айгуль Максутовна - филология кафедрасының меңгерушісі, орыс тілі пәнінің оқытушысы.

ІІ жүргізуші: Кенжегарина Алмагуль Альмухановна – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы.

І жүргізуші:

Сіздерге лириканы жанындай сүйетін, махаббатты — адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі деп білетін Александр Александрович өз өлеңін оқып береді.

ІІ жүргізуші:Слово предоставляется участникам.

І жүргізуші: М-33 тобының студенті Сайлауова Жансая

ІІ жүргізуші: Студентка группы У-11 Бубнова Елизавета

І жүргізуші: Т-21 тобының студенті Бахытжан Таңшолпан

ІІ жүргізуші: Студентка группы У-13 Третяк Евгения

І жүргізуші: А-13 тобының студенті Қалиева Жанерке

ІІ жүргізуші: Студент группы М-21 Умбетов Темирлан

ІІ жүргізуші: Т-12 тобының студенті Шаяхметова Асылгуль

І жүргізуші: Муз-21 тобының студенті Қонақбаев Бақытғали

ІІ жүргізуші: Студентка группы У-11 Бубнова Елизавета

І жүргізуші: М-33 тобының студенті Науанова Жібек

ІІ жүргізуші: Т-22 тобының студенті Сәбитбек Назерке

І жүргізуші: М-11 тобының студенті Жумашева Саяжан

ІІ жүргізуші: Студентка группы У-21 Холод Ольга

І жүргізуші: Студентка группы М-33 Султангали Лаура

І жүргізуші: Әділқазылар алқасы өз бағаларын шығарғанша сіздердің алдарыңызда Т-12 тобының студенті Айдарханова Фариза «Армансыз күнім болмайды» әнімен. Қарсы алыңыздар.

ІІ жүргізуші: Слово придоставляются жюри

І жүргізуші: Осымен біздің лирикалық кешіміз аяқталды.

Сен жалғыз емессің!

Көкте нұрын шашқан күн,

Жерде жұпар шашқан гүл,

Жүректе жалын атқан өлең,

Өзіңді күні-түні ойлап жүрген МЕН бармын!


ІІ жүргізуші:

Ты не одинок!

Ты солнышко на небе ясное,

Ты цветок, растущий в поле,

Ты песня, родившаяся в душе,

Есть Я, который днем и ночью думает о тебе!

До новых встреч, друзья!


Өлендер

У-13 тобының студенті Китибаева Александра

Шежіре-жыр

Жас келді, біз кезіктік ұлы дертке-

Таң қалам жаратушы-құдіретке:

Кешегі үйіп-төгіп берген күші-

Ұқсайды діріл қаққан көбелекке.

Япырмай, нені сезем, неден безем,

Шолитын алды-артымды келді кезең.

Не таптым бұл фаниде, не жоғалттым,

Біруге болмады ма терезем тең?

Алыстық, әуре болдық, азуластық,

Бірде су, бірде отпен араластық.

Атадан қалған шылау арқасында

Орданың іргесіне тас қаластық.

Қайнаған, аузымды ашсам жыр туады,

Қолдай гөр бабалардың арауғы

Жеті атам, жеті буын-қайсы болсын,

Бір халық, бір ғасырдың-бір туары.

У-13 тобының студенті Кочнева Милана

Толғау.

Болғанда асыл – ойдан, жасық –қайдан?

Білеміз өмір-айқас, бір қан майдан,

Күлімдеп, кейде келіп бетін беріп

Ал кейде, алып жатад жажамайдан.

Мінекей, ата жасқа мен де келдім,

Бұйрықтың бірін теріп, бірін бердім.

Дүние – рас екен- қызыл түлкі –

Ешкімді – қапы қалмас – бір көрмедім.

Не таптым, не келтірдім дүниеге,

Болмашы несиеге болып ие,

Алысып, азуласып әурелендік,

Бірде қой болып жүріп, бірде түйе

Арманды талай берсек толып жатыр,

Өткеннің бәрі аман болып жатыр.

Тепкенде темір үзер қайрат-күшім,

Міне енді өкінішпен солып жатыр...

У-11 тобының студенті Лукьянова Анастасия

Өмір өзені

Жасымнан көп ізденіп, азын таптым,

Өнердің жолым құдым әр тараптың.

Ешкімнің ала жібін аттамап ем,

Ал, тілін таба алмаппын бұл қазақтың.

Шамасы ұнайды екем ұқсастықпен,

Не жүрсем төменірек бір басып кем,

Шыжылдап, қос иығын кеміреді,

Өзінен өзектей сәл асып кетем...

Қалайша жүре аламын бұғып-шөгіп,

Тағдырмен күрес салсам, күнде өртеніп,

Бұл күшті қайда жұмсап, қайда қоям,

Құдірет бере салған үйіп-төгіп.


«Ерлік ешқашан ұмытылмайды» атты кештің сценариі

1 жүргізуші

Жеңіс туы желбіреді аспанда,

Қуана бер, өазақ елім, жасқанба!

Батырлардың рухы биік күрескен

Бағалай біл, бақытты бол ақ таңда

Сәлеметсіздерме құрметті жиналған қауым

2 жүргізуші Приветствуем всех кто собрался на нашем сегодняшнем мероприятий

Hello dear friends! We are glad to see you.

