Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады.
Абай Құнанбайұлы
Өмірдерек
Мен, Ерғали Айман Ерғалиқызы, 1979 жылдың 10 қазанында Алматы облысы Қаскелең ауданында (қазіргі Қарасай ауданы) дүниеге келдім.
1986-1997 жылдар аралығында Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданында Ащысай ауылындағы Ш.Уалиханов атындағы орта мектепте оқып, білім алдым.
1998 жылы Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мамандығы бойынша оқуға түстім. 2003 жылы 3 сәуірдегі шешімі бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы деген біліктілігі берілді.
2005 жылдан бастап 2012 жылға дейін М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті жанындағы Көпсалалы колледжінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дәріс бердім.
2013 жылы Тараз мамандырылған колледжінің кадрлар бөлімінің меңгерушісі қызметін жақсы атқарғаным үшін марапатталдым.
2014 жылы" Ә.Кекілбаев прозасында әйелдер бейнесі" гуманитарлық ғылым магистірі академиялық дәрежесін алу үшін дессертиция қорғадым. Ғылыми жетекшім филология ғылымдарының кандитаты, доцент Н.Ә.Әбдір болды.
2014 жылы «Филология» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылым магистірі академиялық дәрежесі берілді.
2014 жылдан бастап Шона Смаханұлы атындағы № 44 ота мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі болып қабылдандым.
Қазіргі таңда мектепте директордың бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары лауазымдамын.