Кіші жүзге қандай рулар кіреді?
1) Алты ата Әлімұлы – Шекті, Қаракесек, Қарасақал, Төртқара, Кете, Шөмекей.
2) Жетіру – Тама, Табын, Телеу, Жағалбайлы, Рамадан, Кердері, Керейіт.
3) Он екі ата Байұлы – Адай, Алшын, Жаппас, Алаша, Байбақты, Беріш, Масқар, Таз, Есентемір, Ысық, Қызылқұрт, Шеркеш;
Алты ата Әлімұлы Әлімұлы:
Қазақ халқын құрайтын, шежіре бойынша Кіші жүздің құрамына енетін тайпалардың бірі. Әлімұлының алты тармағы болғанына қарай ел ішінде "Алты әлім" деп те атайды. Ақын Ерімбет Көлдейбекұлы шежіресінде Әлімұлының тармағы мынадай: Жаманақ (шекті); Қарамашақ (төртқара); Айнық (қарасақал); Ұланақ (қаракесек); Тегінболат (қарасақал); Тойқожаны (ақ кете). Әлімұлының тармағы алтау болғанымен, енші алып, ұранға шыққаны – төртеу. Олар: Жаманақ; Ұланақ; Қарамашақ; Айнық. Әлімұлы тайпасынан қандай танымал адамдар шықты? Әлімұлы тайпасынан Жалаңтөс баһадүр және Әйтеке би, Есет, Көтібар, Құлбарақ, Жанғожа, Ақтан, Алтай, Арал сынды атақты билер мен батырлар шыққан. Қазақ халқының әрбір руының өз таңбасы болған. Бұл таңбалар сол рудың малын бірден тануға мүмкіндік берген. "Бабалар сөзі" кітабының 83-томында Әлім ата балаларының ру таңбасын алуы туралы мынадай дерек келтірілген: "Әңгіме-хикаят бойынша Әлім балаларының алдына аттарды әкеліп: "Ал өз таңбаларыңды басыңдар!" дейді. Сонда үлкен баласы Жаманақ аттың сауырына айқасқан қос шек (Х) салыпты. Содан "шекті" атаныпты дейді. Бұл таңбаны баласының аттың сауырына салғанын көріп, Әлім ақсақал: "Балам, сауырлы ел боларсың" деген екен.
Жетіру:
Жариялаған "Кіші жүз рулары туралы қызық деректер" мақаласында Жетірудың арғы тегін тарихшылар ежелгі түркі тайпалары бірлестігімен байланыстыратыны жазылған. Жетіру бірлестігінің шығу және қалыптасу тарихын Р.Г. Кузеев былай баяндайды: Жетіру тарихи және этникалық тұрғыдан Дешті Қыпшақ тайпаларымен тығыз байланысты. Қыпшақтардың өзі бұл топты ұзақ уақыт бойы башқұрттарға емес, қазақарға жатқызады. оңтүстік Башқұртстанда ноғай билігі дәуірінде немесе одан да ертеректе жеті башқұрт тайпасының одағы "ете-ырыу" делінгені туралы аңыз кеңінен тараған. Тарихи фольклор бойынша XIV-XV ғасырларда бурзян, усерган, тамьян және тангаур тайпаларын біріктірген тайпалық одақ оңтүстік-шығыс және оңтүстік Башқұртстанда болған, алайда Жетіру деген атауды кейін ғана алған. "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында жарық көрген "Қазақстан тарихының" 11-томында башқұрттардың жетіру руы этникалық тұрғыдан Кіші жүздегі қазақ руы Жетіруға барып жалғасады делінген. "Бабалар сөзінің" 83-томында Жетіру туралы мынадай мәлімет келтірілген: "Жанарыстан бір ұл туыпты Майқы би деген. Сол Майқыдан үш бала туыпты: Садырқожа, Надырқожа, Қыдырқожа. Надырқожа әйел алған бойда көп кешікпей өліп, бала қалмай, әйелі жас қалады. Әйелі тентек болған соң ешкім алмай, қайын ағасы Садырқожа да, қайнысы Қыдырқожа да жоламайды. Күндердің бір күнінде әйел буаз болып, бір ер бала туады. "Некесіз тудың" деп жиіркеніп, бір адам қасына жақындамаған. Сонда әйел ерегісіп, "осы шырағым бойға бітерде жеті еркектің етегі тиіп еді, мұның атын "Жетіру" қоямын деген екен".