Мектеп ақылыңа, ақыл қосады мұғалім келешектің, жолын сызады демекші біздің бүгінгі жиналу себебімізде осында емес пе, Нурия?

1 жүргізуші Арине, дұрыс айтасың, Іңкәр! Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттер мен патриоттық сезімді қалыптастыратын да біздің ұлағатты ұстаздарымыз. Іңкәр, біздің бүгінгі кешке жиналған себебімізді білесің бе?

2 жүргізуші Әлбетте! Ұлы батырларымыз шыбындай жанын шүберекке түйіп, қасықтай қаны қалғанша күресіп, жеңіс туын көкке көтергенімізге 70жыл толғалы отыр.

1 жүргізуші Құрметті кештің қонақтары, ардақты ұстаздар және де қадірменді студенттер жеңістің 70жылдығына арналған шығармашылық кешке қош келдіңіздер!

2 жүргізуші Что такое День Победы? Это утренний парад:

Едут танки и ракеты, Марширует строй солдат.

Что такое День Победы? Это песни за столом,

Это речи и беседы, Это дедушкин альбом.

Это фрукты и конфеты, Это запахи весны...

Что такое День Победы? Это значит нет войны!

1-жүргізуші Жеңіс! Жеңіс дегенде әр адамның жүрегін мақтаныш, тебіреніс сезімі баурайтын болар

2 жүргізуші Олай болса әдемі сазды әуенге кезек берейік. Назарларыңызда Муз-11 тобының студенті _________________________, қарсы алыңыздар!

Өнер деп осыны айт! Біздің студенттеріміздің без саусағынан бал тамған, ұлы өнер иелері. Студенттеріміздің ақындық шеберлігін шыңдап көрсек қайтеді?

1 жүргізуші Келістік. Олай болса студенттеріміздің ақындық шеберлігіне баға беретін әділқазылармызды қарсы алайық! ............ Әділқазыларымыз қатысушылардың авторлық өлеңдерін нақышына келтіріп жеткізуі және тақырыптың ашылуына қарай бағалайды.

Ал, бастайық! Сахнада У-13 тобының студенті Ахметжанова Гаухар.

Үлкен рахмет, Гаухар.

2 жүргізуші келесі қатысушымыз Муз-31 тобының студенті Қоянбаев Бахытқали.

Керемет!

1 жүргізуші Студентка группы У-11 Мироньечева Ирина.

- Муз-11 Коянбаева Альбина

- Т-32 Сабитбек Назерке

М-21 тобының студенттері дайындаған тамаша биді назарларыңызға ұсынамын.

- А-12 Жумагулова Жанар

- М-11 Итугулова Гүлнұр

- М-21 Муздакбаева Нұрия

2 жүргізуші Керемет, Нурия! Мен колледжіміздің студенттеріне тәнті болдым.

1 жүргізуші келісемін,Іңкәр! Онда біздің әділқазыларымыз ақылдасқанша Муз-11 тобының студентінің орындауындағы Атамекен әнін тыңдайық.

Әділқазылар алқасына сөз береміз.

Бүгінгі жастардың болашағы, бақыты үшін қан төккен аға- әпкелеріміздің даңқы еш уақытта өшпейді. Біз оларға шын жүректен бас иеміз!

Кешімізге қатысқандарыңызға алғыс білдіреміз! Қош сау болыңыздар!


«Махаббат – мәңгілік сезім!» атты сайыс

Қостанай педагогикалық колледжінде тіршілік атаулы оянып, жер жүзінің гүлденіп, құлпыратын көктем мезгілі мен мерекелері қарсаңында «Махаббат – мәңгілік сезім!» атты сайыс өтті. Бұл сайысқа қатысушылар лирикалық шығармаларға арналған өлеңдерді жатқа, мәнерлеп және нақышына келтіре оқыды. Лириканы жанындай сүйетін, махаббатты — адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі деп білетін, поэзияға жаны жақын жандар осы кеште тыңдарман жүрегінен жол тауып, өз өнерлерін көрсетті. Жоғарыда аталған талаптар бойынша бағаланды. Сайыс мемлекеттік және орыс тілдерінде өтті.

Бірінші орынды У-21 тобының студенті Габидуллина Роза, екінші орынды М-11 тобының студенті Сыздыкова Шынар, үшінші орынды М-31 тобының студенті Умбетов Темирлан иеленді.

Сен жалғыз емессің!

Көкте нұрын шашқан күн,

Жерде жұпар шашқан гүл,

Жүректе жалын атқан өлең,

Өзіңді күні-түні ойлап жүрген МЕН бармын!


Ты не одинок!

Ты солнышко на небе ясное,

Ты цветок, растущий в поле,

Ты песня, родившаяся в душе,

Есть Я, который днем и ночью думает о тебе!

Сайыстың ұйымдастырушы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, мәнерлеп оқу үйірмесінің жетешісі Жармухамбетова Алтынгуль Алдабергеновна.


“Махаббат - мәңгілік сезім!» атты лирикалық кештің сценариі

І жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқытушылар мен студенттер! Бүгінгі біздің «Махаббат - мәңгілік сезім!» атты лирикалық кешімізге қош келдіңіздер!

ІІ жүргізуші: Добрый день, дорогие гости, преподаватели и студенты! Мы рады приветствовать Вас на нашем лирическом вечере «Любовь – вечное чувство!»

І жүргізуші:

Өмір саған жылы сөзін арнасын,

Қайғы-мұңға жүректе орын болмасын.

Жанарыңнан күн күлімдеп әрқашан,

Ай мен жұлдыз кеудеңе кеп орнасын.

ІІ жүргізуші:

Пусть жизнь посвятит тебе теплые слова

Пусть не будет места в сердце обидам и горю.

Пусть лицо твое сияет солнечным лучом

Пусть луна и звезды мерцают на груди твоей.

І жүргізуші:

Поэзияға жаны жақын жандар бүгінгі кеште тыңдарман жүрегінен жол тауып, өз өнерлерін көрсетпек. Бұл сайысқа қатысушылар лирикалық шығармаларға арналған өлеңдерді жатқа айта отырып, мәнерлеп және нақышына келтіре оқулары тиіс. Осы талаптар бойынша бағаланбақ. Сондықтан бүгінгі сайысқа түсетін студенттерге тек сәттілік тілейміз!

ІІ жүргізуші: Кретерии, по которым будут оцениватся лирические произведения, сопроваждающий материал, выразительное чтение и выбор темы. Желаем всем участникам удачи!

І жүргізуші: Осы сайысымыздың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

ІІ жүргізуші: Рогозина Елена Валерьевна – заместитель директора по воспитательной работе

І жүргізуші: Бертазина Кулай Мухаметвалиевна – ғылыми жұмыс жөніндегі әдіскер.

ІІ жүргізушісі: Кенжегарина Алмагуль Альмухановна - филология кафедрасының меңгерушісі.

ІІ жүргізуші: Альмаганбетова Ырысжан Биржановна– қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы.

І жүргізуші:

Сіздерге лириканы жанындай сүйетін, махаббатты — адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі деп білетін Ляйлим Бериковна өз өлеңін оқып береді.

ІІ жүргізуші: Слово предоставляется участникам.

І жүргізуші: М-11 тобының студенті Сыздыкова Шынар

ІІ жүргізуші: Студентка группы А-13 Аленина Елена

І жүргізуші: У-13 тобының студенті Уразбекова Динара

ІІ жүргізуші: Студентка группы У-13 Жолмагамбетова Камила

І жүргізуші: Муз-11 тобының студенті Тулепбаева Жулдызай

ІІ жүргізуші: Студент группы У-21 Габидуллина Роза

І жүргізуші: В-12 тобының студенті Файзулина Екатерина

ІІ жүргізуші: Т-12 тобының студенті Сарсенова Мөлдір

ІІ жүргізуші: Студентка группы У-11 Алексеева Ангелина

І жүргізуші: М-31 тобының студенті Умбетов Темирлан

ІІ жүргізуші: У-13 тобының студенті Войтенко Дарья

І жүргізуші: Т-32 тобының студенті Есмұрат Айғаным

ІІ жүргізуші: ДПМ-21 тобының студенті Магдалинова Камила

І жүргізуші: Студентка группы У-11 Ашанина Ангелина

ІІ жүргізуші: А-23 тобының студенті Қалиева Жанерке

І жүргізуші: Әділқазылар алқасы өз бағаларын шығарғанша сіздердің алдарыңызда Муз-11 тобының студенттерінің орындауындағы әсем әнді қарсы алыңыздар.

ІІ жүргізуші: Слово придоставляются жюри

І жүргізуші: Осымен біздің лирикалық кешіміз шарықтау шегіне жетті.

Сен жалғыз емессің!

Көкте нұрын шашқан күн,

Жерде жұпар шашқан гүл,

Жүректе жалын атқан өлең,

Өзіңді күні-түні ойлап жүрген МЕН бармын!


ІІ жүргізуші:

Ты не одинок!

Ты солнышко на небе ясное,

Ты цветок, растущий в поле,

Ты песня, родившаяся в душе,

Есть Я, который днем и ночью думает о тебе!

До новых встреч, друзья!


Қылқалам» өлеңдер жинағының тұсаукесер рәсімінің сценариі

«Қылқалам» өлеңдер жинағының тұсаукесер рәсімінің сценариі

М-21 тобының студенті Шуренова Гулим хабарлаусыз М.Мақатаевтың «О, поэзия!» өлеңін оқиды.

М.Мақатаевтың «О, поэзия!» өлеңі.

О, поэзия!

"Поэзия, менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе, неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім.

Сені іздедім кездескен адамдардан,

Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.

Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,

Сені іздедім жоғалған замандардан.

Сені іздедім досымнан, қасымнан да,

Ақша бұлттан іздедім, жасыннан да.

Сен бе дедім ақ нөсер ашылғанда,

Қызыл - жасыл шұғыла шашылганда,

Көкжиек пен көкжиеккосылғанда.

Махаббаттаніздедім, сагыныштан,

Арманымнаніздедімалыпұшқан.

Сәттерімненіздедімжаңылысқан,

Сені іздедім жадырау,жабығыстан,

Сені іздедім зеңбірек гүрсілінен,

Күннен, түннен, гүлдердің бүршігінен.

Қуаныштан, түршігу,күрсінуден,

Сені іздедім жүректің дүрсілінен.

Сені іздедім сезімге у шараптан да,

Минуттардан іздедім, сағаттан да.