Он екі ата Байұлы:
Байұлы – қазақ халқын құраған тайпалардың бірі. Шежіре бойынша кіші жүз құрамына енеді. Байұлы этнонимі Түркі қағанаты кезінен бергі жазба деректерде жиі кездеседі. Байұлы туралы деректер XVIII ғасырдың бірінші жартысынан бастап орыс әкімшілігінің құжаттарынада бар. Байұлы руының пайда болуы туралы мынадай аңыз бар: Байұлы жеті жасар күнінде ел көшіп, көп балалар біреу тайына, біреу атына мінгенде бір бала жыламсырап, қарап тұрып қалды. Мұны көріп, Байұлы қасына барып: — Сен неге атыңа мінбейсің? - деді. Бала қамығып: — Атым жоқ, көшкенде әжеммен түйеге мінуші едім, - деді. Содан Байұлы аттан түсіп, жаяу әкесіне барып: — Мен атқа мінгенде ер-тоқымымен маған бір жорға тай атап едіңіз, сол тайымды біреуге берсем, сіз ұрыспайсыз ба? - деді. Әкесі: — Кімге бересің? - деді. Бала қысылыңқырап тұрып, жаяу жылап тұрған жарлының баласын көрсетті. Бұған әкесі де түсініп, бетінен сүйіп: "Тайыңды кімге берсең де өз еркіңде", - деді. Содан соң Байұлы қуанып, тайды ерттетіп, манағы балаға әкеп беріп, қасына ертіп алды, шауып көп балаға қосылды. Сол уақытта бір ақсақал, жақсы кісі қонақ болып жатыр екен. Байұлының әлгі мырзалығын көріп, разы болып, сыртынан "Ей, Құдайым, бұл балаға ұзақ жас бер, мал мен бас бер!" - деп бата береді. Сол кісінің батасы қабыл болып, ақырында Байұлынан он екі ұл туып, бәрі де асқан бай, руға бас болды. Он екі ата Байұлы деген ру содан болды деседі.
Қоныстану аймағы
Сырдария аймағы , Арал теңізінің жағалауы, Каспий теңізі айналасы, қазіргі Батыс Қазақстан өңірі (Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары) жерлерін мекендейді.
Саны
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Кіші жүз қазақтарының саны шамамен 1 млн. 100 мың адамға жететін. Мұхамеджан Тынышбаевтың 1925 жылы Ташкентте жарық көрген еңбегіне сәйкес алшындар қазақ халқының 2/5 бөлігін құрайтын.
Әлімұлының саны Қазан төңкерісіне дейін 350-400 мың адамды құрайтын. Оның ішінде: шекті - 60-80 мың, шөмекей 150 мыңнан аса, төртқара - 50-60 мың, кете - 50-60 мың, қаракесек - 20-25 мың, қарасақал - 10-15 мың.
Байұлы 500-550 мың, оның ішіндегі адай - 80-150 мың, байбақты - 40 мың, беріш - 45 мың, таз - 20 мың, шеркеш - 45 мың, масқар - 20 мың, тана - 25 мың, қызылқұрт - 40 мың, алтын - 70 мың, жаппас - 50 мың, ысық - 20 мың, есентемір - 20 мың, алаша - 45 мың.
Жетіру 270-300 мың, оның ішіндегі табын - 80 мың, жағалбайлы - 70 мың, керейіт - 30 мыңға дейін, тама - 45 мыңға дейін, телеу - 20 мыңға дейін, кердері - 20 мыңға дейін, рамадан - 5 мыңға дейін.
Хандары
Тәуелсіздік алғанға дейінгі Кіші жүз билеушілері
Тәуке хан (1652-1680)
Әйтеке би (1684-1700)
Қайып хан (1704-1710)
Әбілқайыр хан (1710-1718)
Кіші жүз билеушілері
Әбілқайыр хан (1718-1731)
Ресей патшалығы сайлаған Кіші жүз билеушілері
Әбілқайыр хан (1731-1748)
Нұралы хан (1748-1786)
Жармұхамбед хан (1786-1791)
Ералы хан (1791-1794)
Есім хан III (1796-1797)
Айшуақ хан (1797-1805)
Жантөре хан (1805-1809)
Хандық кеңес (1809-1812)
Шерғазы хан (1812-1824)
Кіші жүздің халық сайлаған билеушілері
Әбілқайыр хан (1731-1748)
Батыр хан II (1748-1771)
Байрамұқ (1785-1790)
Есім хан ІІ (1790-1791)
Әбілғазы хан (1791-1806)
Қаратай хан (1806-1816)
Арынғазы хан (1816-1821)
Кіші жүздің жеке сайланған билеушілері
Барақ хан (1731-1747)
Пиралы хан (1770-1805)
Батырұлы Қайып хан (1786-1791)
Бөлекей хан (1797-1806)
Темір хан (1809-1824)
Қасым хан ІІІ (1809-1824)
Жаңғазы хан (1819-1823)
Кіші жүз Бөкей Орданың билеушілері
Бөкей хан І (1801-1815)
Шығай хан ІІ (1815-1823)
Жәңгір хан ІІ (1823-1845)
Сахыб хан (1845-1847)
Әділ хан (1847-1872)
Бұл таңбалар әр рудың өзінің жеке қатысты тұлғасы болып табылады.
Қорытындылай келе Кіші Жүз қайтса қайтпас намысты бірлікті ру болып келеді .Қазақстан тарихында аса маңызды ру болып саналады .Көбіне Кіші жүзде мықты мықты аса маңызды батырлар болған .Себебі Кіші жүз намысты әрі кекшіл болған деп саналады. Осы рулардың ішінен екі ру ерекшеленеді 1 Адай руы 2 Жаппас руы. Бұл екі ру Батыс пен Оңтүстік аймақтарында таралғаны белгілі .Бұл екі руы кекшіл әрі намысшыл болып келеді .Жаппас руы өте таза қазақ тілінде сөилейді. Ал Адай руы басқа рулардан өзгеше сөилейді.
Оқып болған адам мына телеграм парақшасына өтсеңіз осы үш рудың толық мәліметпен ақпаратын біле аласыз t.me/kazakhrulary астында тұрған парақшаны басыныз