Сені іздедім, іздеймин тағат бар ма?

Сені маған егіз ғып жаратқан ба?"

І жүргізуші: Қайырлы күн құрметті оқытушылар, студенттер мен оқырман қауым! «Қылқалам» атты өлеңдер жинағының тұсаукесер рәсіміне қош келдіңіздер!

ІІ жүргізуші: Қостанай педагогикалық колледжінде «Мәнерлеп оқу» үйірмесі 3 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұл үйірме екі бағытта жұмыс істейді. Біріншісі – студенттер өз жандарынан өлең шығарады. Екінші бағыты студенттер ақындар өлеңдерін оқиды.

І жүргізуші: Үйірмеге колледждің көптеген студенттері қатысып, өздерінің шығарған өлеңдерін оқумен қатар поэзия әлеміне шолу жасайды. Сөз өнерін нақышына келтіре оқып, тіл байлықтарын жетілдіріп, мәнерлеп оқу өнеріне ден қояды.

ІІ жүргізуші:

Поэзия дегенің-халық қаны,

Қасіреті, мұрасы, жарық таңы;

Ол-сезімнің оралмас мөлдірлігі

Уақыт шаңын бойына дарытпады.

І жүргізуші:

Поэзия - әйелдей жұмбақ әлем,

Сиқыр сырын түсінер тұлға да кем;

Жаны -тұнған тұңғиық тереңдік те,

қимылы –ырғақ пенен әуен.

ІІ жүргізуші: «Мәнерлеп оқу» үйірмесі аясында үйірме мүшелері көптеген облыстық, қалалық деңгейдегі іс-шаралар мен сайыстарға қатысып өз өнерлерін көрсетіп келеді. Осындай жемісті еңбектерінің арқасында өз жандарынан шығарған өлеңдері енгізілген «Қылқалам» атты өлеңдер жинағы жарық көрді.

І жүргізуші: Бұл жинаққа Қостанай педагогикалық колледжінің лириканы жанындай сүйетін, қара сөзді адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі деп білетін студенттерінің Отан, махаббат, табиғат, мамандық, достық тақырыптарына арналған өлеңдері енгізілген. Үйірме жетекшісі қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Жармұхамбетова Алтынгүл Алдабергенқызы.

ІІ жүргізуші: «Қылқалам» атты өлеңдер жинағына енген жас ақындарымызбен таныс болыңыздар!

І жүргізуші: Үмбетов Темірлан – М-41 тобының студенті, Жетістіктері:Тілдер күніне арналған сайыстың І, ІІ орын, «Мәнерлеп оқу» үйірмесі аясында өткен «Махаббатсыз дүние бос» лирикалық кешінде «Мәнерлілік» номинациясының, поэтикалық байқауының «Серпін» номинациясының, «Қазақстанның болашағы - жастар» сайысының «Үздік спикер» номинациясының, «Жұлдызды сәт» жобасының «Вокал» номинациясының иегері. «Златоуст» сайысының және Қазақ хандығының 550 жылдық сайысының қатысушысы, «Тобыл таңы» бағдарламасының қонағы.

ІІ жүргізуші: Итугулова Гульнура – М-21 тобының студенті, жетістіктері: «Жарқын болашақ» сайысының ІІ орын, «Мәнерлеп оқу» үйірмесі аясында өткен «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» атты сайыстың І орын иегері.

І жүргізуші: Муздакбаева Нурия – М-31 тобының студенті, Жетістіктері:

«Қаламгер сөзі - ақынның өзі» атты сайыстың ІІІ орын, «Мәнерлеп оқу» үйірмесі аясында өткен «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» атты сайыстың ІІІ орын иегері.

ІІ жүргізуші: Конкабаева Аида – М-21 тобының студенті, Жетістіктері:

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты Мұқағали Мақатаев оқуларының І және ІІ орын, Абай оқуларының ІІІ орын иегері.

І жүргізуші: Ысқақова Айдана – Т-41 тобының студенті, Жетістіктері:

«Дарынды жастар» сайысының ІІ орын иегері,«Жас ақын» сайысының қатысушысы

ІІ жүргізуші: Калиева Жанерке –А-33 тобының студенті, Жетістіктері:

«Мәнерлеп оқу» үйірмесі аясында өткен «Махаббат мәңгілік сезім» атты лирикалық кештің І орын иегері, «Студент көктемі» сайысының қатысушысы

І жүргізуші: Сыздыкова Шынар – М-21 тобының студенті, Жетістіктері:«Шабыт» сайысының ІІІ орын, «Мәнерлеп оқу» үйірмесі аясында өткен «Махаббат мәңгілік сезім» атты лирикалық кештің ІІ орын, «Жарқын болашақ» аудандық сайыстың І орын, «Жарқын болашақ» облыстық сайысының ІІІ орын иегері.

ІІ жүргізуші: Кулгужина Қымбат –М-11 тобының студенті. «Жарқын болашақ» сайысының екі мәрте 3 орын иегері.

І жүргізуші: Исқақ Айтмағанбет – М-11 тобының студенті,

Жетістіктері: Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған сайыстың «Қайратты туған ер еді» атты номинациясына қатысушысы.

ІІ жүргізуші:М-31 тобының студенті Нурдуллаева Мақпалдың орындауында ән-шашу!

І жүргізуші:Кезек жас ақындарымызға беріледі.

1. Үмбетов Темірлан

2. Итугулова Гульнура

3. Муздакбаева Нурия

4. Конкабаева Аида

5. Ысқақова Айдана

ІІ жүргізуші:Жас ақындарымызға қоятын сұрақтарыңыз болса сөз өздеріңізде құрметті көрермендер! (сұрақ-жауап)

І жүргізуші:............................Азизаның орындауындағы әнді қабыл алыңыздар!

ІІ жүргізуші: Сөз кезегі бүгінгі кештің иелеріне беріледі.

6. Калиева Жанерке

7. Сыздыкова Шынар

8. Кулгужина Қымбат

9. Ысқақ Айтмағанбет

ІІ жүргізуші:Жас ақындарымызға қоятын сұрақтарыңыз болса сөз өздеріңізде құрметті көрермендер! (сұрақ-жауап)

І жүргізуші: Құттықтау сөз бен «Қылқалам» өлеңдер жинағын тапсыру рәсімі үйірме жетекшісі Алтынгүл Алдабергенқызына беріледі.

1. Үмбетов Темірлан

2. Итугулова Гульнура

3. Муздакбаева Нурия

4. Конкабаева Аида

5. Ысқақова Айдана

6. Калиева Жанерке

7. Сыздыкова Шынар

8. Кулгужина Қымбат

9. Исқақ Айтмағанбет

І жүргізуші: Осы «Қылқалам» атты өлеңдер жинағын Қостанай педагогикалық колледжінің кітапханасына табыс етуге рұқсат етіңіздер.

ІІ жүргізуші: М-31тобының студенттерінің орындауында ән қабыл алыңыздар.

І жүргізуші: Осымен құрметті қонақтар, ұстаздар мен студенттер, «Қылқалам» атты өлеңдер жинағының тұсаукесер рәсімі аяқталды, уақыт тауып қуанышымызға ортақ болғандарыңызға үлкен алғыс айтамыз. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!


Еркін елдің ертеңі

«Мәнерлеп оқу» үйірмесі аясында үйірме мүшелері көптеген облыстық, қалалық деңгейдегі іс-шаралар мен сайыстарға қатысып өз өнерлерін көрсетіп келеді. Осындай жемісті еңбектерінің арқасында өз жандарынан шығарған өлеңдері енгізілген «Қылқалам» атты өлеңдер жинағы жарық көрді.

І жүргізуші: Бұл жинаққа Қостанай педагогикалық колледжінің лириканы жанындай сүйетін, қара сөзді адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі деп білетін студенттерінің Отан, махаббат, табиғат, мамандық, достық тақырыптарына арналған өлеңдері енгізілген. Үйірме жетекшісі қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Жармұхамбетова Алтынгүл Алдабергенқызы.

Еркін елдің ертеңі

Қостанай педагогикалық колледжінде «Мәнерлеп оқу» үйірмесіне жетекшілік еткеніме, міне, 4 жыл да болып қалды. Осы 4 жыл ішінде үйірме барысында студенттермен екі бағытта жұмыс істеп келемін. Бірінші бағыты – өз жандарынан түрлі тақырыптарға өлең шығарып, балалық сезімдерін білдіріп, поэзияға өз үлестерін қосса, екінші бағыты – басқа ақындардың өлеңдерін нақышына келтіре оқып, поэзияның сиқыр сырының тұңғиығының тереңдігін бойларына дарытады. Көркем сөзді нақышына келтіре оқып, тіл байлықтарын жетілдіріп, мәнерлеп оқу өнеріне ден қояды. Үйірмеге қатысушалар мен поэзияға қызығушылықтары арта түскен студенттер саны жылдан-жылға көбейе түсуде. Үйірме мүшелері көптеген облыстық, қалалық деңгейдегі іс-шаралар мен сайыстарға қатысып, өз өнерлерін көрсетіп келеді. Осындай жемісті еңбектерінің қорытындысы былтыр жарық көрген «Қылқалам» атты өлеңдер жинағы болса, Қазақстан Республикасының тәуелсіз алғанына 25 жыл толу қарсаңында Қазақстан, тәуелсіздік және 19 ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ұлылардың бірі, қазақ халқының маңдайына біткен бақыты, қазақ даласында тұңғыш рет білімнің қоңырауын соғып, мектеп ашқан Ыбырай атаның 175 жыл толуына арналған 25 студентіміздің авторлық өлеңдері енгізілген «Еркін елдің ертеңі» атты өлеңдер жинағымыз жарық көруі. Жас ақындарымыздың санының 25–тен болуының да өзіндік символдық мәні бар. Неге десеңіз, 2016 жылы басты құндылығымыз – Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы, сондай-ақ кезінде «Дала қоңырауы» атанған Ыбырай бабамыздың 175 жылдығы елімізде кеңінен аталып өтуде. Жинақтың ерекшелігі оның мазмұнының осынау тарихи маңызды оқиғалармен байланысында. Әрбір өлеңнің өзіндік өрнегі, айтары бар. Атап айтқанда, М-11 тобының студенті Мақатова Қаракөздің «Тәуелсіздік – мақтанышым», «Тәуелсіздік алауы», М-21 тобының студенті Исқақ Айтмағанбеттің «Тәуелсіздік ұраны», «Қайран менің ауылым», «Қостанай» атты өлеңдері мақтауға тұрарлық. Олай болса, адамзатқа өнеге етерлік құндылықтарды әспеттеуге үндейтін аталмыш жинақтың еркін елдің ертеңі үшін өзіндік орны, мән–маңызы бар деп санаймын.

Тәуелсіздік күні қарсаңында дүниеге келген «Еркін елдің ертеңі» атты өлеңдер жинағымыздың тұсаукесері Қостанай педагогикалық колледжінде өтті. Бұл іс-шарада студенттер авторлық өлеңдерін мақтанышпен, сеніммен, аса толқынмен оқып, колледж студенттерімен өз қуаныштарымен бөлісті. Игі ісіміздің жалғасын табарына еш күмінім жоқ дей отыра, Қостанай халқын төл мерекемізбен шын жүректен құттыптап, еліміз аман, халқымыз тыныш болсын деп тілеймін!

Үйірме жетекшісі қазақ тілі және әдебиеті

пәнінің оқытушысы

Жармұхамбетова Алтынгүл Алдабергенқызы


“Көктемгі көңіл-күй!» атты лирикалық кештің сценариі

Сахналау:

Армандастар

Арман қуған, қиял қуған кезің қайда

Құрбы қыздар, мөлдіреген көзің қайда? Сол алғашқы алаулаған сезім қайда? Армандастар – құрдастар

Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік

Бәріміз бір өмір жолын бастап едік

Армандастар қайда? Абзалдостар қайда? Замандастар, қарлығаштар қайда екен?

Бәрің, достар әртарапқа кеттіңдер ме

Әлде биік асулардан өттіңдер ме? Әлде игі армандарға жеттіңдер ме? Қайдасыңдар, құрдастар?

Арман қуған, қиял қуған кезің қайда

Құрбы қыздар, мөлдіреген көзің қайда? Сол алғашқы алаулаған сезім қайда? Армандастар – құрдастар

Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік

Бәріміз бір өмір жолын бастап едік

Армандастар қайда? Абзал достар қайда? Замандастар, қарлығаштар қайда екен?

Бәрің, достар әр тарапқа кеттіңдер ме

Әлде биік асулардан өттіңдер ме? Әлде игі армандарға жеттіңдер ме? Қайдасыңдар, құрдастар?

5 ұл, 5 қыз сахнаға «Армандастар» әнін айтып шығады, жаңбыр жауып, күн күркірейді. Қыздар «жаңбыр, жаңбыр» деп сахнадан шығып кетеді. Сахнада Темирлан мен Анель қалады.

Темирлан

Сезбейсің ғой, Сезбейсің ғой сен мені... Көрмейсің ғой кереметті мендегі. Түсіңсенші сарсаң болған пендені... Түсіңсенші! Ақыл-ойың кем бе еді?! Неге бұлай? Неге жүрмін көңілсіз? Жаным менің жылап жатыр тек үнсіз. Қалам ба деп қайғырмаймын көмусіз,

Кетем бе деп қапаланам өмірсіз. Жасырамын, назым менен өкпемді,

Бүгінімді болашақты өтенді. Неғыламын шуағы жоқ көктемді,

Құрағы жоқ неғыламын көкбелді?! Тұрағы жоқ неғыламын арманды,

Арман қуған ақ көңілім алданды. Ояу жүріп өткізсем де таңдарды,

Артымда тек шұбатылған шаң қалды. Білмейсің ғой сезбейсің ғой сен мені;

Ойымдағыны енді кіммен бөлісем?

Анель

О, махаббат, сен әлітіріме едің? Көзімнен ғайып болған күнім едің! Гүлім едің, Елтіген түнім едің. О, махаббат сен әлі тірі ме едің?! Мен сені ұмытқанмын

Жылытқаның есте жоқ, суытқаның, Суып қаным, Жинағам құрып хәлім. Құлаған отауымның уықтарын,

Содан бері мен сені ұмытқанмын. О, махаббат, сен әлітірі ме едің? Тірі болсаң, мен де енді тірілемін

Ақ періште алдына жүгінемін, Қолдай гөр, ғашықтардың пірі мені!

Қымбат пен Айтмағанбет

Махаббат диалогы.

- Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің? -Сені іздеумен мәңгілік өтер едім -Отқа түсіп өртенсем не етер едің? -Күл боп бірге соңыңнан кетер едім -Бұлдырасам сағымдай не етер едің? -Жел боп қуып ақыры жетер едім -Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?

-Қойшы сәулем бәрін де көтеремін!

Сара

Махаббат бүгін және қарамады,

Қарамады... Жанымды жаралады. Олжас-ау! Білесіңбе? Шын махаббат - Осылай қарамаудан жаралады!

Мейлі, ол қарамасын, түсінбесін,

Осылай асқақ болсын, кішірмесін. Бастан ауып баратқан тал түсіме,

Тағдырым көлеңкесін түсірмесін. Ескермесін, білмесін, Кете берсін.

Бұл фәниден алаңсыз өтекерсін'

Дәрменсіз менің мылқау махаббатым, Сірә да, өміріммен өтелерсің...

Олжас

Ғашықпын! Шын ғашықпын сол адамға, Мен болмасам болмайын сол аман ба? О Тәңірім неткен жан қайырылмайтын, Жүрегі еттен бе әлде қоладан ба, Ғашықпын! Қайтіп оны жасыра аламын, Бір алтын оның әр тал сөзі маған, Сағынайын таусыла сағынайын, Сағынышқа жаралған ғашық адам. Шарықтап қолым жетпес көкте күнге, Ақ қанат құсым менің кеткенің бе, Шар құрып бар ғаламды шыр айналып, Мәңгілік сені іздеумен өткенім бе?

Ақжар, Бахтияр – өлең оқиды

Алина, Данияр – би билейді. (сыр сұлуы). Осылармен қосылып, бәрі айналып билеп шығып кетеді.

“Көктемгі көңіл-күй!» атты лирикалық кештің сценариі

І жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқытушылар мен студенттер! Бүгінгі біздің «Көктемгі көңіл-күй!» атты лирикалық кешімізге қош келдіңіздер!

ІІ жүргізуші: Добрый день, дорогие гости, преподаватели и студенты! Мы рады приветствовать Вас на нашем лирическом вечере «Весенее настроение!»

І жүргізуші:

Өмір саған жылы сөзін арнасын,

Қайғы-мұңға жүректе орын болмасын.

Жанарыңнан күн күлімдеп әрқашан,

Ай мен жұлдыз кеудеңе кеп орнасын.

ІІ жүргізуші:

Пусть жизнь посвятит тебе теплые слова

Пусть не будет места в сердце обидам и горю.

Пусть лицо твое сияет солнечным лучом

Пусть луна и звезды мерцают на груди твоей.

І жүргізуші:

Міне, жадырап Көктем де келді, көктеммен бірге махаббат та келді! Бүгінгі біздің кешімізде поэзияға жаны жақын жандар, атап айтқанда 1 курс студенттері, тыңдарман жүрегінен жол тауып, өз өнерлерін көрсетіп, мәнерлеп оқудан сайысқа түспек.

ІІ жүргізуші: Критерии оценования лирического стихотворения: выбор темы, выразительное чтения наизусть, артистичность, использование музыкального или видео сопровождения. Желаем всем участникам удачи!

І жүргізуші: Осы сайысымыздың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

ІІ жүргізуші: Рогозина Елена Валерьевна - заместитель директора по воспитательной работе

І жүргізуші: Ахат Камар Закарияновна – директордың оқу практика жөніндегі орынбасары

ІІ жүргізуші:Баекенова Сандыбала Айтокеновна - методист по научно-методической работе

І жүргізушісі: Кенжегарина Алмагуль Альмухановна - филология кафедрасының меңгерушісі.

І жүргізуші:

Сіздерге лириканы жанындай сүйетін, махаббатты — адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі деп білетін, өмірде ешқашан өшпейтін махаббат ана мен бала махаббаты деп білетін М-11 тобының студенті Исмаилова Зарема бүгінгі нәзік қыздарымызға, ертеңгі аналарымызға балаға деген махаббатырыңыз сарқылмасын, өмірдің қандай қиындығы болса да өз балаларыңызды тастамаңыздар деген тілек білдіре отырып, «жетім қыздың монологын» оқып береді.

ІІ жүргізуші: Слово предоставляется участникам.

І жүргізуші: Т-11 тобының студенті Каликова Арузат

ІІ жүргізуші: Студентка группы РТК-11 Айтбаева Асем

ІІ жүргізуші: Студентка группы В-12 Николаенко Маргарита

І жүргізуші: А-12 тобының студенті Байтурсунова Асылгүл

ІІ жүргізуші: Студентка группы М-11 Исмаилова Зарема

І жүргізуші: РТК-11 тобының студенті Жумабаева Бибигуль

ІІ жүргізуші: музыкальный подарок студентки группы Т-11 Каликовой Арузат, встречайте!

І жүргізуші: М-11 тобының студенті Макатова Каракуз

ІІ жүргізуші: Студент группы У-11 Григорьева Алина

І жүргізуші: Т-11 тобының студенті Тулепова Айнагуль

ІІ жүргізуші: Студентка группы У-13 Султаншина Виктория

І жүргізуші: ДПМ-11 тобының студенті Абитова Гульнара

ІІ жүргізуші: Т-11 тобының студенті Көшкінбаева Аруна

І жүргізуші: Муз-11 тобының студенті Сабитов Рифаттың орындауындағы әсем әнді қабыл алыңыздыр!

І жүргізуші: Т-11 тобының студенті Уразбекова Гульназ

ІІ жүргізуші: Студентка группы РТК-11 Куанышбаева Акбота

І жүргізуші: В-12 тобының студенті Кусаинова Гульмира

ІІ жүргізуші: У-11 тобының студенті Куртебаева Зарина

І жүргізуші:

Мың жұлдызы болса да, байқамайсың басқаны,

Бір жұлдыздан тұрады, махаббаттың аспаны –

демекші, бүгінгі күннің бір жұлдызын таңдайтын сәт те келіп жетті.

Әділқазылар алқасы өз шешімін шығарғанша Муз-11 тобының Мухтаров Маралдың орындауындағы «Қош дегім келмей» атты әсем әнді қабыл алыңыздар!

І жүргізуші: Сөз әділқазылар алқасына беріледі

ІІ жүргізуші: Слово придоставляется жюри

І жүргізуші: Бізбен бірге болып, «Көктемгі көңіл-күй» атты лирикалық кешіміздің куәгері болғандарыңызға алғыс айтамыз!

До новых встреч, друзья!


Ыбырай мұралары мәңгілік

Қостанай педагогикалық колледжінде 19 ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ұлылардың бірі, қазақ халқының маңдайына біткен бақыты, қазақ даласында тұңғыш рет білімнің қоңырауын соғып, мектеп ашқан Ыбырай атаның 175 жылдық мерейтойына арналған «Ыбырай мұралары мәңгілік!» атты 2 курстар арасында сайыс өтті. А-21, А-22, У-21, У-23, РТК-21орыс топтары Ыбырай ата мұраларынан қаншалықты хабардар екенін анықтау үшін сайысқа түсіп, білім таластырды.

Қазақ халқының дарынды перзенті Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының тарихында ерекше рөлі атқарады. Ол қазақтың тұңғыш педагогы, қазақ даласында бірінші рет мектеп ұйымдастырып, қазақ жастарына білімнің есігін ашты. Ыбырай Алтынсарин өз халқын жан-тәнімен сүйген, халқының мәдени көркейіп өсуі үшін бойындағы бар күш-жігерін аянбай жұмсаған нағыз патриот еді.

Білімге деген құштарлық, халқына қалтқысыз қызмет ету Ыбырай Алтынсариннің негізгі ұстанымы болды. Ол мәдениет пен білімнен артта қалған ел-жұртын көрші елдің өнер-білімін игеруге шақырып қана қоймай, сол игі істі тікелей жүзеге асыруға да өлшеусіз үлес қосты.

Ыбырай Алтынсариннің жұмысы жастарды үштілді игеруге, сауатты және жоғары білікті маман болуға шақыратын елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың үндеуімен үлеседі.

Сайыста студенттер төрт номинация бойынша білім таластырды. Біріншісі - Көркем сөз оқу шебері, бұған ұлы ұстаздың шығарған өлеңдерін нақышына келтіре, мәнерлеп оқу талабы қойылды, екіншісі - Үздік көрініс, сайысқа қатысушылар Ыбырай шығармаларының мағынасын ашып көрсете білулері керек. Бұл сайыста актерлік шеберліктері, көрнекі құралдары, костюмдер, сөйлеу мәнері назарға алынды. Үшіншісі - Барлығы ағартушы туралы, бұл номинацияда ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы бойынша қойылған сұрақтарға толық, нақты жауап берулері арқылы білім сынасты. Әр топқа 5 сұрақтан қойылды.Төртіншісі - Ұлы ұстазға арнау. Бұл сайыста студенттер ұстазға арнап өз жандарынан шығарған өлеңдерін оқыды. Мағыналылығының тереңдігі мен мәнерлілігі бойынша бағаланды.

« «Мұғалім – мектептің жүрегі» деп Ыбырай атамыз айтып кеткендей әрқайсысыңызға мектеп жүрегіндей қызмет етулеріңізді тілейміз»,- деген игі тілекпен сайысөз мәресіне жетті. Сайыста РТК-21 тобы бірінші орынға, А-22 тобы екінші орынға, А-21 тобы үшінші орынға ие болды.

Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы

Жармұхамбетова Алтынгүл Алдабергенқызы

Қостанай педагогикалық колледжі


Бас иемін анама» атты мәнерлеп оқу сайысынан

Cезім мен нұр шуағындай жайнап көктем де келіп жетті. Осынау көркем мезгілдің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны көктеммен бірге, өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі аналарымыздың, апаларымыздың, ару қыздарымыздың мерекесі келсе, жыл басы наурыз мейрамы да осы көктем мезгілінің еншісінде.

Қостанай педагогикалық колледжінде «Мәнерлеп оқу» үйірмесінің жетекшісі Алтынгүл Алдабергенқызының ұйымдастыруымен «Бас иемін анама» атты мәнерлеп оқу сайысы болды. Сайыстың мақсаты студенттердің бойларындағы өнерлерін, ерекше қабілеттерін көрсете отырып, мәнерлеп оқуға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналарды, ұстаздар мен аруларды мерекемен құттықтау және мерекелік көңіл-күй құру болатын. Поэзияға жаны жақын жандар осы кеште тыңдарман жүрегінен жол тауып, өз өнерлерін көрсету арқылы сайысты жандандыра біліп, мақсатымызға жеттік. Сайысқа 1 курстың 13 студенті студенті қатысып, 1 орынға Т-11 тобының студенті Қайрат Дамира, 2 орынға Ак-11 тобының студенті Айсаев Асхат, 3 орынға У-11 тобының студенті Мальцева Яна ие болды. Сайысты 1 курс студенттері Казбеков Ануар мен Закирова Алтын жүргізді, олардың дауыс ырғақтары мен жылы жүздері кәсіби жүргізушілерден кем түскен жоқ. Сайыс үйірме жетекшісі

8 Наурыз қуанышқа бөлесін!

Әкелсінші жаздың жылы елесін!

Барлық халық аман болып елімде

Мерекеге жете берсін келесі!,- деген игі тілекпен мерекеге арналған сайысымызды аяқтадық.

Үйірме жетекшісі Жармұхамбетова Алтынгүл Алдабергенқызы